Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 16:56, реферат
Өткен кезеңде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Кіріспе бөлім
Педогогика пәні, нысаны және қызметтері
Негізгі бөлім
Педогогика ғылымдар жүйесі
Педогогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Қорытынды бөлім
«Нұр Мүбарак» Египен ислам мәдениеті университеті
Тақырыбы: __________________________
Орындаған: __________________________
Тексерген: __________________________
Алматы 2015
Жоспар
Педогогика пәні, нысаны және қызметтері
Педогогика ғылымдар жүйесі
Педогогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Өткен кезеңде де, қазіргі күнде де
педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі
үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым
өкілдерінің ойынша педагогика адамзат
білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды.
Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың
дербес теориялық ғылым екендігін, яғни
педагогикалық құбылыстардың идеялық
түйіні боларын тіпті де мойындамайды.
Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде
əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары
сөзсіз. Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың
басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.)
алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып,
оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын
мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы
пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық
практиканың іске асуы мен өзгерістеріне
тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық
негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай
педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың
жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы
күйінде көрінері екінің біріне аян. Қазіргі
кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми
тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр:
педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу
пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы
(«Педагогика» оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый,
В.А.Сластенин жəне т.б.). Педагогика нысаны.
Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі
жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик
А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік
педагогика нысаны бала деп біледі, алайда
бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің
объектісі – бұл «педагогикалық дерек
(құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші
назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан,
педагогика аталған объекттердің тұлғалық
дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған
саналы іс- əрекеттер аймағын зерттейді.
Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде
тек өкілі (индивид) не оның психикасын
қарастырмай (бұлар психология объекті),
оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие
құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан
да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты
бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде
дара адам дамуына себепкер болған болмыс
құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар
педагогика ғылымында білімдену (образование)
атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын
шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі
тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу
аймағы емес, оның зерттеуімен философия,
əлеуметтану, жантану, экономика жəне
де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы,
экономист білім жүйесінде өндірілген
«еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер
деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына
жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге
тырысады. Социолог өз міндетіне орай
білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың
əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері
мен ғылыми- техникалық үдеріске жəне
əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал
ету мүмкіндіктерін білгісі келеді. Философ,
өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге
ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері
мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға
жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы
қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог
білімді педагогикалық үдеріс ретінде
қарастыра отырып, оның психологиялық
қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам
дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік
білім саясатының тиімділік деңгейін
тануға ұмтылады т.с.с. Əлеуметтік құбылыс
болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың
қосқан үлесі, əлбетте, құндыда қажетті,
бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті
өсужəне даму процестерімен байланысқан
білімнің мəндік астарын жəне сол даму
процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы
мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды
назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды
да, себебі аталған проблемалардыңбаршасыарнайығыл
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді. Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт- бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс- тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған. Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б. Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді. Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда. Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады. Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады. Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті. Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
Адам
жөніндегі ғылымдар
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия жəне психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология, астрология жəне медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс. Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мəселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған. Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады. Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал- жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді. Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны əлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тəуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының əлеуметтану, экономика, саясаттану жəне басқа əлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес. Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді. Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дəстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың əртүрлі топтары мен əлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; əрқилы əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тəрбиесі заңдылықтарын ашу. Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған: – басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану; – бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу; – психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану; – адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы. Жекеленген əдістемелер – оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика
тарихы – əрқилы тарихи