Өздік жұмыстың анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 09:37, реферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарын үйретуде жүргізілетін өздік жұмыстар және онымен жүргізілетін жұмыс кезеңдері.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ӨЗДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ
1.1 Өздік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың
салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды
өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары 14
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда  баяндалған жайларды қорыта келе деобес жұмыстың мынадай негізгі белгілерін жүйелеуге болады:     

1. Мұғалімнің тапсырма беруі, оны  оқушылардың ұғынуы, зерделуі;    

2. Тапсырманы орындауға бөлінген  уақыт;    

3. Ой және дене еңбегінің тапсырманы  орындауға жұмылдыруы;    

4. Педагогикаға негізделген көмекке  сүйене отырып, істің нәтижелі  болуына орай жасалған қолайлы жағдай;    

5. Терең білім жолындағы оқушы  ізденістері;     

6. Оқушылардың өз білімін дағдысы  және шеберліктерін практика  жүзінде қолдана білуі.     

Жалпы оқушылардың өз бетінше жұмыс  істеуі, оның қабілетінің, іскерлігінің артуы сөз жоқ оны ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлінің жоғары екендігінің дәлелі    

ҚОРЫТЫНДЫ          

 Қорыта келгенде, әр оқушының  психологиялық жас ерекшеліктеріне,  тәжірибелеріне қарай өздігінен  жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың  танымдық мәні зор. Әр түрлі  жұмыстарды орындау барысында оқушының психологиялық жағынан көңіл-күйі де өзгеріп отырады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары көбіне сұрақ- жауап әдісімен орындалатын жұмыстарға бейім, ал жоғарғы сыныптарда оқушылар қызықты оқиғаларды, тарихи оқиғаларды, әлеуметтік жағдайларды спорт пен ғылымдағы жаналықтарды көбірек білуді қалайда. Сондықтанда психологиялық жас ерекшеліктерін, сыныпқа  бейімделуін есепке алу өздігінен жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс түрлерін таңдаудың, белгілеудің басты талаптарының бірі болып қала береді. Мұны әрбір ұстаздың есте ұстағаны абзал.       

Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде  әр бір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын  қалыптастыру, білімдік деңгейін көтеру болып табылады. Математика ғылым мен техниканың тілі болып табылады,  сондықтан оны оқып білу адамның ақыл - ойының  дамуына үлкен әсер етеді. Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі оқушының білім алуына үлкен әсерін жан-жақты тигізеді. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қараған дұрыс. Өйткені ол психологиялық жағдай туғызумен қатар, білімді саналы меңгеруге ықпал етеді. Оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы тек икемділік дағдылары арқылы ғана орындалады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтар дәлелдеп көрсеткен болатын.   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Өзіндік жұмыс түрлерінің  оқушылардың ойлау қабілеттерін  дамытудаға рөлі» //Бастауыш білім  № 5.- 2005.- 22бет.

2. «Математикадан оқушылардың білімін  бақылау»-Г.Жолтаева, Г.Алмабекова //Математика және Физика № 4.- 2005.- 8-10бет

3. «Оқушыларды өзіндік жұмыс  жасауға үйрету жолдары» - З.Мінайдарова  //Математика және Физика.- № 4. 2005.-43-44бет.

4. «Оқушыларды өз бетімен жұмыс  істеуге үйрету жолдары» - А.Р.Тайжанова  //Математика және Физика. – № 3.- 2002.- 53-56бет.

5. «Оқушылардың өздігінше жұмысын  ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі»  - Ә.Мүслімов //Ұлт тағылымы.- № 2.- 2002.- 37-39бет.

6. «Өзіндік жұмыс–оқу іс-әрекетінің  негізгі формасы»-И.А.Зимняя.-«Педагогикалық  психология» - Москва «Логос», Алматы- «TST- company». - 2005.- 276-290бет.

7. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002.- 10бет.

8. «Жекелеп оқытуда оқушылардың  өзіндік жұмысын ұйымдастырудың  маңызы мен әдістемесі» //Ұлт  тағылымы – № 3.- 2005.- 75бет.

9. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп.- №  5.- 2001.- 14-15бет.

10. «Өзіндік жұмыстардың маңызы  зор» //Қазақстан мектебі. - № 3.- 2004.- 18бет.

11. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002. - 10-11бет.

12. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп. - №  8-9.- 1999. - 17-20бет.

 


Информация о работе Өздік жұмыстың анықтамасы