Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 19:05, реферат
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы
Халықтың табиғатты қорғауға
және экологияға деген дәстүрлерін жинақтау,
оны кеңінен тарату адамдарды табиғатты
сүюгс ғана емес, оны сақтауға, қорғауға
тәрбиелеу — аса маңызды мәселе. Табиғатты
сүю — Отанды, туған елді, жерді сүю деген
сөз, оның барлық табиғатын еселендіріп
көбейту, байлығын тасыту деген сөз.
Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына
қалай қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін,
қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе,
жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана
қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете
білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан
да бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде
көбейе беруінде күмөн жоқ.
Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар
келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған
төрт түлік малсыз адамзат қоғамының шарықтап
өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи
ресурстарды үнемді пайдалану кезек күттірмейтін
мәселе.
Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның
жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек,
кейде керісінше, жас адамның да өзінен
үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы
Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені
үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен
ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский
Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті
болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған
дара тұлға» деп бағалауы да тегін емес.
Шоқан туралы Г.Потанин «біздің жасымыз
одан үлкен болса да, ол білім жағынан
бізге аға сияқты еді, біз оның қасында
жалаңаяқ бала сияқты едік, … ол біздің
жолдастарымызға және маған да білім жағынан
«Европаға қарайтын терезе сияқты еді….
Деген болатын.
Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне,
яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне,
өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық
қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің
тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда,
және олардың біліктілігін арттыруда
халық дөстүрлері айрықша роль атқарады.
Үздіксіз экологиялық білім беруде де
қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен
шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға
белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға
ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын
қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын
ролі орасан зор.
Осы айтылғандардың бәрі казақ
халқының дәстүрлерінің барлық салаларын
педагогикалық, психологиялық, экономикалық
және философиялық тұрғыдан комплексті
түрде зерттеуді қажет ететіні өзінен-өзі
белгілі.
Халық дәстүрлерінің теориялық жағдайын
және практикалық актуальдығын жан-жақты
зерттеу Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университетінің міндеті. Қазақ халқының
дәстүрлері
1 Г.Потанин биографические сведения о
Ч.Валиханове. В. Кн. Ч.Ч.Валиханов. Собранные
сочин. В томт., Алма-Ата, 1985, С.354.
Жеке адамның үйлесімді дамуы
мен қабілеттілігі, әртүрлі кәсіби мамандықтардың
ебдейліктері мен дағдыларының жүйесі,
өнді-рістік шеберлігі туралы теориялық
және практикалық мәселелерді қазіргі
заман талабына сай шешіп береді және
халық шаруа-шылығына үлкен экономикалық
пайда келтіретініне сеніміміз мол.
Демократияны жетілдіру, яғни өндіргіш
күштердің өрге басуы еңбек өнімділігінің
өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту,
қоғамдық белсенділіктің артуы, халықтың
әл-ауқатының жақсаратыны т.б. ұлан-байтақ
міндеттерді жүзеге асыру үшін жастарға
қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік
сияқты іскерлік қасисттерді меңгерудің
ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде
жатқанын әрқашанда еске алып отырған
жөн.
Сондықтан да осы еңбекте халық дәстүрлерінің
жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік
және шеберлік мәселелерін же-тілдіруге
тигізетін пайдасын арнайы қойып, зерттеп,
зерттеулердін нәтижелерін баяндауымыз
осы тараудың (‘Теориялық жағдайы мен
практикалық»), актуалдылығының негізгі
мақсаты болды. Әрбір жастың жан-жақты
үйлесімді дамуы мен өзінің дарындылық
қасиеттерін жетілдіре түсутс қазақ елінің
салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен дәстүрлерінің
педагогикалық, психологиялық, философиялық
және эконоимкалық ғылым саналарының
дамуына қосатын ролі орасан зор.
Осы мақсатқа сәйкес Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде қоғамдық негізде ұйымдастырылған «өмір мектебі» жұмыс істеп келеді. Ол қазіргі кезде өзінің көлемін кеңейтіп, басқа да мектептерде ұйымдастырылып, қарқынды жұмыс істеуде. Ол әр түрлі игіліктердің негізгі орынына айналып отыр.
Әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының
теориялық мәселелерi және тарихы. А; “Бiлiм”
2004.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң
тарихы. А; “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.
А; “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова
Б. “Этнопедагогика” Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ
халқының салт-дәстүрлерi. А; “Рауан”
1995 ж.
6.Жұмабаев.М. “Педагогика” А; “Ана тiлi”
1992 ж.