Салыстырмалы педагогика – педагогика ғылымының дербес саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 22:16, реферат

Краткое описание

Салыстырмалы педагогика білім берудің басымдықтарын жақсырақ танып- білуге, олардың дамуын бағыттауға және болжамдауға мүмкіндік береді. Ол білім берудің заманауи проблемаларын біртұтас көре білуді қамтамасыз етеді, және оларды шешу мүмкіндіктерін көрсетеді. Білім беру жүйелерін талдау білім беруді ұйымдастыруға әсер ететін әр түрлі факторлар серпінін түсінугі ғана емес, өз еліндегі білім беру жүйесіне сынй көзөарасты қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Содержание

Ненізгі бөлім:
1.1.Салыстырмалы педагогика пәні, міндеттері мен функциялары.
1.2. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің әдістері.
1.3.Салыстырмалы педагогиканың даму кезеңдері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 22.47 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Пәні: Салыстымалы  педагогика

Тақырыбы:Салыстырмалы  педагогика – педагогика  ғылымының  дербес  саласы.

 

 

 

 

 

 

                                                     Тобы: МД-13-5

                                                               Орындаған:Калиева Ж

                                                                       Тексерген: Толеугалиева Б

 

 

 

 

 

Актау 2015ж

Жоспар

Ненізгі бөлім:

1.1.Салыстырмалы педагогика  пәні, міндеттері мен функциялары.

1.2. Салыстырмалы-педагогикалық  зерттеудің әдіснамасы. Салыстырмалы  педагогикалық зерттеудің әдістері.

1.3.Салыстырмалы педагогиканың  даму кезеңдері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Кіріспе. 

Салыстырмалы педагогика білім берудің басымдықтарын жақсырақ танып- білуге, олардың  дамуын бағыттауға және болжамдауға  мүмкіндік береді. Ол білім берудің заманауи проблемаларын біртұтас көре білуді қамтамасыз  етеді, және оларды шешу мүмкіндіктерін көрсетеді. Білім беру жүйелерін  талдау  білім беруді ұйымдастыруға әсер ететін әр түрлі факторлар серпінін  түсінугі ғана емес, өз еліндегі білім беру жүйесіне  сынй көзөарасты қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

1.1.Салыстырмалы педагогика  пәні, міндеттері мен функциялары. Салыстырмалы педагогика,  басқаша  компоративистика ( лат. кomparativus – салыстырмалы) деп аталатын  педагогика- халықаралық педагогикалық тәжірибені,  сондай ақ ондағы  барлық  оңды нерселерді  пайдаланудың  мүмкіндіктері мен  жолдарын  зерделеумен  айналысатын  заманауи  педагогика  салаларының  бірі.

      Педагогикадағы  салыстыру  тәсілі  оның  өзіндік  ғылыми  рефлекциясындағы  маңызды  бағыты,  жетістіктердік  дүниежүзілік  деңгейі  бойынша  сынй бағадауы  ретінде  әрекет  етеді.

        «Салыстырмалы  педагогика»   терминін  ғылыми  айналысқа  бірінші  болып  француз  ғалымы  М.А.  Жюльен  өзінің  «Салыстырмалы педагогика  жөнніндегі  жұмыстың  нобайларыжәне алдын  ала ескертпелер»  кітапшасы  арқылы енгізді.   Кітапшада  Франция  мен  Швейцариядаңғы   мектептік-педагогикалық  тәжірибеге  талдау  жасалынды.

     Марк  Антуан  Жюльен  «салыстырмалы  педагогика»   термині  ретінде:

  • Оқыту мен  тәрбиелеу  тәсәлдерін  салыстыра  отырып зерделеумен  айналысатын  мекемелердің  іс-тәжірибелік қызметін;
  • Әр түрлі  елдердегі  педагогикалық  әс-тәжірибені  салыстыра  отырып  зерттеудің  нәтижесі- педагогикалық  теорияны  түсінді.

Ғылыми  әдебиетте  синонимдік  ұғымдар  ретінде  басқа да терминдер  кездеседі.  Ғылым  ретінде  салыстырмалы  педагогиканы  анықтау  үшін  оның  пәндік  саласының  шекараларын  белгілеу  маңызды.   Бұл  салыстырмалы  педагогика  сияқты  жас  ғылым  үшін  ерекше  маңызды,  өйткені  оның  заманауи  ғылыми  жүйесіндегі  орны  жеткілікті   айқын  белгіленбеген.    Салыстырмалы  педагогиканың   нысаны  мен  пәнін  ой   елегінен  өткізу  қажет.

    Көптеген  ғалымдардың  еңбектерін   ғылым  ретінде  салыстырмалы   педагогиканығ  міндеттерін  айқындаудың  міндеттерін  орындайды:

    • Түсіндірушілік
    • Болжамдаушылық
    • Қандайда  бір  елдің   бастапқы  жағдайлары  мен ұлттық  ерекшеліктерін  талдаушылық;
    • Білім  беру  саясатын  анықтау  мен  жоспарлау  сынау;

В. Хернер  салыстырмалы  педагогиканың  міндеттерін:

    • Идеографиялық  (ерекшені  іздестіру)
    • Мелиористік (үздік  модельдерді  іздестіру
    • Эвалюциялық(даму  үдерістерін  іздестіріу)
    • Эксперименттік( әмбебаптылықты іздестіру)  деп  есептейді.

 

1.2. Салыстырмалы-педагогикалық  зерттеудің әдіснамасы. Салыстырмалы  педагогикалық зерттеудің әдістері.

Социалистік  кезеңнің  сабақтары  шетелдік  педагогикалық  тәжірибені   зерттеушілерге   саяси   бейімделудің  күшті  ықпалына,  үстемдік  етуші   мемлекеттік  идеологиялық   қондырғыларға   бейімдеу  мүмкіндігіне,  ғылымилық   ұмтылуына   дәлел  бола  алады.  Педагогиканың  шетелдік  тәжірибесі   маңыздылығының қарама-қайшылығын  және  оны  біздің  жағдайлар  үшін  бағалаудың   күрделілігің  түсіну  де  маңызды  сабақ  болды.   Ол  біздікін  салыстырудағы  оны  бағалаулардағы  субьективизімнен  арылуды  талап  етеді.

   Педагогикалық  зерттеудің  негізгі   әдіснамалық  ұстанымдарын  және   салыстырмалы   педагогиканың  жеке   ұстанымдарын  қатаң  қадағалау  қажет:

  • обьективтілік;
  • кешенділік
  • нақты тарихи  тәсіл
  • педагогикалық  жүйелілік
  • шетелдік   педагогикалық  тәжірибенің  қарама қайшылығы.

Обьективтілік  ұстанымы.  Ол  бүкіл  салыстыру  - педагогикалық  жұмыста   барлық   сенімдерден,  қоғамдық  үлгілерден,   шектен  шығушылардан,  асыра  сілтеушіліктен,  ұнату  қнатпаулардан   азат   бола  отырып,   ақиқатты,   шындықты  және  тек  қана  соларды  іздестіруге   ұмтылуды  міндеттейді.

   Шетелдік  тәжірибедегі  қандайда  бір  жетістіктің   жаңалығы  мен  бірегейлігі   емес,  ол  әкелетін  нәтиже,  қорытынды,  оның  қоғам  өміріне   қажеттіліктеріне  сәйкес  келуі  назар  аударуға  тұрады.

  Кешенділік  ұстанымы.  Әрбір  елдегі  педагогикалық  жұмыс  ерекшеліктерінің  әлеуметтік  саяси,  құқықтық,  экономикалық,   мәдени,  ұлттық  этникалық,   психологиялық,  әлеуметтік  педагогикалық  және  қоғам  мен  оның   азаматтарының   басқа да ерекшеліктеріне    обьективтік  тәуелділікті   бейнелейді.    Тәжірибені  оған  этникалық  таңбасын  қалдыратын    бұл  бүкіл  кешеннен   бөліп  алып   оқшаулап  бағалау  мүмкін  емес.   Бұл  қоғам  мен  мәдениет  кешенінде  жақсы  болатын  нәрсе   басқаларына  жаман  болуы  мүмкін,   сондықтанда  әдетте   бір  елдің  тәжірибесін  басқа  елге     қандайда  бір  өзгерістерсіз  көшіру  сыпайылық  емес  және  тіпті  зияндыда.

Нақты тарихи  тәсіл  ұстанымы.   Тәжірибе  ел  мен  ондағы  педагогикалық  жүйенің   дамуы  белгілі  бір  мерзімдік   шеңберлермен   заңды  түрде  байланысқан,  әр  түрлі  елдердің   бірдей  тарихи  уақыттағы  даму  деңгейі  бірдей  емес:  біреулерінде  ол  жоғарырақ,  басқаларында  төменірек  болады.  Сондықтанда  бір  тәжірибенің  қолайлы  болатынын,  басқасының  ескірген  болып  көрінетінің  түсіну  керек.

   Педагогикалық  жүйелілік  ұстанымы.   Бақылау  мен  бағалаудың   мақсаттары,   міндеттері,  мазмұны,  ұйымдастырылуы,   формалары,  әдістері,   тәсілдері  педагогикалық  үдерісті  қамтамасыз ету  және т.б- оқшауланған  құбылыстар емес,  оларға белгілі  бір  талаптар   қойылатын   жүйелі  түрде   өзара  байланысқан   біртұтас  бірлік.  Сондықтанда  бөтен  елдің  тәрбиелеу,   білім  беру,  оқыту  жүйелерінің  қандайда  бір  формаларын ,  әдәстері немесе басқада  элементерін  өолдану  тәжірибесі   біздің  тиісті  педагогикалық   жүйелерге  өз-өзінен  өтіп кете  алмайды.

 

Шетелдік   педагогикалық  тәжірибенің  қарама қайшылығы ұстанымы. Әр бір елде  тәжірибе  жалпы мен  ерекшелікті,  интернацияналнық  пен  ұлттықты,  түлгілік  пен  жекелікті   үйлестіреді.  Адамдар  өміріндегі  іргетастық  физиологиялық,  психологиялық   және  педагогикалық  заңдылықтарды,  адамның   оқуы  мен   дамуын,  жаһандық,   дүниежүзілік   жағдайларджы   жалпы  және  интернацияналдық   білім  берудің,  адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  өрістеуін  қандайда  бір  ортақ  нәрсе  байланыстырады.   Бұл  осындай  белгілерге  ие  болған  басқа  елдердің  педагогикалық  тәжірибесін   пайдалану  мүмкіндігін  арттырады.  Бірақ  жалпы  нәрсе  бәрін  қамти  алмайды.  Сондықтан  шетелдік   педагогикалық   тәжірибеде   плюстер  мен  минустар  бар,  осыдан  оны  біздің  өмір  шындығыны  қолдануды  «жақтау»  мен  «қарсы  келу»  болып  шығады.   Тәжірибені  жай  ғана  кқшіру  арқылы  емес,  ойланбастан,   көзжұмбайлықпен  көшіріп  алусыз  пайдалану  керек.

      Салыстырмалы-  педагогкикалық  зерттеу  сипаттаоған  ұстанымдар  негізінде   ғылыми  әдістер  жүйесін  пайдалануды  ұйғарады.

     Сипаттау   әдісі   педагогикалық  құбылыстардың   сыртқы  белгілерін,   айырмашылықтарын,  сипаттамаларын  сипаттау  жазуды  көздейді. 

  Статистикалық  әдіс  білім  беру  жүйесі  дамуының  сандық  көрсеткіштерін  талдауды  ұйғарады.  Күрделірек,  біріншіден  сан  жағынан  өсудің- білім  берудегі  оңды  өзгерістерге  әрқашан да  индикатор  бола  бермейтіндігінен,  екіншіден,  ұлттық  статистиканың    мәліметтері  мен   параметрлері  халыөаралық  салыстыруға  жарай  бермейтіндігінен  кқрінеді.

   Тарихи  әдіс  ретінде  білім  беру  жүйесінің  немесе  оның  жекеленген  буыны  , білм  беру  мекемесінің,  педагогикалық  проблема  үлгісінің   даму  ерекшеліктерін  талдау  түсініледі.  Проблеманың   жай  күйін,   оның  қайнар   көздерін  ,  алғашқы  себептерін,  тарихын  зерделеу  арқылы  тереңірек  түсінуге  мүмкіндік  береді.

     Әлеуметтанушылық  әдіс  білім  беруді  ұйымдастырудың  белгілі бір  даму сатысындағы   қоғам  қажеттіліктеріне  сәйкес  келуіне  баға  беруді  талдауды  ұйғарады.

   Салыстыру  әдісі – салыстырмалы  педагогикадағы  негізгі   әдіс.  Оның  көмегімен   білім  беру   жүйелерінің   ұқсастық  пен  айырмашылық  белгілері,  жалпы  және  жеке  заңдылықтары,   даму  үдерістері   айқындалады.   Салыстырмалы  педагогикалық  зерттеу  жүргізу  кезіндегі   маңызды  аспект   - салыстыру  көрсеткіштерін әзірлеу  қажет.

