Ұстаз – ұлағатты есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Августа 2013 в 08:22, статья

Краткое описание

ХХІ ғасыр адамзат баласын ғылым мен техниканың өрлеу кеңістігінің куәсі етіп, өркениетті дамыған елдер қатарына көтерілудің арналары мен мақсаттарын айқындап беріп отыр. Осыған орай егеменді елімізде ғылым-білімнің өркендеуіне сай, әлемдік білім беру кеңістігінен орын алу басты мақсаттарға айналды. Осы ұстанымдарға байланысты Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту» тұжырымдамасында: «Білім саласын реформалау жолында шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары адамгершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс»-деп атап көрсетілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Достижения.doc

— 46.50 Кб (Скачать документ)

Ұстаз – ұлағатты есім

 

ХХІ ғасыр адамзат баласын  ғылым мен техниканың өрлеу кеңістігінің куәсі етіп, өркениетті дамыған елдер  қатарына көтерілудің арналары мен  мақсаттарын айқындап беріп отыр. Осыған орай егеменді елімізде ғылым-білімнің өркендеуіне сай, әлемдік білім беру кеңістігінен орын алу басты мақсаттарға айналды. Осы ұстанымдарға байланысты Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту» тұжырымдамасында: «Білім саласын реформалау жолында шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары адамгершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс»-деп атап көрсетілді. Яғни, бүгінгі қоғам үшін ұлттық құндылықты санасына сіңірген, ұлттық мәдениетімізді меңгерген, білімі мен білігі мол, адамгершіліктің биік тұғырынан көрінетін ұрпақ керек. Осы орайда елімізде білім саласына жасалып жатқан игі істер мен дарынды балаларға ашылған жарқын болашақ мұғалімдер қауымынан туған тілін қадірлейтін, шығармашылық ізденістегі дарынды тұлға тәрбиелеп шығаруды талап етуде. Ол үшін мұғалім оқыту мен  тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құруы, яғни тұлғаны дамутудың қозғаушысы болатындай, өз ісінің хас шебері болуы шарт. Біліктілігімен, адамгершілік құндылықтарымен елге өз ісінің хас шебері ретінде танылып жүрген ұстаздарымыздың бірі - сурет, технология, сызу пәнінің мұғалімі Асаинов Болат Нұржанұлы. Мен жиырма жылға жуық уақыттан бері Болат Нұржанұлымен бірге Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында қызмет етіп келемін. Әрине ұстаз туралы сөз айту, ой толғау әсте қиын әрі жауапкершілікті талап етеді. Білім ордасында бірге қызмет атқарған осы уақыт аралығында ол кісінің кеңдігі мен кішіпейілдігіне, еңбекқорлығы мен адамгершілігіне тәнті болған жайым бар. Болат аға қашанда шәкірттерінің еңбекке деген тынысын ашып, сурет әлеміне баурап, қиялына қиял қосып қанаттандырып жібереді десем артық айтпаймын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…» деген тағылымды сөзді жаны жомарт осы кісіге арнап айтсам артық болмас. Оның қолынан шыққан небір безендендірулер талай рет мектеп абыройын асқақтатуға үлес қосқаны анық.

Ұстаз туралы сәулелі сөз, салиқалы пікір айту үшін алдымен еңбек  жолына соқпай кету әбестік болар  еді. Болат Нұржанұлы  Н. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Осы ұжымда жиырма бес жылдан астам уақыт қызмет атқаруда. Жемісті еңбегінің арқасында өзіне жүктелген міндетті табандылықпен орындап, өз ісінің хас шебері, талантты қызметкер екенін танытты. Өз мамандығының қыр-сырына әбден төселген ұстаздың «Қараторғай ұясы» атты 8«а -сыныпта, «Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты 6-«а» сыныпта берген ашық сабақтары облыстық семинарларда ұсынылды. «Технологиялық карталар» (5-7с), «5-7-сыныптарға арналған ағаштан бұйымдар дайындау және металл өңдеу технологиясының карталары», «Болашақта мектеп оқушыларының машинатану элементтерімен    танысу арқылы ағаш, металл және басқа конструкциялық материалдарын өңдеу жолдарын үйрену» атты облыстық мұғалімдер біліктілігігн арттыру институтының әдіскері бекіткен авторлық бағдарламалары бар. 2008 жыл «Осторожно, огонь!» облыстық конкурсында жас ерекшеліктеріне байланысты 4 оқушы 1 орын алды және «Алғыс хат» берілді. 2009 жыл -  № 1 балалар көркемсурет мектебі-Юнеско клубы «Өнер   өрісінде» 2 оқушы сертификат алса, 2010 жыл - Жас суретшілер конкурсы «Өнер өрісінде» 10 оқушыға   сертификат берілді.  2011 жыл -  VII облыстық жастар Дельфийлік ойындары, 1 окушы II дәрежелі диплом алды. 2011 жыл - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы      мерейтойы аясында білім беру ұйымдарының ұстаздар қауымы арасында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты бейнелеу өнері шығармашылығы конкурсының II дәрежелі дипломның иегері. 2012 жыл - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет IQ (intelligence quotiet) версиясы бойынша «Өнер өрісі» бағдарламасы аясында мектеп аралық сайысының қорытындысы бойынша Құрмет грамотасымен марапаталды, оқушыларға I орын алғандығы жөнінде сертификат берілді, «Үздік дизаинді дөңгелек» номинация бойынша І орын. 2013 жылы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты облыстық сайысында Мадақтама мен сертификат берілді. 2013  жылы IQ (intelligence quotient) Версиясы бойынша «Өнер өрісі» бағдарламасы аясында өткізілген мектепаралық сайыстық дайындық жұмыстарында сіңірген еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия- интернатының мұғалімі Асаинов Б.Н. Құрмет грамотасымен марапатталды. 2013  жылы IQ (intelligence quotient) Версиясы бойынша «Өнер өрісі» бағдарламасы аясында өткізілген мектепаралық іріктеу сайысында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия- интернаты командасы Гран-ПРИ орынды жеңіп алды. Болат Нұржанұлы атқарған ұлағатты еңбегі кімге болса да өнеге. Тағылымы мол ұстаз нәтижелі еңбегі үшін 2011 жылы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Еңбектегі ерен жетістіктері лайықты бағаланды. Оның білім ордамызда, ұжымымызда  шоқтығы биік. Болат Нұржанұлының есімі оқушылар арасында ерекше мақтанышпен аталады. Әріптестерінің ортасында зор беделге ие. Болат ағаның тұлабойы тұнып тұрған өнер. Қолынан шыққан өнер  талайды тамсандырады.

Ұстаздық үлкен жауапкершілікті  талап ететін іс. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, өз ісіне шын  берілген, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын  асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің ұйытқысы деуге әбден болады. Асыл арман мен ерен еңбек адамды биікке жетелейді, көкке кең құлаш жая самғатады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп, білім саласында сүбелі үлес қосып келе жатқан қазақтың осындай  азаматтарының болуы біз үшін үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Біз Болат Нұржанұлын мақтамаймыз, біз Болат Нұржанұлымен мақтанамыз.

 

 

 

 

 


Информация о работе Ұстаз – ұлағатты есім