Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 15:17, доклад
Кембридждік Бағдарлама ұсынатын жеті модульдің ішіндегі маңызды модульдің бірі талантты және дарынды балаларды оқыту. Еліміздің көркеюі үшін оқушылардың таланты мен дарынын ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды мәселе. Мектеп мұғалімдері талантты және дарынды балаларды түрлі сайыс, фестиваль, байқауларға дайындап қатыстырып, түрлі жетістіктерге де жетіп жатады. Бірақ бұл тәсіл ондай оқушыларды дамытудың бір ғана тәсілі екенін мойындауымыз керек. Кембридждік Бағдарлама талантты және дарынды балаларды оқытуда инклюзивтік тәсіл қолдануды ұсынады. Бұл тәсіл осындай балаларды алдымен анықтау, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.
Талантты және дарынды балаларды оқытуда білім беру үрдісін кеңейту мүмкіндіктері.
Зулкашева Ш.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚ БАИ, ДБО-ның ІІІ (базалық деңгей) тренері
«Бұлақ көрсең көзін аш»
(халық даналығы)
Кембридждік Бағдарлама ұсынатын жеті модульдің ішіндегі маңызды модульдің бірі талантты және дарынды балаларды оқыту. Еліміздің көркеюі үшін оқушылардың таланты мен дарынын ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды мәселе. Мектеп мұғалімдері талантты және дарынды балаларды түрлі сайыс, фестиваль, байқауларға дайындап қатыстырып, түрлі жетістіктерге де жетіп жатады. Бірақ бұл тәсіл ондай оқушыларды дамытудың бір ғана тәсілі екенін мойындауымыз керек. Кембридждік Бағдарлама талантты және дарынды балаларды оқытуда инклюзивтік тәсіл қолдануды ұсынады. Бұл тәсіл осындай балаларды алдымен анықтау, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.
Ағылшын зерттеушілерінің бірі
Эйр мұғалімдердің дарынды
Қазіргі ақпараттың кең заманында оқулық мазмұнымен шектелуге болмайтынын да айта кету керек. Оқушыларды ғылым саласына алғашқы қадам жасату мақсатында АКТ мүмкіндігімен сынып ішінде сыныптан тыс жерлерге шығуды ұсынуға болады. Мысалы тарих сабақтарында археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысу, жаратылыстану пәндерінен on-line режимінде ғылыми орталықтардың ғалымдарымен сұхбаттасу, зерттеуге қатысу, түрлі экспедиция мүшелерімен әңгімелесу, гуманитарлық пәндерден әлемге әйгілі ғылыми кітапханалардан ақпарат алу, т.с.с. зияткерлік тапсырмаларды айтуға болады. Сонымен қатар АКТ мүмкіндігімен оқушыларға түрлі сайт материалдарымен танысып, сол бойынша жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап іздеуді ұсынуға болады. Ол балалардың жоғары ойлау тәртібін, салыстыру қабілетін, барлық білетін ақпараттарды жинақтауды және үлгілеуді қажет етеді. Бұл Блум бойынша ойлаудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар АКТ басқа өңірлер мен елдердің, басқа адамдар мен қоршаған ортаның бай тәжірибесімен нақты уақыт тәртібінде танысуға мүмкіндік береді. АКТ пайдалануда бастысы мұғалім интернет материалдарын оқушыларға қауіпсіз пайдалануға, түсінуге, керекті ақпаратты саралауға көмектесе алады.
