Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 21:29, доклад
Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын- мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.
Шолақсай орта мектебі
Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі
И.К. Искакова
Қараменді 2014 жыл
Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын- мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.
Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда ақраттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану атты баяндамада қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, презентацияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде тигізетін оңтайлы септігін, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Жаратылыстану ғылымдары пәнін оқытуда
жаңа коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға
білім алу процесінде көмектесу. Оған
жетуге оқыту бағдарламалары, оқытуда
қолдануға арналған электрондық оқулықтар,
тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік
жұмыстар қызмет етеді.
Химия пәнін оқытудағы
ақпараттық технологиялардың педагогикалық
мақсаты:
- қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық
құрылғылар арасындағы байланыс;
- есте сақтауға негізделген оқып білім
алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана
отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін
бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына өту.
Оқу
процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың
белсенділігі мен танымдық ізденісіне
қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық
жұмысымда сабақ интерактивті әдістерді
және профессор Ж.А.Қараев насихаттап
жүрген жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме
енгізіп жүрмін. Бұл технологияның ерекшелігі
– терең білім алу арқылы баланың дамуын
қолдау болып табылады. Саралап-деңгейлеп
оқыту педагогикалық технологиясы мен
оқушының белсенділігін арттыру әдісін
қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше
жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге
болады.
Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім
сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін қалай,
қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ
кезінде оқушылардың өзара және оқушы
мен мұғалімнің арасындағы қатынастың
мейлінше көп болуын оқытудың немесе білім
берудің интерактивті әдісі деп атайды.
Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы
негізгі мақсат:
- әр деңгейлі есептер шығару;
- тақырыптардағы ережелерді
толық түсініп, оны есеп шығарғанда пайдалану;
- өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап,
еске түсіріп отыру.
Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті
тақтаны пайдаланса, оның мүмкіндіктері:
сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған
тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және
тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда,
сабақтан қалып қойған оқушыларға немесе
дұрыс түсінбеген оқушыларға көмек ретінде
көп септігін тигізеді.
Модульдік технологиямен сабақ өткізгенде
бұл жүйені сүйемелдеу үшін:
1. “Презентациялар” технологиясын пайдалану
ыңғайлы. Бұл біріншіден оқушыларға жаңа
материалдарды көрнекті түрде көрсету
құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге
материалды дайындауды және оны қолдану
процесін жеңілдетеді. Сабақтың қызықты
өтуін қамтамасыз етеді, уақытты қысқартады.
2. Үлгерімді тексеру мен оқушының білімін
жетілдіру. Осы мақсатта пайдалану біріншіден
мұғалімнің жұмыс өнімділігін арттырып,оқу
нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт
бөлуге көмектеседі, екіншіден қадағалай
отырып, балалардың алған білімін бағалауды
жүзеге асырады. Тексеру нәтижесінде толық
ақпарат ала отырып, балалардың қатесіне
коррекция жасау үшін басқа қағазға жазылған
қосымша тапсырма бере алады.
3. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады.
Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
«Химия» оқу пәнінің мақсаты-оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, химияның қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, химиядан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.
Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқушылардың ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.
Мектеп қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ.
Осыған орай оқыту технологиялары жаңартылып, педагогика мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасалуда. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Орта білім берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: - жалпы білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.