Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2015 в 20:46, доклад
Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін басқара отырып эмпирикалық социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды толықтыра түседі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Факультет:журналистика
Кафедра:қоғаммен байланыс
Сөж
Тақырыбы: Социологиялық зерттеу стратегиясын әзірлеу.
Орындаған:Ернауанова Диляра
Тексерген:Мамырова К
Алматы ,2015 ж.
Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді
жинау және талдау социологиялық
зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді
әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік
процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын,
олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу
болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін
басқара отырып эмпирикалық социология
процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық
тұрғыдан тануды толықтыра түседі. Социологиялық
зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық
пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық
сақталатын әлеуметтік шындықтың бейнесін
береді. Эмпирикалық талдау теориялық
білімнің бастау көзі және негізі болып
табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен
процестерді теориялық тұрғыдан талдауға
жол ашады.
Социологиялық зерттеу - нақты
теориялық және әлеуметтік проблемаларды
шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде
жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық
және эмпирикалық рәсімер жүйесі.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз-зерттеіп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зертеулер:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді.
- Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методолгиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе, процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы. Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.
Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.
Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды "алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік,т.б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.
Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезінде жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын-ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
2. Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді негізгі үш топқа бөліп қарастыроады.:
· прогноздық социологиялық зерттеулер;
- сипаттамалық социологиялық зерттеулер;
- талдамалық социологиялық зерттеулер.
Прогноздық, барламалық зерттеу өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық саласын тексеруге арналады. Оның қамтитын зерттеу ауқымы шағын болады және жеңілдетілген бағдарлама мен шектеулі зерттеу құралдарына негізделеді. Барламалық зерттеу кезінде болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеу барысында кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.
Сипаттамалық зерттеу-нақтылы социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс туралы және оның құрамдас бөліктері жайында толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу жеткілік ті түрде өңделген бағдарламалар мен әдістемелік тұрғыдан талдап алынған құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Сипаттамалық зерттеу, көбінесе, талдау нысаны әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Бұл жағдайда зерттелінбек сипаттамаларды салыстыруға , ол сипаттамалардың өзара байланыс орнатқанын, не орнатпағандығын айқындауға болады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің міндеті мен бағытына қарай анықталады.
Талдамалық зерттеудің мақсаты – зерттеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттау ғана емес, сонымен бірге оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігене себепші болатын құбылыстарды анықтау. Бұл-социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасалған даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бірін-бірі толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау, бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Мұндай зерттеу кезінде, зерттеу нысандарының жанына қарай бөлінуі өзгеріссіз қалып, зерттелінбек тарихи уақыт пен когорталар өзгеріп отырады. Мәліметтер бірдей әлеуметтік жағдайдағы нысандар зерттеле отырып алынады.
Тарихи және когорталық бағыттың екеуі де адамның жекелеген тұрмыс-тіршілік жолдарына талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін панельдік және лонгитюдтік зерттеулер жүргізіледі.
Панельдік зерттеу жүргізу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы зерттеушінің өз қалауымен белгіленеді. Бірақ бірдей әдістеме қолданылады. Панельдік зерттеу барысында бұрынғы бірлікті қатаң сақтау зерттеліп жатқан нысандардың жекелеген өзгерістері туралы мағлұмат дұрыстығының маңызды шарты болып табылады. Бір панельдік зерттеуден екінші панельдік зерттеуге дейін бұрынғы іріктеудің сақталмауы үлкен кемшілік болып саналады. Бір рет іріктелінген топ уақыт өте келе негізгі зерттеу нысанына қатысты типін жоғалтып, олар туралы берілген мәліметтер құндылығынан айырылады. Сондықтан панельдік зерттеулер жүргізіліп жатқан нысан көлемі мен құрылымына қарай барынша тұрақтылығын сақтап қала алатындай уақыт аралығында жүргізілгені жөн.
Егер қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелген болса, онда бұл түрдегі зертеулер лонгитюдтік деп аталады. Панельдік зерттеулерде тексеру нысаны ретінде әр түрлі жас топтары қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде , тек серпімді дамушы топ ретіндегі жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеулердің қайта тексерудің басқа түрлерімен салыстырғандағы айырмашылығы- түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше топтарын анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін айқындап, олардың даму процесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеу жүргізу ұзақ методологиялық даярлықты және біршама уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл жағдайда зерттеудің біркелкілігі сақталу керек.
Информация о работе Социологиялық зерттеу стратегиясын әзірлеу