Тәрбие компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Содержание

1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Тәрбие процесінің мәні.
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТӘРБИЕ КОМПОНЕНТТЕРІ.docx

— 26.31 Кб (Скачать документ)

Бала тәрбиесінде отбасының  рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда.

Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді  сипатқа ие болуы тиіс. 
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. 
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.

8.Өзін-өзі тәрбиелеуді  көбіне ұнамсыз жайды сезініп,  сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан,  ұялшақтықтан арылғысы келеді.

Мақсат қою, күш-жігер  жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі  тәрбиелеудің міндетті элементтері. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:

• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын  міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез  орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны  әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін  жұмылдырады. Оқушы белгілі бір  міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде  өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. 
• Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.

• Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын  көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.

• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін  болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.

Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың  өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған  өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: 
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. 
• Турашылдық.

• Ойлы әрекет.

• Шешімділік.

• Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос  уақыт өткізбеу.

• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. 
• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.

• Бітірген ісіңе еш уақытта  мақтанба.

• Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.

Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі  бір биік мақсат өойып, өз бетімен  ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан  әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері  арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде  мақсатына жету үшін табандылықпен  ізденеді

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс. 
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады. 
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.

Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік  ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды  түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына  сай тұлға сапаларын қалыптастыру.

Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық  өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық  тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеуде қайта  ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру  сияқты әдіс-ер қолданылады. 
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі. 
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі. 
 

 

 

Әдебиеттер: 
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000. 
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.

3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова,  Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың  тұлғалық қасиеттерін дамытудық  педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.

4. А.С.Макаренко. Тәрбие  мақсаты. – М 1958.

5. Мектепке дейінгі және  мектеп жасындағы балалардың  тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.


Информация о работе Тәрбие компоненттері