Сандық технологияларды қолдану негізінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 10:33, лекция

Краткое описание

Smart оқытудың негізгі даму тенденцияларымен таныстыра отырып, мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсету.
1. Smart оқытудың басты бағыттары.
2. Сандық оқулықтардың тиімділігі.
3. Сандық оқулықтарды әзірлеудегі мұғалім құзыреті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cандық технологияларды қолдану 1.docx

— 25.79 Кб (Скачать документ)

Сандық технологияларды қолдану негізінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру

 

Шабажанова Салтанат Қалиасқарқызы –

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

 

Мақсаты: Smart оқытудың негізгі даму тенденцияларымен таныстыра отырып, мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсету.

Сағат саны: 2

Жоспары:

1. Smart оқытудың басты бағыттары.

2. Сандық оқулықтардың  тиімділігі.

3. Сандық оқулықтарды  әзірлеудегі мұғалім құзыреті.

 

Smart оқыту кезінде білім беру жүйесі толығымен өзгереді. Smart оқыту дегеніміз білім беру үдерісінде келесі өзгерістерге алып келеді.

    • Негізгі қажеттіліктерді ғана өтеуге ғана бағытталған оқытудан – жекелеген оқуға көшу
    • Шаблондық оқытудан – мүмкін болатын білімнің барлығын меңгеру
    • Мәжбүрлі оқытудан – сыни ойлауға бағытталған оқытуға көшу.

Smart оқытуды дамыту бағыттары:

Білім саласын реформалау

    • оқулықтарды әзірлеу;
    • онлайн сабақтар мен бағалауды жүргізуді белсендіру;
    • Smart контенттерді пайдалану жүйесін құру.

Мұғалім рөлі

    • мұғалім рөлін күшейту

         Мектеп инфроқұрылымын жақсарту

    • Smart оқытуға арналған аудиторияларды құру

Smart оқытудың негізі – сандық технологиялар. Сандық технологияларды дамыту «ақылды» оқыту мүмкіндіктерін кеңінен аша түседі. 

Сандық оқулықтарды кеңінен құрастыру мен пайдалану сапалы контент жасауға тікелей байланысты.

Сапалы контент сандық оқулықтарда қосымшалар арқылы беріледі. Мұғалімнің басты міндеті - сол контенттердің мазмұнын құрастыру. Мұндай контенттерді құрастыру үшін 6 айдай уақыт керек. Контент дегеніміз не? Ол – білімнің мазмұны. Контенттерді көрсету 25 минутқа ғана созылатындықтан, ол мұғалімнен тақырыпты максималды түрде нақты дәл бере білуді талап етеді. Мұғалім контенттер негізінде сандық оқулықтарды құрастыруға мүмкіндік алады. Бірақ мұғалім техникалық жұмыстарды жүзеге асырмайды. Техникалық жұмыстарды - мәтіннің графикалық берілуі, дизайны, т.б. оны техникалық маман жүзеге асырады.

Сандық оқулықтарды әзірлемес бұрын электронды оқулықтарды құрастыру жолдарын қарастырып көрейік. Электронды оқулықтарды құрастырудың өзіндік жүйесі бар.

1. Ақпарат көздерін таңдау.

2. Бөлімдерді әзірлеу  және түсініктерді анықтау.

3. Бөлімдер бойынша модуль мәтіндерін өңдеу.

4. Электронды нұсқадағы  гипермәтінді жүзеге асыру.

5. Компьютерлік қолдау  көрсету.

6.Мультимедиямен көрсететін  материалдарды іріктеу.

7. Дыбыстық сүйемелдеуді әзірлеу.

8. Дыбыстық сүйемелдеуді  жүзеге асыру.

9. Визуализацияға арналған  материалдарды дайындау.

 

Тиімді сандық құралдарды ұсыну

 

 

Бар құралдар

Сандық құралдар

Түрі

Суреттері мен мәтіндері бар жазық экранды оқулықтар

Видеосы бар мультимедиялық құралдар

Оқулықтардың жаңаруы

Қағазда жазылған мәтінді түзету қиындығы

Ақпараттарды жаңарту, түзету мүмкіндігі

Материалдарды жинақтау

Ақпараттарды басқа көздерден іздеу мүмкіндігінің төмендігі

Ақпараттарды алу көздерінің молдығы

Мәліметтерді жіберу

Қағазға басып шығару

Планшеттерде немесе компьютерлерде сақтау

Оқыту әдісі

Барлық оқушыларға білімді берудің көпқырлылығы

Байланыстың оқытушы мен оқушы арасына бағытталуы

Сабақтардың тиімділігі

Сыныптардағы сабақтар

Өзін-өзі бағыттап оқыту


 

 Сандық оқулықтарда мультимедия  қолданылады. Ал мультимедия электронды  оқытуда қолданылады. Оның ерекшелігі:

1. Мәтін

2. Аудио

3. Графика

4. Сурет

5. Анимация

6. Видео 

 

Smart оқытудың маңызды түрі – әлеуметтік желілер арқылы оқу. Шет мемлекеттерде әлеуметтік желілер арқылы білім алу кең таралған. Қазір сандық оқулықтар ғана емес, сандық орта құру үрдісі белең ала бастады. Сандық орта дегеніміз – технологиялардың интеграциясы. Smart оқытудың негізі идеясы – аз шығынмен көп кіріс кіргізу.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Мұғалімнің АКТ құзыреттілігін  дамыту үшін Сіз қандай әрекет  жасайсыз?

2. Сандық оқулықтарды қолданудағы мұғалімнің мүмкіндігін бағалаңыз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.https://www.youtube.com/watch?v=HiLE7NJIGuk

2. Компетенции и компетентность учителя http://edu-lider.ru/kompetencii-i-kompetentnost-uchitelya/

3. Новые компетенции в работе с электронными учебниками https://edugalaxy.intel.ru/?automodule=blog&blogid=13&showentry=5816

 

 

 

 


Информация о работе Сандық технологияларды қолдану негізінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру