Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 11:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 84 вопроса по дисциплине "Педагогика".

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 177.45 Кб (Скачать документ)

 

14.Мәдениет туралы  түсінік, оның маңызы негізгі  қызметі. Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы. Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сеңдіреді.

 

15.Тұлғаның жалпы  (базалық) және кәсіби мәдениеті. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді.Кәсіби мәдениет-бұл қандай да бір кәсіптік іс-әрекетпен айналысушы адамдардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі.Кәсіби мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік толысуының басты көрсеткіші,қоғамдықөндірістің нақты саласында өзінің мәнді күшін жүзеге асыруға даярлығын анықтаушы жеке тұлғаның білімі,іскерлігі мен дағдыларының,сапаларының кешені болып табылады.

 

16.Педагогикалық  мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын,адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс.Мұғалім мен оқушының танымдық хабарлар алмасуы,өзара түсінісуі,бір-бірін қабылдауы. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын.

 

17.Педагогикалық  рухани адамгершілік мәдениетіРухани -адамгершілік мәдениет- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік мәдениет нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрысОл тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

 

18.Педагогикалық  шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі  жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу  өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін  және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог  – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен өнердің тиісті салаларынан  хабардар, жалпы, әсіресе балалар  психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін  жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.Педагогикалық мәдениет.Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. .Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

 

19.Шетел тілі мұғалімінің оқушыларымен өзара қарым-қатынасында шетел тілін меңгеру  мәдениетаралық қарым-қатынас құралыОрта мектепте шет тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптан басталды.   Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады.

-оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу-cөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу

-шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу

-жазбаша аудара білу                                                                                                           Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылды:

-мәтінді көшіріп жаза білу

-қысқа сөйлеуді жаза білу

 

 

 

20. Педагог және оқушылардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділігі тұлға ретінде баланы  қалыптастыруда шешуші факторҰстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

 

21. Балалық щақ және бала құқығы бүгінгі өмірде

Балалық шақ — адам өмірінің туғаннан бастап жасөспірімдік (13 — 14 жас) кезеңге дейінгі атауы. Педагогикада Балалық шақнегізгі кезеңдерге ажыратылады. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың өзі нәрестелік, бөбектік, сәбилік, естияр-балдырғандық деп бөлінеді. Бұлар балабақшадағы топтарға сәйкес: үш жасқа дейін бөбектік, үш пен бестің арасы сәбилік, бес пен жеті жас арасы естиярлық, бүлдіршіндік болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие процесінің негізгі кезеңдеріне және балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес жеті мен он жеті жастың аралығы мектептік шақ деп аталады. Мұның өзі үш кезеңге бөлінеді:

  • а) бастауыш сынып оқушылары (1—4-сынып);
  • ә) ортаңғы (негізгі) сынып оқушылары (5—9-сынып);
  • б) жоғары сынып оқушылары (9—11-сынып).

Бір жас тобындағы балалардың мінез-құлқында елеулі айырмашылықтар болады, сондықтан жас психологиясының сипаттамасы шамамен ғана белгіленеді. Баланың жан дүниесі бір қалыпты дамымайды, ол кейде баяу, кейде секірмелі түрде өтеді. Балалық шақтағы психология даму процесі баланың отбасымен, өскен ортасымен тығыз байланысты; қазіргі Бала психологиясы.

Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.  
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тəрбие мақсаттары , принциптері жəне мазмұны БҰҰ білім, ғылым жəне мəдениет бойынша Бас конференциясының «Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік жəне бейбітшілік рухындағы тəрбие жəне адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу рухындағы тəрбие жөніндегі» ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.) жарияланды. 

 

22. Бала құқығы  жөнінде Декларация  және Конвенция  жалпы адамзаттық құндылық

Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат – бұл Бала құқықтары  жөніндегі Конвенция. Қазақстан  Республикасында бұл Конвенция  ресми түрде бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету, даму, қорғану жəне қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың жалпы адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік – инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу жəне əлпештеу, оның ой-пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау жəне осылардың бəрін ізгілік тəрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.

Бала құқықтары  жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы жəне оны іске асыру  əрекеттерінің Жоспарын орындау  мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған «Бөбек» қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.

Бала құқықтары  жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні – білім жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.

 

23. Балалардың  құқығын қамтамасыз ететін негізгі  талаптар : өмір сүруін,дамуын және қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету

Балалар құқықтары  туралы халықаралық конвенциядан.

Мемлекет әрбір баланың  аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен  тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене  құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт  түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Әрбір Қазақстан  оқушыларының  міндеттері:

1.Әрбір оқушы ҚР-ның  Конституциясы мен заңдарын сақтауға,

2. Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін  сақтауға,

3. Табиғатты қорғауға,

  1. Тарихи мәдени мұраларды

сақтауға міндетті.

 

24. Қазақстан Республикасындағы  баланың құқығы жайындағы заңдылықтар

Осы Заң балаларды қоғамдағы  толымды өмiрге даярлау, олардың  қоғамдық мәнi бар және

шығармашылық белсендiлiгiн  дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы  адамзатқа тән құндылықтары

негiзiнде оларды жоғары имандылық  қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа  тәрбиелеу, олардың

бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына  сүйенiп, баланың Қазақстан

Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары  мен заңды мүдделерiн iске

асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Заңның қолданылуы

1. Осы Заңның күші Қазақстан  Республикасының азаматтарына қолданылады.  Қазақстан

Республикасының азаматы  болып табылмайтын бала, егер Қазақстан  Республикасының Конституциясында,

Қазақстан Республикасының  заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық

шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген  құқықтар мен бостандықтарды

пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді  атқарады.

2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке

толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін

толық көлемінде алған  балаларға қолданылады.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"