Тіл - мемлекеттілік пен бірліктің негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 10:57, доклад

Краткое описание

Тіл - мемлекеттілік пен бірліктің негізі. Олай дейтініміз тілсіз мемлекет мемлекет емес, сақау мемлекет болып есептеледі емес пе? Иә, біз бақыттымыз..... Себебі біздің өзіміздің ана тіліміз бар, көкіректі жара айғайлап айтар қазақ тіліміз, ғажап үніміз бар. Дүниенің жеті кереметін, алты материгін, мұхиттарын берсе де, айырбастағысыз бай, байтақ тіліміз бар. Көшпенді заманда көшпеген тілім, жетпіс жыл бодандықта өшпеген тілім, қалай мақтасам да жарасар! Тіліміздің күрделілігі мен ою-өрнектілігі сонда тіпті кейбір сөздеріміздің басқа тілде баламасы да жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіл мемлекеттілік пен бірліктің негізі-тезис.docx

— 18.14 Кб (Скачать документ)

Тіл - мемлекеттілік пен бірліктің негізі

Тіл - мемлекеттілік пен бірліктің негізі. Олай дейтініміз  тілсіз мемлекет мемлекет емес, сақау мемлекет болып есептеледі емес пе? Иә,  біз бақыттымыз..... Себебі біздің өзіміздің ана тіліміз бар, көкіректі жара айғайлап айтар қазақ тіліміз, ғажап үніміз  бар.  Дүниенің жеті кереметін, алты материгін, мұхиттарын берсе де, айырбастағысыз бай, байтақ тіліміз бар. Көшпенді заманда көшпеген тілім, жетпіс жыл бодандықта өшпеген тілім, қалай мақтасам да жарасар! Тіліміздің күрделілігі мен ою-өрнектілігі сонда тіпті кейбір сөздеріміздің басқа тілде баламасы да жоқ.

 Біздің батырлар, тұрмыстық  жырларымызды, сөз патшасы- өлеңдерімізді  тыңдап, тіпті қарапайым аңыз әңгімелерімізді оқып көріңізші бойыныңды балқытып, руханм рахат сыйлайды. Ал сол тілдің жемістеріне бойласаңыз, жұмаққа енгендей әсерде боласыз десем асыра сілтегенім емес. Оны тілдің балынан тата білетіндер ғана  түсінері қанық.

Шіркін, осы тілдің әсемдігін  сезіне білмейтіндер де аз емес-ау. Оларға не айтамын? Калай айтамын? «Жалғыздың үні шықпас» десем, жалғыз емеспін, қазақ десе жанын беретін, тамақтары жыртылғанша айқайлап, жыртығын жамап жүргендер қаншама...  Егер тыңдар құлақ аз болса, амал жоқ, барсакелмеске айдап жіберейін десем, қолымда әлі келер құрал жоқ.  «Жоқ! Жоқ!» деп екі қолды қапсыра ұстап отыра беремін бе? Жо-жоқ, жеңілмеймін. Әрбір тамған тер, қазақ тілінің мәртебесі үшін.

Көрген көзге, естіген  құлақта жазық жоқ. Ал ата-әжеге, әке-шешеге не жоқ? Қызын «доча», ұлын «сына» деп әлек болып жүр. Құрбылар, достар, замандастар амандасуға ұяламын... Қазақтың «сәлемі» тұрғанда, орыстың «приветін» тауып алыпсыз. Ал қазақша амандасатын болсаңыз «ауылбайка» деген лақап атты қойып береді, кейде мысқылдап мырс етіп күлетінін айтсаңызшы. Қалай бұрса солай қарай өсетін кішкене балалалардың орысша не басқаша былдырлаған тілдеріне қалай ренжи аламыз. Көш басы қай жаққа бағытталса, көш соңынан ереді. Сол үлкендерге еліктегені шығар.

Айтып, айтпай не керек? Енді осы тіл паразиттерін қалай жоямыз? «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген данылық сөз бар. Сол сөзді басшылыққа ала отырып, жұмыс істегеніміз абзал. Қазақ тілінің құдіретін ана сүтімен, бесік жырымен бала санасына енгізіп, тал бойына таратуымыз керек. Тіпті құрсақтан бастап тәрбиелегеніміз жөн. Әрбір сала, әрбір жалпы білім беретін мекемелер өз міндетін жоғары деңгейде атқарса нұр үстіне нұр болар. Негізі мектепке дейінгі мекемеде тіл білімімен қоса патриоттық тәрбие сабақтаса жүреді. Патриоттық сезімі оянған бүлдіршіннің тіліне деген сүйіспеншілігі, махаббаты және оны меңгеру жолындағы ынтасы жоғары болады. Ал бұл жолда балаға көмекші ата-ана мен тәрбиеші. Сондықтан отбасы мен мектепке дейінгі мекеме тығыз байланыста жұмыс жасауы міндетті. Ол үшін білім беру жүйесі мықты, мақсаты анық болып, мектепке дейінгі мекеме жұмыскерлері, ата-аналар, жалпы қоғамда өз орнын тапқан тұлғалар бірігуі керек. «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» демекші ортақ мақсат бар жерде тірлік те бар.

Жұмыла көтерілген жүк  жеңіл. Әрбір қазақ отбасы бәріміз  сол қазақ тілінің мәртебесі  үшін біріге еңбек етейік.

Қазақ тілім сен болмасаң

Қазақ тілім  сен болмасаң не етер ем?

Жыртшықтардың езуінде кетер ем.

Жүрек жарып  айтарымды айта алмай,

Қиналғаннан мылқау болып өтер ем.

 

Қазақ тілім  қайталанбас қазынам,

Айналайын алтын  әуен сазыңнан.

Одан басқа  арманын барма өзгеше,

Сөйлеп тұрса  сен арқылы өз балаң.

 

Барлық балаң  сөйлемейді бір сенше,

Арасына сөзді  қосты өзгеше.

Біздің қазақ  қалай қазақ болмақшы,

Ана тілі Қазақ тілін білмесе?

 

Өз үмітім биік-биік шыңдарда,

Жетер ме екен сол секілді шыңдарға.

Басы орыс, орта қазақ, соңы орыс,

Арасынан  сөз таппайсын тыңдарға.

 

Мәртебесін  қайтарайық тілімнін,

Күшейткіші  болыңыздар үнімнің.

Тілі үшін күрескерлер бірікті

Көріп тұрмын күліп келеді нұрлы күн.

 


Информация о работе Тіл - мемлекеттілік пен бірліктің негізі