ҚР-дағы білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 23:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Содержание

Кіріспе

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.
1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ped_ref_11.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

Жекеленген жоғарғы оқу орындары оқудың технологиясын еңгізгенде кейбірінде талдау жасалған технология экспериментік режимде іске асырылуда.

3 диаграмма. Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны, облыстар бөлінісінде

           1 –  Ақмола;                                              2 – Ақтөбе;

         3 – Алматы;                                             4 – Атырау;

         5 – Шығыс Қазақстан                           6 – Жамбыл;

          7 – Батыс Қазақстан;                           8 – Қарағанды ;

          9 – Қызылорда;                                    10 – Қостанай;                                       

          11 –Маңғыстау;                                    12 – Павлодар;

           13 – Солтүстік Қазақстан;                  14 – Оңтүстік Қазақстан;

           15 – Алматы қаласы;                            16 – Астана қаласы.

Білім  беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік береді ( 6 кесте).

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өседі.

Оқу жетістіктерін  тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), мемлекет аралық бақылау (МАБ) енгізілді.

Дегенмен білім  берудің барлық деңгейлерінің сапасын  бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі  нақты жай-күйін толыққанды көрсете  алмайды және басқару үшін кері байланыстың  обьективті құралы бола алмайды.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ. 

6 кесте. Білім беруді қаржыландыру

 

2000

2001

2002

2003

2004

Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту

2975

3322

3880

4553

5742

Жалпы орта білім

60007

67224

81744

98906

124979

Кәсіптік бастауыш білім беру

2693

3018

3910

5299

6540

Кәсіптік орта білім беру

2662

2528

2989

3595

5001

Жоғарғы және жоғарғы  оқу орнынан кейін білім беру

8120

9344

11783

12763

15506

Басқада бағдарламалар

4959

17640

14671

24505

33547

Жиынтығы

81416

103076

118977

149521

191315

ІЖӨ-ге %

3,1

3,1

3,2

3,4

3,8


 

Білім беру сапасын  басқару компаненттері бытыраңқы  жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.

Білім және ғылым  министрлігінің қолданыстағы статистикалық  жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық  та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес маманадарды даярлау жөніндегі шаралар қолдануды қажет етеді.

Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгені құрайды.

7 кесте. Мектептік қаржыландыру көздері

 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлығы

Республикалық бюджет

23379,8

34036,9

32150,8

26216,8

29484,4

30501,1

175769,8

Жергілікті  бюджет

18022,4

19477,3

21705,1

31552,5

32115,6

32169,3

155042,2

Мемлекеттік бюджет

41402,2

53514,2

53855,9

57769,3

61600,0

62670,4

330812,0


 

Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық  және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған  кезде нақтыланатын болады.

 

 

    1.  Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол

 

Кез келген жас  өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болу керек, біздің заманымызда сол фундамент бастауы  білім алу болып келед. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Ал нақты көрсеткіштерге сүйенетін болсақ бізде білім беру мәселесі мен білім алу мәселесі ақсандауда болып келеді.

Біздің жастардың  жоғарғы оқу орнын бітіріп , белгілі  маман иесі болғаны қандай дәрежеде екенін талдап өтелік.

ҚР жас азаматтарының  қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикалық белсенді азаматтарын да толғандыруда.

Сонымен статистикалық  мәліметтерге талдау жасап көрелік. Ақы төленетін жұмыс орындарында  істейтін жастардың статистикалық  көрсеткіштерінің салыстырмалы өсімі, халықшаруашылығындағы үлесінің төмендеу тенденсиясының өрбіп келе жатқаны өкінішті-ақ. 1995 жылы ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың саны 1148953 адамды немесе жалпы жұмысшылардың санына шаққанда 23,7 пайыз болса, бар болғаны үш жылдың ішінде жас жұмысшылардың саны 450160-қа кеміп, 1998 жылы 698793-ті немесе жалпы жұмысшылар санына шаққанда 24,32 пайызды құрады.

