Жеке тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2015 в 06:55, реферат

Краткое описание

1) Сүбъектінін іс-әрекеті — жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы.
2) Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі
3 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері

Прикрепленные файлы: 1 файл

микаға.docx

— 49.37 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1) Сүбъектінін іс-әрекеті — жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы.

2) Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі

 

3 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Субъектінін іс-әрекеті — жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. 
Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек. 
       Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. 
         Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты. 
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады. Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа — ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер — бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады. 
      Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, 
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді. 
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. — жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуыньщ ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. 
     Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген  (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады. 
      Қарым-қатынас — генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген  алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік. 
     Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады. Адамнын белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады. 
      Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. 
Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру — осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі. Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қальштастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері — ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жене алатын күш. 
    Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз. 
   Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланын бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көніл аудартады. Бұл — жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткен ұлы адамдардың өмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған:»… адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы — өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құру». Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуыньщ өзара байланысы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін факторлар төмендегідей болып келер. 
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс). Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды генетикалық бағдарлама» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы. Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «¥лы бастаулар уақыты» деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар жэне баланың өзі қадағалап, реттей алады.

         Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі

        Сонымен қатар өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда.Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр.Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: 
Біз қазақ елі мал баққан елміз, 
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Елімізді жау басынбасын деп 
Ордамыздан құт қашпасын деп, 
Найзаға үкі таққан елміз, 
Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, 
Басымыздан намысты асырмаған елміз, 
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. 
Атаның өсиетін балаға, 
Баланың өнерін атаға 
Айтып, тарата білген елміз. 
Құлақтың құрышын қандырып 
Әділ сөзді халыққа айта білген елміз [1].

     Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы.         

      Жеке адам болу дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати [2].

      Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. 
«Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі — балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру» [3].

      Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық қызмет — әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден тұрады. 
Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты ерекшеліктер болып табылады. Адам дүниедегі ең басты құндылық.

        Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның адамгершіліктік санасын білдіреді.

           Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады.

         Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. 
Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі- мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-келген құбылысқа немесе обьектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек сананың негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық санадан ерекшелігі, ол зат немесе құбылыс не болып табылады деген сұраққа жауап іздейді. Сондықтан құндылықтар адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, тұлғалық қалыптасу-деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады.

        Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі-де мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады. Бұл ұстанымда тұлғалық құндылықтар мен қасиеттерге қарағанда функционалдық тиімділік, пайдалылық алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан шынайы құндылықтар мен жалған құндылықтардың аражігін аша білу, тани білу маңызды болып табылады. 
Шынай құндылықтар деп — адамға игілік әкелетін, оның бойында адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, бақытқа бастайтын, қоғам мен жеке адамның ілгерлей дамуына ықпал ететін құндылықтарды айтамыз. Алдамшы жалған құдылықтар, уақытша жылтырап көрінгенімен, қоғам мен жеке индивидтің дамуына пайдасын тигізбейді. Шынай құндылықтар уақыт өткен сайын жарқырай береді, сан ғасырлар өтседе өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге дейінгі адамзаттың маңдай алды өкілдерінің рухани ізденістері, ой-толғамдары, аңсаған армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. 
Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді.

     Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттері мен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. 
Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі-де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастарға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді.

        Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының мәдениеті тарихында орасан үлкен орын алдған ұлы, ақын ойшыл Абай Құнанбаев. Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелдер жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның шығармаларындағы басты тақырыптарының бірі моральдық мәселелер болып табылады. Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейрімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Абай шығармашылығының негізгі өзегі — адамның адамгершілік, ар-ұяты, ақылдығы болып келеді.

Жеке тұлғалардың қалыптасуында моральдық ілімдерін, олардың теориялық дейгейін айтап қана қоймай, іс жүзінде ұстанатын парыз, әділеттік, мейрімділік, адамдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және басқа моральдық принциптерді танып — білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну-индивидтенбірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті принциптердің бірі. 
Еркіндік адамның немесе жеке ұлттың халықтың өз мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыру. Адамның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады.

      Адамдардың дүниедегі обьективті жағдайда таңдау еркіндігі болғанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктер қатарын неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. К.Маркс «Еркіндік қажеттілігін және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланыстырады», Ф.Энгельс «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше ол адамның жаратысының күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі», Б.Спиноза «Ең бастысы — адамның еркіндігі оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді» деген пікірді айтады [4].

     Адам рухы әрқашан өзінің себебін біліп, жоғарыға көтеріп, адамнан жоғары не бар деген сауалға тоқталуы тиіс. Сонда ғана өзін-өзі жетілдіреді. Адам жападан-жалғыз болмайды, адам қоғамда ғана толық қалыптасады және оның да өзіндік ішкі дауысы бар. 
Рух материалдық әлемге сәйкес келмейтін өзінше ерекшелігі бар әлем болып табылады. Ғаламда рухтың екі түрлі көрінісі болады, біріншісі барлық материалдық нысандардың, құбылыстардың (органикалық, немесе органикалық емес дене болса да) өзіндік табиғи рухы болады, яғни кез-келген материалдық денеден, оның ішінде, тіптен, табиғаттың бір бөлігі ретінде көрініс беретін адам, ағзасынан да белгілі бір табиғи қуаттың күштің әлемге тарап отыратыны белгілі.

Информация о работе Жеке тұлға