Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2014 в 15:29, творческая работа
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КПСС мүшесі, 1939 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді.Педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталды. 1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды.
Сухомлинский Василий Александрович
Мухамедгали Елнур Х-21
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КПСС мүшесі, 1939 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді.Педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталды. 1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды.
Сухомлинский
коммунистік тәрбие және оның ішінде еңбек
тәрбиесі проблемаларын зеріттеді (оқушылардың
коммунистік сенімділігін қалыптастыру,
еңбекке коммунистік қатынасын коллктивизмге
тәрбиелеу т.б.), бастауыш мектептердің
оқу-тәрбие жұмыстарының методикасымен,
шұғылданды. Сухомлинский –дарынды мұғалім,
талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке
басшылық етудегі және жұмысындағы құнды
тәжірибесі «Павлыш орта мектебі» (1969)
атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге
« Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін
УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді
(1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский
2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені,
К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен
наградталды.
В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
1982 жылы В.Г.Короленко атындағы
Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында
Василий Александровичтің есімін мәңгі
есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта
орнатылды.
1938 жылы институтты бітіргеннен кейін,
В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне
оралады, Онуфриев орта мектебінде украин
тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет
атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады.
1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен
қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады.
Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен
кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан
азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды.
Педагогке
философ сияқты, оның танымдық қағидалары,
педагогикалық сенімдерін қалыптастыру
үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің
көптеген жылдары осыған кетті.
В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері
мен талантының шарықтаған кезінде 1970
жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы
Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз
кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі
рет Ленин орденімен марапатталды. 1957
жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық
ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі,
1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.
1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік
Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР
Педагогикалық ғылымдары академиясының
корреспондент-мүшесіне сайланды.
В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар
мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи
мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің
авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы
біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі
тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің
жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны
қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны
тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын
аяқтады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде
еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен
көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен
тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық
қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті
күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге
жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен
әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға
болады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың
өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен
қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің
“Мектептің жас директорымен әңгіме”
еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық
еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз,
егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар
жалықтыратын, бірсарынды қайталанып
отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз,
әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына
жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің
“Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды
үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің
жұмысының жемісті болуы әрбір баланың
рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін
тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін
анық та және айқын көрсетіп берді.
В.А.Сухомлинский – гуманистік
дәстүрлердің лайықты ізбасары
болып табылады. Павлыш мектебінде
жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық
ұжымның педагогикалық қағидасы болып
табылады. “Он жыл мен, - деп жазды
В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді
жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі
адамдар болып шықты”.
В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау
құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана
жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға
қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына
әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады.
Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар
І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу
үшін келеді.
Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі,
оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы
оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский
төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір
қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде
бір бала екімен жазаланбапты.
Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес,
жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта
да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат
деп түсінді.