Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 12:31, реферат
Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген білім, ең алдымен, әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама ( грек сөзі methodos-зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos-сөз, ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік.
Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: «Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері»
Орындаған: Ашкенова З.Н
Тексерген:Карипбаева Ш.Т
Семей қ. 2014 ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген білім, ең алдымен, әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама ( грек сөзі methodos-зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos-сөз, ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Педагогика ғылымының әдіснамасы-бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғыдан келу жүйесі.
Теориялық білім педагогикалық шынайы құбылыстардың әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал теория- таным процесінің нәтижесі, әдіснама- танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады.
Ғылыми-зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Яғни зерттеу әдісі- күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс- тәсілдердің жиынтығын құрайды. Зерттеу әдістерін педагогика ғылымының дамуының басты құрамды бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ғылыми нәтижелердің дәлелділігі алғашқы мәліметтер мен ақпарат көзін алу жолдары мен әдістеріне, сондай- ақ зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты болады. Жалпы алғанда педагогикалық зерттеудің үш кезеңі бар: теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық.
Ғылым дамуының басты шарты- жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің- нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми. Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуге, әлемнің тұтастығын қамтуға байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі. Қандай ғылым саласы болмасын, ең алдымен, философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялық, аксиологиялық түсіну философия ғылымының мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады. Дегенмен, маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философиялық және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы оның әдіснамалық тұжырымдамасын құрайды, сонымен қатар психологиялық- педагогикалық ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді. Яғни әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық- педагогикалық теориялар негізінде құрылады.
Ал әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен пелагогика ғылымының қарастыратын мәселелеріне сай ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымы оның бұрын қалыптасқан психологиялық-педагогикалық тұжырымдары негізінде толықтырылады. Тіпті, кей кезде барлық ғылым жүйесі негізге алатын тұрақты ережелер, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептердің негізгі бағыттары да өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан түрлі тұжырымдарға, көзқарастарға сын айтылып, талдау жасалу арқылы жаңа ой туындап, дәлелденіп, ғылыми мәселе шешімін табады. Әсіресе, ғылыми зерттеу жұмыстарымен алғаш рет айналысушылардың ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындыларға сүйенбей, белгілі бір нәтиже алуларына мүмкіндік болмайды.
Демек, теориялық білім дегеніміз белгілі бір педагогикалық шынайы құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағыттталған ғылыми көзқарастар, тұжырымдар, түсініктер мен идеялардың жиынтығы болып табылады. Теориялық білім жеке адамды тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылық тұрғыдан қайта құрумен тікелей байланысты деуге болады. Сондықтан да ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке адамның болашақта маман ретінде қалыптасуы мен дамуының алғышарты бола алады.
Ғылымда әдіснамалық бөлімнің төрт деңгейін бөліп қарастырады: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және техникалық. Философиялық деңгейде танымның жалпы қағидалары және ғылыми аппараты құрылады. Жалпы ғылыми деңгейдің негізінде көптеген ғылымдарда қолданылатын тұжырымдамалар, әр мәселеле ғылыми тұрғыдан келу жүйесі жатыр. Яғни жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, мәдени, этнопедагогикалық және т.б. тұлғалардан келу. Нақты ғылыми деңгей- нақты бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістерінің, принциптерінің жиынтығы. Техникалық деңгейді зерттеуге қолданылатын әдістеме мен техника құрайды.
Қазіргі кездегі ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір сала ретінде дамуында оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулерге сүйене алады. Кей кезде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлері теңесіп, олардың шынайы мүмкіндіктері мен шегін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі- материалистік диалектика ғана айғақтайды. Бұл мәселелер Т. Кунның ғылыми революциялар теориясында, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатында, К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында және басқа да тұжырымдамаларда көп көңіл бөлінген, сонымен қатар олардың ғылым тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынаған.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, сондай-ақ педагогикалық әдіснама да теорияның негізін құрайтын, теориялық түсіндірмені талап ететін фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі; зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұратын, бастапқы теориялық негіз; теорияның логикасы мен құрылысы; эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; объект пен оның теориялық үлгісін суреттеумен байланысты педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі сияқты компоненттерден тұрады.
Зерттеу əдістемесінің (методика ) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі . Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады , оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі- бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау , оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс -əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде , бұлардың бəрі үш топқа ажыралады : 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт -теудің жолдары . Зерттеуге озат тəжірибе , яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады . Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді . Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады : бақылау , əңгімелесу , интервью, анкеттеу , оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру , педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі . Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді : 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект , оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру ; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу ; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру ; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу .
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды ; ашық жəне жасырын бақылау ; тұтастай жəне таңдамалы бақылау .
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс , бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес : көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық -əлеуметтік жеке – дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы ) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп , бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып , хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады . Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады . Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі , ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн ; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет ; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп , ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс ; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп , пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс .
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады . Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары ; балалардың суреттері , сызылмалары , жасалған қосалқы бөлшектер , кейбір пəн дəптерлері . Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді , олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі ( личное дело ), дəрігерлік карта, күнделік , жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі - эксперимент ерекше маңызды . Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою , зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау , міндеттер мен гипотеза белгілеу );
- əдістемелік ( зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау );
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу , бақылау , тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу ; алынған деректерге түсініктеме беру ; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Информация о работе Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері