Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:40, доклад
Педагогикалық ізденіс пен әрекеттің бүгінгі қызметінің нәтижесі ертеңгі қоғам сұранысына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындап шығара аламыз ба?-деп өзіме-өзім сауал қоя отырып, осы сауалға жауап іздеуге тырыстым. Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз, педагогика және психология ғалымдарының бұл проблемамен айналысқандарына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері, ғылымда нақты орын алған жоқ, пікір-талас күйінде қалып отыр. Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс.
ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Б.С. Кайыргалиев
№6 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
Педагогикалық ізденіс
пен әрекеттің бүгінгі
Сонымен бірге талантты және дарынды балаларды дамыту, оларды анықтау 4 кезеңді қамтиды:
1-кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.
2-кезең. Әрекет жоспары. Талантты және дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
3-кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.
4-кезең. Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау. Талантты және дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Талантты және дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:
- Санау, сандық және
реттік сандарды дұрыс
- 10-ға дейінгі сандарды
салыстыру, қайсысы көп, аз
екенін ажырата білу, тең емес
заттардың санын теңестіре
- Заттардың пішінін ажырата білу;
- 10 затқа дейін көлеміне
қарай салыстыра және реттік
өсуі, кемуіне қарай орналастыра
білу керек. Осыған орай, бастауыш
сыныптан бастап логикалық
- оқушылар таңдаған
- оқыту барысында өзіндік
жауапкершілікті, яғни бала
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық,
шығармашылық ойлау
- жаңа ой таба білуге ынталандыру;
- алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлермен
жұмыс нәтижелерін, жұмысын
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- талантты және дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- талантты және дарынды оқушылармен жұмысқа нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- талантты және дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- талантты және дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2. Мұғалімінің біліміне қойылатын талаптар:
- пәнін мемлекеттік стандарт
деңгейінен жоғары деңгейде
- қызмет нысанын, яғни
бірыңғай педагогикалық
- оқушы дарындылығының моделін білуі;
- жеке түгел теориясын,
оны қалыптастырудың әдіс-
- таланты және дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- талантты және дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- талантты және дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- талантты және дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға
қажетті зерттеуді жүргізе
- талантты және дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы;
- оқушылармен қарым –қатынасын сауатты орната білуі,
- талантты және дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
- талантты және дарынды оқушының ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;
- дарындылық оқушыны олимпиада
мен сайыстарға дайындауда
- талантты және дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі. Талантты және дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.
1. Бала бойындағы қабілеттіктерді бақылау. Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады. Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі. Әдіс шарттары: 1) байқау ұзақ мерзім жүргізіледі;
2) мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, есеп шығаруда неге мән береді;
3) бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі. Әңгімелесу. Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыру керек.
2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
- Есте сақтауы. Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болу керек. Аралығы жарты секунд. Әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты баллмен қорытындылайды. Көзбен көріп есте сақтау. 16 түрлі сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін оларды алып тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беру керек. Жауапты баллмен қорытындылайды.
- Көзбен шолып анализ-синтез жасау. 4 суреттен береді. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстырмаларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс.
- Сөзден тікелей анализ-синтез жасау. 4-5 санның ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек. - Салыстыру. Бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, бұрыш-транспортир. Екінші, бір сөз айтылады. Мысалы, градусник – ?. Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі.
- Ойлауы. 6-дан кейін қай сан тұру керек? 2 , 4, 6, ...? 6, 7,8. - Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ айтылатын сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын.
- Пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік. Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескертіледі.
3. Дарындылықты дамыту шаралары. Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады. Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін. Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады. Дербестік дегеніміз - оқушының алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолын өз бетінше таба білетін, шешімдерін, кез келген қиындықтарды жеңе отырып баратын жолы. Оқушы дарындылығы айқындаудың 6 баспалдығы бар. Осындай қиындығы мол баспалдақтардан өту үшін, оқушыға біраз жылдар қажет болуымен қатар, олардың алдына үлкен міндет жүктеледі. Ал мұғалімге, ата-анаға сол дарындылық пен дербестікті баулитын жолды қалт жібермей тәрбие берген жөн. Қорыта келген кезде, жалпы талантты және дарынды баланы анықтау және қолдау алдындағы оқытушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
Информация о работе Талантты және дарынды балаларды анықтау және дамыту жолдары