Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 14:10, реферат
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика ғылымының салалары мен түрлері.
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия,
дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен
арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы
тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына
білім саласы ретінде тəрбиелік
практикада əртүрлі философиялық жүйе
идеяларын пайдаланады. Философия
– педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын,
педагогикалық құбылыстар мен процестерді
зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді.
Сондықтан да, философияны оның біртұтас
жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен
бірге педагогиканың
Қоғамдық құбылыс ретінде
тəрбие дамуы мен педагогикалық
білімдердің өткен жолын
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының
арнайы тобын жекеленген немесе пəндік
əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие
мекемелерінің барша типтерінде
өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы
мен игерілуі заңдылықтарын ашып,
мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту
əдістерімен əрбір педагог
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.[1]
Педагогика ғылымының
салалары
Педагогика ғылымының құрылымы,
оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру
жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады.
Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері,
тәрбие теориясы, дидактика, т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына
байланысты педагогика ғылымының түрлі
салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика,
мектеп педагогикасы, педагогика тарихы,
дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі,
кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы,
жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика,
басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің
педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің
педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы,
этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика,
кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы
т.б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.
Жалпы педагогиканың методологиясы ме
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды
тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен
міндеттерін, әдістері мен принциптерін,
формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды.
Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады.
Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың
негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады.
Сондықтан ол "Нені оқыту керек?",
"Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту
керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері
оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім
берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді
әдістері мен ұйымдастыру формаларын
іздестіру, жастардың таным ынтасы мен
қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты
қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне
дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Дидактика- оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен
ауд. Didaktiras – зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші)
– балаларды және үлкендерді оқытудың
міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін
сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері,
әдістерін және формаларын сипаттайтын,
оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын
педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды.[2]
Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері
және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі
таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерімен және күн сайын дамып
отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен
детерминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде
әрекет ететін зандылықтарды зерттейді,
оқыту үрдісінін процесінің барысын және
нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді
сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің
жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді,
ұйымдастыру формалары мен құралдарын
анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты
қызмет атқарады:
1. Теориялық (диагностикалық
және болжамдық прогностикалық);
2. Практикалық
(нормативтік, құрал ретінде). Дидактиканың
алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз
байланысты басқа ғылымдардың (философия,
әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,
этнология, педагогикалық психология,
адам физиологиясы, нақты әдістеме және
т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды
қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады.
Кез келген ғылыми білім саласының дамуы,
бір жағынан, құбылыстың мәніне жақын
белгілі бір тобын білдіреді, екінші жағынан,
сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен
байланысты.
Дидактика философиялық жалпы ғылыми
және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:
- философиялық категория: «мән мен құбылыс»,
«байланыс», «жалпы және жалқы», «болмыс»,
«сана», «тәжірибе» және т.б.
- педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика»,
«тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет»,
«педагогикалық ақиқат» және т.б.
- дидактиканың жеке ұғымдары: «оқыту мен
оқу». «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу
жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі»,
«мұғалім», «оқушы», «сабақ» және т.б.
- пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық
( («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдын дамуы»,
«есте сақтау», «іскерлік», «дағды»), кибернетика
(«кері байланыс», «динамикалық жүйе»
және т.б.);
- жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе», «құрылым»,
«қызметі», «элемент», «тиімділік», «жағдай»,
«ұйым», «формалау» және т.б. (4 суретті
қараңыз).
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт
бойы сол мағынадағы «дидактика»терминінің
қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай.
Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы
Вольфгант Раткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында
оқыту өнері мағынасында қолданылған.
Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік
және адам дамуының негізін ашатын және
сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта
солардың ішінде педагогикалық әсердің
және олардың нәтижесінің қабылдануы
мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын
бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және
теориялық маңызы бар.[3]
Педагогика тарихы
– педагогика ғылымының жеке бір саласы.
Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен
дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқық
Дефектология (лат. defectus – жетімсіздік және гр. λόγος – ілім) -педагогика ғылымынының арнаулы
саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу
мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі
бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін
зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт
салаға бөлінеді.
Сурдопе¬дагогика
- саңырау, мылқау және керең балаларға
білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін
педагогика саласы.
Тифлопеда¬гогика
- көру қабілеті нашар және соқыр балаларды
тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін
педагогика саласы.
Олигофренопедагогика
-ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие
беру мәселерін зерттейтін педагогика
саласы.
Логопедия- тілінің
кемісі бар балаларға білім беру және
тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.[4]
Педагогиканың басқа
ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен
қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі
мәселелерін зерттейді, өмір шындығын
танып-білу жөніндегі көзқарастың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды
күшті идеялық сенімге, айқын
түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда,
мысалы, теріске шығару зақының мәнін
былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын
жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші
кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи
даму барысында бір формация екінші формациямен
ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық
негізінде жануарлар мен өсімдіктердің
ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды,
оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей
білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа
ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық
әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және
оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге
көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен
педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін
қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың
рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың,
ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін
әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге
сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті
(түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.)
және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент,
мінез, қабілет), демек, адам психологиясының
даму заңдылықтарын зерттейтін болса,
ал, педагогика осы мәселелерді терең
пайдалана отырып, адамды қалыптастыру
үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің
тиімді әдістері мен құралдарын анықтап
ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің
негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына
байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы
жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және
қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық
ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы
мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу
процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық
және теориялық мәселелерін дұрыс шешу
жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы
барысындағы анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке
қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу,
тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті
ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен
тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы
– жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту
және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың
денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты.
Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде
ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды
бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі
сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы
баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің
қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде
балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр
болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті
төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті
туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты
этнографиялық және археологиялық деректерді
пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі
бір халықтың экономикасын, қоғамдық және
рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер
арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін
зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика
жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері.
Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдық
40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады.
Кибернетика – күрделі машиналардағы,
тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің
жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын,
олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат
теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау
теориясы.
Әлеуметтану(социология) - ғылымы мен тығыз
байланысыты. Педагогика ғылымы нақты
мәселелерді зерттеп жинақтауға әлуметтану
ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын
қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін
қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік
ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді
әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Психология- педагогика ғылымы психология
ғылымымен тығыз байланысты. Психология
психикалық үрдісті (адамның зейінін,
ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес
ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын
зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді
қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру
үшін пайдаланады.[5]
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова
А. Педагогика. Оқу құралы.Алматы-2004
2.Бабаев С, Оңалбек Ж.Жалпы педагогика.Оқулық.
Алматы-2006.
3. Ушинский К.Д. Педагогика. Алматы: Ана
тілі. 1992 ж.
4. Қазақ Энциклопедиясы,VII-том
5. «Педагогика» Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.
Информация о работе Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика ғылымының салалары мен түрлері