Студент (латын тілінен аударғанда
ізденуші,еңбекқор деген мағынаны
білдіреді) – бірнеше елдерде
және орта оқу мекемелерінде
жоғарғы білі алушылар. Ежелгі
Римде және Орта ғасырда кез
келген сауат ашқысы келетін
адамды студент деп атаған.
- Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
- Қазіргі уақытта студенттерді болашақ үлкен өмірге дайындауда, нағыз шынайы өмірге даярлауда саяси әлеуметтендірудің мәні өте зор. Жастар шынайы өмірдің негізгі мәселелерін шешуге бейімделуі қажет және сол жинақтаған тәжірибесі арқылы жақсы өмір сүруге, жетістікке қол жеткізуге, өзіне ұнаған бағытты таңдауға ерікті болады. Сол арқылы өз болашағын жоспарлауға бейім, өмір сүрудің өзіне сәйкес стилін дұрыс таңдауға қабілетті және мінез-құлқын қазіргі заман талабына сай қалыптастыруға әзір болып есептеледі.
- Студеттік шақ бұл физикалық және ақыл ойдың дамитын кезеңі.Осы кезеңде студенттің еңбек етуге мүмкіндігі және динамикалық белсенділігі жоғары болады.Студент мүмкін болатын киын өмірлік жағдайлардан шығу жолдарын іздеуде максималдылық және табандылық таныта білетін және үнемі ізденіс үстінде жүретін мінез қалыптасады.
- Оқу үрдісі тек қана педогогтың міндеті болып саналмайды сонымен қатар студентте өзнінің үлесін қосады.Осыдан студенттің білім алуға құштарлығы және жауаптылығы көрінеді.
- Әрбір студенттің өсуі мен жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін, оқытушы олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген және ерекшеліктеріне сай болуға тиісті, яғни бұл жерде жеке студентке тең құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор. Қайталап айтатын болсақ, жоғары мүддеде үлкен қарқынмен оқыту талабына сай студенттердің өздік жұмыстарына көбірек уақыт беру арқылы оқушының өздігінен ойлау қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыратын деп сөз жүзінде айтып қана қоймай, сонымен қатар, білім беру ісінің сапасын арттыру үшін оқыту үстінде оң қабақ танытып, ұнамды көңіл қоюдың да мәні зор.
- Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Жоғарғы оқу орнындағы білім алудың ерекшілігі
- Кез келген адамға өмірлік тәжірибені игеру білім алумен және әр түрлі дағдыларды дағдыларды ұғынумен келеді.Бұл білім толассыз білім алумен,игерумен және үйренумен келеді.Мұндай іс адамға қоршаған ортамен, әлеуметтік қоғаммен қарым қатынасты орнатуға, сонымен қатар жеке өмірін дамытуға көмек береді.Білім алу өте қиын және аспектісі көп түсінік.
Студент білім алуда
өз алдына мақсат қоя отырып
жанына жақын мамандықты тандайды.
Студентті - білім алудың
субъектісі ретінде қарау бір
сәттік процесс емес.Бұл мұғалім
мен студент қарым қатынасты
қажет ететін жағдай. А.В.Белошицкий
және И.Ф.Бережная осы процесске
қатысты 4 кезеңді анықтаған.
1 кезең – ЖОО – ның қойған талаптарына
бейімделу.Бұл кезеңде студент өзінің
оқу орны қойған жаңа талаптарға үйреніп,
өзінің құқығын және міндеттерін білу
қажет
2кезең – Студент бұл кезеңде қоғамдағы
өз орнын біліп, мамандығын жоғары дәрежеде
игеру қажет.
3 кезең – студент өзінің игерген кәсіби
біліктілігін өз жеке қасиеттерімен
байланыстырып, толықтыру қажет.
4 кезең – Кәсіби біліктілікті игерген
студент алдына қойған,көзделген мақсаттыра
ұмтылу қажет.
- ЖОО-нындағы студеттің білім алуы жеке өмірінің қалыптасуындағы бір ғана кезеңі болып табылады.
- ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005. – 47 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 ж. – 19 наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004. – 20 наурыз.
3. Шешукова Г.В. Роль и место системы образования в политической социализации населения современной России // Credo. – 1998. – № 4. – С. 24-26.
4. Абсаттаров Р.Б., Байлярова Б.К. Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе. – Алма-Ата: КазГУ, 1989. – 32 с.
5. Трошихин В.В. Политическое развитие личности. – Алматы: Наука, 1990. – 158 с.
6. Сужиков М.М. Политическая культура студентов. – Алма-Ата. — 1986.
7. Белоус О.Н., Ахметов К.Г. Формирование политической культуры у студенческой молодежи. – Алма-Ата. — 1987. – 37 с.
8. Мустафин Т.Т. Политическая культура и социально-политические ценности студенческой молодежи // Культура и социальные ценности личности в социалистическом обществе. – Караганда. — 1978.