Кеңейтілген тапсырмалар оқытуды түрлі нысанда ұсыну үшін, оқушылардың өз әлеуеті деңгейінде, сондай-ақ ағымдағы жетістіктері деңгейінде бағалануында түрлі нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Мұғалім ең алдымен сабақ жоспарын құруда белгіленген тақырып бойынша оқушыларына не ұсына алатынын айқындап алуы тиіс, содан кейін қалай ұсынатынын жоспарлап, әдіс таңдауы керек. Талантты және дарынды балаларды оқытуда саралап оқыту әдісін пайдаланған тиімді екенін тәжірибемізде көріп жүрміз. Бұл әдіс оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік береді, мұғалім де оқушы мүмкіндігін нақты айқындай алады. Ал Кембридждік Бағдарлама саралап оқыту мен қатар әр түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқытудың тиімділігін бірнеше зерттеулерді ұсына отырып дәлелдейді. Диалогтық оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларды топта, белгілі бір кеңейтілген тапсырмаларды шешуде бірігіп жұмыстандыруға болады. Зерттеулер талантты және дарынды оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірге жұмыстану барысында білімдерін белгілі бір дәрежеге өрістете алатынын көрсетеді. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойлау қабілетін, коммуникативтік, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай әдістердің бірі ДЖИГСО әдісі. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тәжірибені талқылау және бөлісу мүмкіндігі және осы салада маман болуды, ортаңғы және жоғарғы сынып оқушылары үшін проблеманы зерттеу, оның алуандылығы мен маңыздылығын ойлау мүмкіндігін қарастыруға бағытталған тапсырмалар беруге болады. Курс барысында тыңдаушыларға диалогтық оқытуды жүзеге асыруға көмектесетін, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға болатын бірнеше әдістері талқыланды, солардың бірі «Өкілдер», «Айналмалы бекет», «Тыңдап отырған үштік», «Кеспірқосақ тобы» әдістері т.б.
Дарынды және талантты оқушылардың оқуға белсенділігін артттыру үшін ғылыми пәндері бойынша сыныптағы тапсырмаларға қарағанда, қосымша сабақтар да пайдалы болады. Олар практикалық тәжірибе алуға, пәнге деген оң қарым-қатынас қалыптастыруға ықпалы көбірек екендігі туралы пікірлер жиі кездеседі. Мысалға, 10-сыныптың оқушыларын пән апталығы кезінде жергілікті университетте физика бойынша өтіп жатқан интерактивті семинарға қатыстырса. Оқушылардың «Өзін-өзі танытуға арналған конференция» сияқты конференциялар ұйымдастыруға болады, оқушылар өздерінің зерттеулерін өңірлік және ұлттық деңгейлерде таныстыра отырып, әртүрлі ғылым салаларында еңбек етіп жатқан ғылыми зерттеушілермен кездесуге және танысуға мүмкіндік берер еді.
Жаратылыстану ғылымы пәндерінің күнделікті өмірмен байланысын және өздері оқитын пәндерді практикада қолдануға болатынын түсінуге көмектесу үшін дарынды және талантты балаларға белгілі бір университетте жүріп жатқан тәжірибені өздері жүргізуге мүмкіндік беруге болатыны да Бағдарлама барысында айтылады. Дәл осындай болмағанымен, осыған ұқсас әрекеттерді жасауға болатыны жөнінде мұғалімдер ойлану керек. Шынайы өмірмен байланыс талантты және дарынды балалардың тапсырмаға деген қызығушылығын арттырып, оны шешуге ұмтылысын күшейтер еді.
Талантты және дарынды балаларды оқытуда мұғалімнің назарында болуға тиіс нәрсе ол - бала бойындағы дарын ұшқынын таба білу және оны дер кезінде шыңдау. Дарынды баланың бар қабілетін одан әрі дамытуда баланың өзін терең ойландыратын, шешімі бірнешеу, мақсатқа жету жолы шектелмеген, қиялын дамытуда еркіндік беретін тапсырмалардың маңызы зор. Әр өз пәнін жетік меңгерген, кәсіби құзіретті, баланың болашағына бей-жай қарамайтын саналы ұстаз дарынды және талантты баланың жетілуі үшін үнемі өзі де ізденіс үстінде болуы тиіс. Себебі ол дарынды баланың сұранысын қанағаттандыра білуі керек.
Информация о работе Талантты және дарынды балаларды оқытуда білім беру үрдісін кеңейту мүмкіндіктері