Психикалық дамуы тежелген балалардың сюжеттік- рөлдік ойындарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 11:53, контрольная работа

Краткое описание

Психикалық дамуы тежелген балаларды ерте анықтау және түзету мәселелерін талқылау мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің жетекші түрі ретінде ойын механизмдерін түсіну және аталған категориядағы балалардың қалыптасуындағы ойынның ерекшелігін білуге негізделуі тиіс.
Отандық психологияда ойын мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші дамытушы іс-әрекеті болып табылады.
Ойынның дамуын түсіну осы іс-әрекет жетекші болып саналатын жастағы баланың психикалық іс-әрекеттерін ұғынуға жетелейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

пдт сюжеттік-рөлдік ойындарынынң ерекшеліктері.docx

— 16.13 Кб (Скачать документ)

Психикалық дамуы тежелген балалардың сюжеттік- рөлдік ойындарының ерекшеліктері

 

Психикалық дамуы тежелген  балаларды ерте анықтау және түзету мәселелерін талқылау мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің жетекші түрі ретінде ойын механизмдерін түсіну және аталған категориядағы балалардың қалыптасуындағы ойынның ерекшелігін білуге негізделуі тиіс.

Отандық психологияда ойын мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші дамытушы іс-әрекеті болып табылады.

 Ойынның  дамуын түсіну осы іс-әрекет  жетекші болып саналатын жастағы  баланың психикалық іс-әрекеттерін  ұғынуға жетелейді.

Баланың дамуындағы сюжеттік-рөлдік ойындардың мәнін түсіну мынаған негізделеді. Біріншіден, ойын мектеп жасына дейінгі баладан ішкі, елестету іс-әрекетін талап етеді, яғни ұғым жоспарлары қалыптасады. Орын ауыстырудың сыртқы әрекеттері (ойындық орын ауыстыру, заттарды, рөлдерді орындау, жалпылық іс-әрекеттер) ішкі жоспардың әрекеттері құрылу барысында бастапқы материалдық форма ретінде жүзеге асады. Ойын үстінде бала өз орындайтын рөлге және басқа ойнаушылардың көзқарасына сәйкес заттарды қолданады. Осы жағдайда бала бойында операцияға дейінгі ойлаудан нақты операцияға өтетін операциялардың жаңа жүйесі дамиды.

Ойын үстінде бала бойында әлеуметтік қарым-қатынастарға бағдарлану қалыптасады. Бала әлеуметтік рөлдерге сәйкес әр түрлі комбинациялар жасайды. Выготский ойынды бала дамуының негізгі шарты деп бағалады. Ойын үстінде ол өзінің  даму деңгейінің жақын қабілетін аша алады. Бірақ жақын дамудың зонасын тек толыққанды ойын жүзеге асырады.

 Егер  ойны жетекші іс-әрекет ретінде  қалыптаспаса, баланың психикалық  қабілеттердің дамуына, білімі, білігі, дағдысы қалыптасуына әсер ете  алмайды.

Бала ойынның өте күрделі жан-жақты формасын жеткілікті меңгерген кезде оған негізгі іс-әрекет ретінде қызыққанды қояды, яғни ойыннан шығады. Ойын іс-әрекеті толық қалыптаспаған балалар жаңа жетекші іс-әрекет - оқуға көшуді қажетсінбейді.

Е.К. Иванова, У.В Ульенкованың жұмыстары психикалық дамуы тежелген  балалардың ойын іс-әрекеттерінің дені сау құрбыластарына қарағандағы ерекшеліктерін анықтады, сонымен бірге Н.Л.Бельополская және И.Ф.Марковская өз зерттеулерінде психикалық дамуы тежелген  кіші мектеп жасындағы балалардың ойындарында біртектілік, қиялдың әлсіздігі, шығармашылықтың жоқтылығы анық байқалатынын көрсетті. Ойын ережелерін күрделендіру оның мүлдем жойылуына әкеліп соқтырады. 

Л.В.Кузнецова психикалық дамуы тежелген  балаларға арналған мекемелердің білімдік және тәрбиелік міндеттерін шешу үшін сюжеттік-рөлдік ойындардың мүмкіндіктерін зерттеуге алғашқылардың бірі болып ұмтылды. Бұл ретте автор арнайы балалар бақшасының дайындық тобына баратын психикалық дамуы тежелген  балалардың ойын іс-әрекеттерін талдауға үлкен назар аударды. Л.В.Кузнецова аталған категорияға жататын балалардың сюжеттік ойындарын сипаттайтын маңызды факторларды анықтады: толыққанды сюжеттің болмауы, балалардың ойын іс-әрекеттерінің жеткіліксіз үйлестірілуі, ойын ережелерінің дұрыс сақтамау, рөлдерді дұрыс бөлмеу т.б. Автор психикалық дамуы тежелген  балалардың ойын дамуының деңгейі мектеп жасына келгенде бұқаралық мектепке оқытуға табиғи түрде өтуге дайын еместігін көрсетті.

Е.С.Слепович [11] зерттеулерінің материалдары психикалық дамуы тежелген  балалардың сюжеттік- рөлдік ойындарында рөлдік ойындардың дамуы кейінге қалғанын атап көрсетті. Мектепке дейінгі балалардың көпшілігі ойын іс-әркеттерінің дамуы бірінші немесе екінші кезеңінде қалып қойған.

 Тарауды  қорытындылай келе мынадай тұжырымдар  жасауға болады: психикалық дамудың  тежелуі- бұл психикалық, орнына  келмейтін жеткіліксіз даму емес, даму қарқынының тежелуі, бұл  көбінесе мектепке барар алдында  жиі байқалады және білімнің  жалпы қорының жеткіліксіздігімен, ұғымдардың шектеулігімен, ойлаудың  толықсыздығымен, ақыл-ой бағдарының  аздығымен, ойын қызығушылықтарының  басымдылығымен сипатталады. Психикалық  дамуы тежелген балалардың ойын  іс-әрекеті осы жастағы дені  сау балалардың іс-әрекетінен  дамуы жағынан төмен болады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың ойын іс-әрекеттерінің қалыпты балалардың дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады, бірақ мейлінше баяу жүреді және арнайы ерекшеліктерге ие.

Алты жастағы қалыпты дамушы балаларда сюжеттік-рөлдік ойындар өзінің жоғарғы дамуына жетсе, осы жастағы психикалық дамуы тежелген  балаларда ол дамудың өте ерте кезеңінде қалған, яғни кіші мектепке дейінгі жастағы кезеңде қалған. Психикалық дамуы тежелген балаларда ойын іс-әрекетінің мотивациялық мақсаты, негіздері ерекшеленеді. Бұл әсіресе ойын іс-әрекеті саласындағы белсенділіктің төмендеуінен көрінеді.

Психикалық дамуы тежелген ересек мектеп жасына дейінгі балалардың ойындарына заттық іс-әрекет тәсілі тән. Көбіне олардың ойындарында  орын ауыстыратын заттар сирек қолданылады. Сөздік сипаты мүлде аз. Психикалық дамуы тежелген балалардың ойындық іс-әрекетінде эмоционалдық сипат жеткіліксіз, балалар ойын үстінде өз құрбыларымен қарым-қатынас құруда қиындықтарды көп сезінеді.

 


Информация о работе Психикалық дамуы тежелген балалардың сюжеттік- рөлдік ойындарының ерекшеліктері