Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2015 в 11:49, реферат

Краткое описание

Оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тренинг.docx

— 25.65 Кб (Скачать документ)

Сергіту сәтінде   оқушылардың көңіл-күйін дамытуға  арналған психологиялық  
жаттығулар

1.                «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

3. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын  зерттеу 

         Мақсаты:  оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.        

 Адамның адамгершілігі  сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына  қарап оның шын адамгершілік  екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар  жағында әртүрлі адамгершілікті  емес түрткілер мен сезім жатуы  мүмкін. Руханилық сыртқы көзден  жасырын тұрады. Руханилық – ізгі  ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың  саналы және санадан тыс әрекетттерден  көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның  негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың  негізінде адамның мінез-құлқы  қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік  бақылау мен бағалау жүзеге  асырылады. 

        Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет-ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:

Құндылықтар

Пайыздық көрсеткіштері

Денсаулық

55%

Нәтижелі өмір

20%

Белсенді іс-әрекетке толы өмір

15%

Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы

5%

Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс

5%


 

 Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.

Психологиялық ойындар

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП

«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

 

 

 

 

 

Психологиялық тренингтер

«Есімдер» жатығуы     

 Мақсаты: тренинг  қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.    

 Уақыты: 5 мин   

 Нұсқау: Қатысушылар  өз есімдерін айтады және өзін  бейнелейтін 3 сын есім айтады.    

Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?

(Тақтадағы  баспалдаққа қазіргі сендердің  көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде  екенін белгілеңіздер.)     

 Кіріспе сөз    

 «Сәлеметсіз  бе! Біз барлығымыз осы өмірде  жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің  түсініктеріңіз бойынша жетістік  дегеніміз не және оған қалай  жетуге болады екен? (қатысушылардың  пікірлері), осы сұраққа жауап  беру үшін мен сендерге барлық  бөгеттерден өтіп «Жетістік»  мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының  бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді  жабуды сұраймын, менің белгім  бойынша, біз бәріміз «Жетістік»  деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы  қаланың тұрғындарымыз.   

 Әрбір күн  – таңертеңнен басталады. Біз  ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен  келесіні ұсынамын – мен сендерге  көрсетемін, – ашл сендер менің  артымнан қайталайсыңдар «көбелек»  жаттығуы».                                 

                      Таңертең көбелек оянды, тартылды,                                             

             Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Алғы сөз  
Бүгінгі таңда елімізде қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жағдаяттарын, экономикасын дамытуға бағытталған елеулі іс-шаралар атқарылуда. Мемлекеттік тұрғыда қолға алынып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, әр алуан рухани-мәденибағдарламалар сол сөзіміздің жарқын дәлелі болса керек.  
Еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарында оқу жүйесінің жаңаша өзгеруі, оқу үрдісінің неғұрлым жүйелі түрде жүргізілуі сөзіміздің дәлелі болса керек. Өзгерістердің негізгі мақсаты жаңа заман талап етіп отырған өскелең өмірдің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  
Осынау түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар жүргізілуде. Осындай жаңалықтар жаршысындай, қазіргі таңда барлық пәндер бойынша қазақ тілінде оқу құралдары мен оқулықтар жазылуда. Бұл жаңарған заман талабы. Мәселен, «Психология» саласы бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары жоққа тән. Бұл оқулық – сол олқылықтардың орнын толтыруға деген талпыныстардың бастамасы. Бұндай ғылыми-тәжірибелік бағыттағы еңбектердің ана тілімізде жазылуы қуанарлық та, құптарлық жай, жаңарған қоғамның жаңғыруынан туындаған қажеттілік.  
Еңбекте негізінен психологиялық тренинг туралы, оның түсінігі, тарихы, міндеттері, ұстанымдары, мақсат-мұраттары, негіздері, нәтижелері жөнінде салиқалы ой-пікірлер сарапқа салынып, зерттеу объектісіне айналған. Сондай-ақ, еңбекте жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін көтеруге, шаршамауды басуға, адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар берілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг  
 
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.  
Жоспары:  
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.  
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.  
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.  
4. «Поезд» жаттығуы.  
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.  
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.  
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.  
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.  
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.  
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.  
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.  
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.  
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.  
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.  
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.  
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.  
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.  
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.  
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.  
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.  
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.  
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.  
4.«Поезд» жаттығуы.  
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.   
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.  
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).  
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.  
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.  
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.   
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.  
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.  
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .  
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .  
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .  
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .  
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .  
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .  
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .  
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .  
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .  
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .  
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .  
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .  
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .  
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .  
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .  
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .  
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.  
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.  
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.  
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.   
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!  
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?  
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.  
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!


Информация о работе Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар