Жас ерекшелік психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 18:43, реферат

Краткое описание

Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы.
Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.
Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы. Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1409___.docx

— 17.48 Кб (Скачать документ)

                               Жас ерекшелік психологиясы

Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына  дейінгі дамуы.

Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.  

Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы.                                                                    Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.

Праксиметрикалық әдістер- іс-әрекет процестері мен өнімдерін талдау тәсілі (хронометрия, профессиографиялық сипаттмама,  бұйымдарды және орындалған жұмыстарды бағалау)                                 

Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін, күндері мен оқиғаларын, құжаттарды,  куәліктерді және т.б. талдау.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Өсу – даму процестерін бір мөлшерлі сандық қарастыру.

Жетілу – Эндогенді бағдарламаланған процестер (мидың, жүйке және бұлшық-ет жүйелерінің,  эндокринді бездердің және т.б.жетілуі), яғни туа берілген және іштей басқарылатын өсу импульстарының әсерінен аяқ асты болатын процестер.

Дифференциация – тар мағынада  – бастапқы тұтастан прогрессивті түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі.  Кең мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы мазмұны.

Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.    

Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.

         

 

  Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:

 Жас – бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.

 Жаңа құрылым –берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.

 Жетекші іс-әрекет – бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.

 Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

 Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.

Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері:

1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі):

 а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін);

 ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

 б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін).

2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).

3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);

4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж.);

                                      ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).

5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35

                                                      ә) 35-60 жас.

6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология): а) егде жас (60-75 ж.);

 ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары).

Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс – бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.

 Ұйымдастырушы әдістер:

а) көлденең кесу әдісі;

 ә) тікелей кесу әдісі;

 б) кешендік әдіс.

 Алдыңғы сатылардың соңғы  сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

 Эмпирикалық әдістер: а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

 3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: а) статистикалық; ә) сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.

Адам дамуының міндеттері:

1) Жас ұғымының психологиялық  ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары  мен механизмдерін зерттеу.

2) адам дамуының жалпы және  жеке әдістерімен танысу.

3) Кәсіби, сараптау ойлауды байқағыштықты, зейінділікті дамыту 

 Адам дамуының теориялық  міндеттері:

 Психологиялық дамудың итеруші  күштері мен механизмі;

 Онтогенезде психологиялық  дамудың кезеңдерінің ауысуы;

 Психологиялық процесстердің  заңдылықтары мен мәселелері;

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

↑психология/2359-жас-ерекшелік-психологиясы-пәні,-міндеттері-және-әдістері

↑ Қазақ энциклопедиясы, 2 том;

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы