Педагогиканың шыгуы жане дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 17:28, задача

Краткое описание

XV-XVI ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегімен беки түсті.

Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтаға» теңеді.

Алғашқы ағартушылар, еңбектері
Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогиканың шығуы және дамуы наз.pptx

— 649.82 Кб (Скачать документ)

Педагогиканың шығуы және дамуы

 

Орындаған: 2-ин.яз-1 тобының білім алушысы

Бейсенбек Н

Тексерген: Даутова М.Т

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

 

XV-XVI ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегімен беки түсті.

 

Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтаға» теңеді.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі — оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер , «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар».

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) «Павлыш ортамектебі, «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», тағы басқа күнді еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді “Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді”, — деді Шоқан.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) Торғайда – қөленер, Қостанайда — ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда — қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «Нақыл» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла  бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген  талаптарды бастаушы болды.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

 

Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

 

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

 

Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі — Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Оның «Педагогика» атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол «Ес және есте сақтау меселелері’, «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері’ атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың «Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы» (1962 ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы дәректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің «Педагогика мәселелері’ (1940 ж.), — деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері

Қартбай Бержанов (1924-1976) — педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.

 

 

Алғашқы ағартушылар, еңбектері


Информация о работе Педагогиканың шыгуы жане дамуы