Еңбек нарығындағы  қатар бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1999 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың эканомикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылорда алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 2909 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесін шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмысыз жастар 22,3 пайызды құраса,5-10 жыл арасындағылар 22,6пайыз, 10жылдан жоғарғылар 10,4 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің  көмегімен 200 жылдың 1 жарты жылдығында  өтініш берілген жастар арасында 17,7 мыңы жұмысқа орналастырылып, жас орналасу деңгейі26,2 пайызды көрсетіп отыр.

Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады.

2000 жылдың 1 жарты жылдығында ауылды жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жұмыссыз жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.  

Осыған ұқсас  әр түрлі мәселелер, әсіресе, жұмыс орындарының жоқтығы, жұмыссыз жастардың санының өсуі, ақы төленетін жұмыс орындарында қызмет ететін жас зиялылар санының төмендеуі сияқты, және т.б. теріс тенденциялар өрбу үстінде. Бұл мәселелердің толық шешім таппай отырғаны қоғамды толғандырып қана қоймай, бірқатар жастардың арасында білімге деген құштарлығының оянуына емес, керсінше, өшуіне себепкер болып отырғандай. Ендігі кезекте мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде бірқатар республикалық бағдарламалар қабылдануы тиіс.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен жоғарыда айтылғанды қорыта келетін болсақ, ҚР білім беру көрсеткіштерінің деңгейі төмен деңгейде десек те болады. Өйткені бізді білім беру саласындағы құрал жабдықтар жетіспеуі, қаржы қаражаттың өз орнына дұрыс жеткізілмеуі, сонымен қатар дамыған елдердегідей компьютер желісінің бізде аз қолдануы бізді осындай қиыншылықтар мен ақсаңдауға алып келіп отыр, дегенмен де бұл проблемелерды жою үшін біздің елде бірнеше қатарлы бағдарламалар мен шаралар қолдануда.

Біз келешекте сол алдыға қойған мақсаттарға жетіп, қиыншылықтар мен кемшіліктерді жоямыз деген сенімдеміз.

Бірақ оған ең басты  мемлекет қолдауы мен біздер жастардың  білімге деген көңіл бөлушілігімізді  арттыруымыз қажет. Сол кезде  ғана біз болашақты Қазақстан  мемлекетін жоғарыға көтере аламыз. Тек қана мемлекет тарапынан көмек көрсетіп отыру, аз болып келеді, өйткені егер мемлекет барлық мүмкіншілікті жасап ал, жастардың өздері білім алмайтын, оқымайтын болса, ең қиыны сонда болады деп ойлаймын, қандай қиын қыстау кезеңі болмасын әр жас өркен өз алдына мақсат қойып мұратына жету қажет, әйтпесе ол осы өмірін бос өткізеді.

Мемлекет деңгейін көтеретін біз болашақ жастармыз  сондықтан да, жастарды білім алуға  ынталандыру шаралары мен бағдарламаларын  кеңінен қолданып, мүмкіндіктері  жоқ отбасыларына көмек көрсетіп, ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлер мен қамтамасыз ету қажет, ал бұған мемлекет және жергілікті органдар қолдауы мен көмегі қажет болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

    1. «Жастар болашағы маңызды мәселелердің бірі»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
    2. «Жастар құқығын қорғау»; Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
    3. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
    4. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.
    5. «Жастар біздің болашағымыз»; Егеменді Қазақстан; 14 қыркүйек, 2005 жыл, 5 бет.
    6. «Молодеж в современном мире»; Деловая неделя; 20 марта, 2006 год, 9 стр.
    7. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. – м., 1993г.
    8. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – М., 1998г
    9. Кларин М.В. Инновации в мировой педогогике. – Рига, 1995г
    10. Оброзование в мире на пороге ХХІ века. – М., 1991.
    11. Гусинский Б.С. Образование личности. – М., 1994 г
    12. Иванов С.П. Современное образование и психологическая культура педагога. – Псков, 1999 г
    13. «Жастар бостандығы мен құқығы»; Заң газеті; 25 наурыз, 2005 жыл, 3 бет

 

    




Информация о работе ҚР-дағы білім беру жүйесі