      Салыстырмалы  педагогикада  сонымен  бірге  талдаушылық  әдістер- талдау,  синтез,   жалпылау,  абстрактілеу, индукция мен дедукция да  кең  пайдаланылады.

      Қазіргі  уақытта  салыстырмалы  педагогика  проблемалары  бойынша  зерттеулердің  көпшілігінде  әдістердің  тұтастай  кешенін  пайдалану  тән.  Зерттеушілердің  елеулі  бөлігі  мынадай  сұлба  бойынша  құрылады:

    • педагогикалық  фактілерді  сипаттау және  жіктеу;
    • түсіндірмелеу  және  талдау;
    • алдын  ала  салыстыру  талдауы;
    • болжамдарды  тексеру  мақсатымен   бұрынырақ  дайындалған  критерилер  бойынша  үйлесімді  салыстыру;

Салыстырмалы-педагогикалық  зерттеу  бағыты  мен  мазмұны  бойынша  екі:    елтанушылық  және  проблемалық  топқа  бөлінеді.

     Елтанушылық  зерттеулер  нақты  елдің  білім  беру  жүйесін,   оның  дамуындағы    үдерістер  мен проблемаларды  зерттеуге  арналады.

     Проблемалық  зерттеулер  білім  берудің  нақты   проблемаларын  олардың  шешудің  нұсқаларына   талдау  жасауға   бағытталады.   Олар  бірнеше  немесе  тұтастай  бір  топ  елдің  материалында  орындалады  және  зерттеуші  үшін  белгілі  бір   қиындық  туындатады,  өйткені  одан  бір  ғана  емес,   біртұтас  елдердегі   білім  беру  саясатындағы  жағдаятты  білуді,   салыстырудың  айқын  критерийлерін   жасап  шығаруды  талап  етеді.  Жекеленген  зерттеушілер   жұптық  салыстыру  негізіндеқұрылатын   зерттеулерді  ерекше  бөліп  көрсетеді.

      Салыстырмалы  білім  беру  энциклапедиясында   заманауи  компаративистиканың  ең  маңызды  проблемаларының   тізбесі  келтіріледі:

  • білім беру  экономикасы;
  • білім  беру  саласындағы  саясат  пен  жоспарлау;
  • мектепке  дейінгі  тәрбие;
  • бастауыш  және орта білім  беру;
  • жоғары  білім  беру;
  • оқыту және  педагогикалық   кадрларды  даярлау  үдерісі;
  • білім  берудің  мазмұны;
  • ересек  адамдарға  білім  беру;
  • білім  беру  бойынша  статистика;

  Отандық  және  шетелдік  ғылыми  әдебиет  жариаланымдарына  талдау  жасау  соңғы  жылдары  салыстырмалы  педагогикалық   зерттеулердің  проблемалары  білім  беру  практикасымен   бұрынғыданда  тығызырақ  байланысуын  дәлелдейді.

1.3.Салыстырмалы педагогиканың  даму кезеңдері.

   Салыстырмалы  педагогика  және  ұлттық  білім  беру  жүйелері  энциклапедиясында  амарикалық  компоративистер  Г. Ноа  мен   М. Экстейн  ұсынған  салыстырмалы    педагогика  дамуының   мыныдай  кезеңдері  келтіріледі:

     Салыстырмалы  педагогика  дамуының  бірінші  кезеңі  «ғылымға  дейінгі»  немесе   «жолжазбалар  кезеңі»   деген  атқа  ие  болған.  Ол саяөаттан  оралған   саяхатшылардың  өз  отандастарына  басқа  халықтың  мәдениеті,  дәстүрлері  мен  ғұрыптары,  олардың  жас  ұрпақты  тәрбиелеу   жүйесі  туралы  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  баяндаумен  сипатталады.

    Екінші  кезең  М.А. Жюльеннің  есімімен  байланысты  ол  европалықтардың  ішінен  бірінші  болып басқа елдердің  білім  беру  жүйелері  туралы  ақпарат  жинаудың  маңыздылығын  көрсетті,  ғылыми  айналысқа «салыстырмалы  педагогика»  терминін  енгізді,  оның  міндеттерін,  әдістерін  негіздеді.

Информация о работе Салыстырмалы педагогика – педагогика ғылымының дербес саласы