Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 07:54, доклад

Краткое описание

Қазіргі уақытта қоғамның өркендеп дамуына байланысты жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі еліміздің білім ордасында білім алып жүрген жастар арасындағы құқық бұзушылылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқықтық тәрбие беру.doc

— 40.50 Кб (Скачать документ)

 ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ  БЕРУ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ  АЛДЫН АЛУ ӘДІСІ

 

 

Ишматова Галия Токтамуратовна, Ерғали Айман

 

Тараз мамандандырылған колледжі

 

 

Қазіргі уақытта қоғамның өркендеп дамуына байланысты жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі еліміздің білім ордасында білім алып жүрген жастар арасындағы құқық бұзушылылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік  пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке  жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан».  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» - деген еді [1].

Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі  көңіл аударып келеді. Қазақстан  заңдарына терең құрмет сезімін  қалыптастыру, олардың сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. «Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: бірінші, тәжірбие жолы – ең ащы жол; екінші, ұқсау жолы – ең жеңіл жол; үшінші, ойлау жолы – ең таза жол» - дейді қытай мақалында. Колледж шеңберінде құқықтық тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен топ жетекшілерінің колледж тәжірбиесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет . Сондай – ақ әр білімгердің санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Жастар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар:

    • тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды жою;
    • жас буынның тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
    • оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
    • Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.

Тәрбие процесінің мынадай бағыттарына көңіл аудару қажет:

    • үйлесімді жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
    • азаматтық құныдылықтар, әлеуметтік бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;
    • білімгерлерді ғылыми, мәдени және өнер, т.б.  қоғамдық құндалыққа тәрбиелеу;
    • қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу [2].

Құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімінің бірінші кезекте қалыптасуының маңызы зор. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде жастардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту – оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Бүгінде Қазақстан республикасында  демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде білімгер заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет білімгерлерден жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қыймылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үрдісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Коституциясында (12, 27, 28, 29, 30, 36- баптарында), «Қазақстан Республикасындағы бала құқытары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алу және жан – жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады [3]

Жоғарыда аталған заңды  нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап жеткізуде жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру қажет. Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетіне байланысты дегендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар бір азамат. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі белсенді жастар мемлекет еңсесінің  биік тұғырының берік қалануына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында азаматтығы жанында буырқанған бөрі тәңірлі еліміздің рухының мықты екендігінің айғағы емес пе? Меже биік, межеден табылу – абырой. Ендеше, өркенді де өршіл дамып келе жатқан елдің ірге тасын қалау – жастардың мақсаткерлігі мен ынтымақтастығында.

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер:

    1. «Тәрбие құралы» 2006ж
    2. «Оқушыларға  құқықтық тәрбие беру» М. Қойбағаров // Ұлт тағылымы, №1, 2008ж
    3. Адам. Қоғам. Құқық. 9-сынып (оқулық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу әдісі