«Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 08:53, реферат

Краткое описание

Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 32.74 Кб (Скачать документ)

Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайт тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқушы тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдері мен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.

Қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсаты, міндеті, жүзеге асыру әдістерін қамтитын бағдарлама жасаудан басталады. Оқушы өмір суріп отырған ортасының сырын ашу (үйелмен тұратын мөлтек ауданындағы жеткіншектер, жасөспірімдер тобы) және қайта тәрбиелеуде жетекші куш болатын бастауыш  ұжымды (сынып, секция, үйірме), белгілеу керек. А. С. Макаренко көрсеткендей ұжымды және тәрбиеленушілердіқ іс-әрекетін ұйымдастыру шешуші роль атқарады. Іс шаралары белгіленеді, жүзеге асырылады  нәтижелері талқыланады, педагогикалық  ықпалдың онан әрі түрлі белгіленеді.

Жалпы айтқанда, мінез-құлық және жүріс-тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір теріс қылықтар қараусыз   қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты міндет—мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібінің дамуындағы  ауытқулардың  алдын алу.

2. Педагогика тарихындағы  ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының  мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса қүлыктылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді.  Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.

Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).

-"өз істерін ақылмен  және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды  қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының  бағыт-ұстанымынан айныған емес.

Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі кажеттілігіне тоқгалса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп анықтаған.

Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д. Ушинский жазғандай: "Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші "бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, өлемде бақытқа үмтьшмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық" .- деп те түсінеді.

Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгіні мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.

Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция-тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.

 


Информация о работе «Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы