Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2015 в 15:29, реферат
Қазақстанның даму стратегиясын анықтау жолында бүкілхалықтық қолдауға ие болған жыл сайынғы Елбасының Жолдауы аса маңызды құжат болып табылады. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатының басты мақсаты» - деп аталған Қазақстан Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына биылғы жолдауы өркендеуіміздің нақты жолын белгілеп, жан-жақты ынтымақтастықпен еңбек етуімізге негіз болып отыр.
Шығармашыл тұлға қалыптастыру – қосымша білім беру саласының басты бағыттарының бірі.
Қазақстанның даму стратегиясын анықтау жолында бүкілхалықтық қолдауға ие болған жыл сайынғы Елбасының Жолдауы аса маңызды құжат болып табылады. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатының басты мақсаты» - деп аталған Қазақстан Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына биылғы жолдауы өркендеуіміздің нақты жолын белгілеп, жан-жақты ынтымақтастықпен еңбек етуімізге негіз болып отыр.
Соңғы онжылдықта оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғанын шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.
Жеке тұлға – өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы қосымша білім беру жүйесіндегі басым бағыттың бірі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында қосымша білім беру азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын тәрбиелеу және оқыту процесі деп көрсетіледі.
Дамыту сипатындағы білім бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады. Мектептен тыс ұйымдарында тұлғааралықяғни балалар мен ересектердің қарым-қатынасы барысында баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады. Яғни, бұдан бала үшін сабақтан тыс уақыттарда өзінің ерікті таңдауы бойынша қосымша білім алу мүмкіндігі туады. Мұнда балалар мен жасөспірімдер өзін үздіксіз жетілдіруге, қосымша білім алуға, кәсіптік бағдарын айқындауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін танып білуге талпынады. Баланың мектепте алған білімдерін дамытуға және тереңдетуге, оның бос уақытын өнімді пайдалануға, оны пікірлес ұжымға кіргізуге, өзінің болашақ кәсіптік бағдарын айқындауға мүмкіндік туғызады.
Қосымша білімнің оқытуды ғана емес сонымен қатар тәрбие беруді, баланың тұлғалық шығармашылық дамуын бірыңғай үрдіске біріктіру мүмкіндігі бар.
Шығармашылық дегеніміз – ол адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адамда дұрыс ой туып, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады. Білім өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады- деген анықтама берілген
Оқушының шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы, оның жеке бастық қасиеттерінің бірі болып табылады. Егер шығармашылық әрбір адамның жеке психологиялық қасиеті болса, онда оның жеке басының психологиялық қасиеттерінің ерекшелігі сол шығармашылығынан көрінеді.
Оқушылардың оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылығын дамыту – өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі педагогикалық және психологиялық әрекет болып табылады.
Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыу қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту – педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі.
Шығармашыл тұлға қалыптастыру – қомысша білім беру жүйесінің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы қосымша білім берудің алдында тұрған негізгі міндеттері:
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылықтарын сабақтан тыс уақытта дамыту шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
Сондықтан оқыту әрекетінде қосымша білім беру педагогы мен оқушы арасында тығыз байланыс болуы керек. Педагог бар күш жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік танытуы оның өзіне деген сенімділігі арқылы ғана баланың шығармашылығын дамытуға болады.