«Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой - өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазына Қожах. курсовой.docx

— 65.08 Кб (Скачать документ)

4.Оқушының жеке тәжірибесіне  негізделген деңгейлеп оқыту  технологиясы тиімді де нәтижелі  болу үшін:

-  Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-  Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;

-  Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс - әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.  

 

Оқушы мен мұғалім іс - әрекетінің жүйесі 

 

Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі - балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.

Бүгінгі педагогика оқушының оқу барысындағы субъект ретінде қабылдайды. Ж.А. Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:

-  Оқушыға сенімділік білдіру;

-  Пәнге қызығушылығын арттыру;

-  Оқушы өз біліміне сенеді, оны әрі дамытады;

-  Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілуі, мақсат етіп көздеген.

Профессор Қараев Ж.А. технологиясының тиімділігі: жаңа тықырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Мысалы: қазақ тілі орыс сыныптарында, 3 сынып, «Асханада» атты лексикалық тақырыбында, «Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты грамматикалық тақырыпты өту барысында, оқушыларға төмендегі сызбаны көрсете отырып, «Осы сөздер нені білдіреді?» деген сұрақ қойып, сабақ үстінде оқушылар оған жауап іздейді.

Кең  - просторный ( - ая)

Жарық – светлый ( - ая)

Дәмді – вкусный ( - ая)

Ақ – белый ( - ая)

Үлкен – большой ( - ая)

Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

І деңгейлік тапсырмалар.

1. Жаң сөздерді есіңе  сақта.

2. Осы сөздерді қатыстырып 2 - 3 сөз тіркестерін құра.

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерге сұрақ  қойындар?

2. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлем құрастыр.

ІІІ деңгейлік тапсырмалар.

1.Тізімдегі сөздерден  ұқсас сөздерді теріп жаз.

Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...

2. Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:

«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер

«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер

Асхана

Үлкен

Не? сұрағына жауап береді

 

Заттың атын білдіреді

 

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға мүмкіндік туады:

-  Оқушы өзі ізденеді, оқиды;

-  Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;

-  Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады;

-  Оқушылар материалды толық игереді;

Оқушыны шығармашылық іс - әрекетке бейімдейтін, ақыл - ой өрісін дамытатын құрал - технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты - оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.

Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының жүйесі:

1.Жаңа тақырыпты проблемалық  әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.

2 Тест немесе диктант /10 - 15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру

3. Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/

4. Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

5. Саралау сабағы, қатемен  жұмыс.

6. Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.

7. Қорытынды бағалау, бағалау  парағы.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:  
1)сабақтың мазмұны,  
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,  
3) сабақтың нәтижелігі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

  1. Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
  2. Алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 
  3. Эвристикалық деңгей -  оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 

4) Шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары. 

  1. сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы

белсендігін оятады. 

  1. Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
  2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа,

ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.

Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың жаңа инновациялық технологиясының тиімділігі

 

Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой - пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады» - деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» - деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.

И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл - ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.

Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,

мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың ерекшеліктері

  • оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
  • оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
  • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
  • оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
  • оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Дамыта оқыту деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды.

Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.

Информация о работе «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі