Педагогикалық технологияларды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:20, реферат

Краткое описание

Тақырыптың жоспары:
1. Технология туралы ұғым, артықшылықтары;
2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;
3. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

пед технология.docx

— 14.68 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық технология

 

 

 

 

Педагогикалық технология

Тақырыптың жоспары:

1. Технология туралы ұғым, артықшылықтары;

2.  Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;

3. Педагогикалық технологияның  мақсаты, салалары;

4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

1. Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.

Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.

Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.

Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.

Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.

Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.

Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз  оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.

Төртіншіден, әдістемеде сабақ  жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) оңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.

Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Олеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.

Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.

Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан "Әлеуметтік технология" ұғымын "Өндірістік технология" ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде ңосымша жұмыстар істеу) болуында.

Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат - адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Біраң мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.

3. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Технологияның кезеңдері:

•  Оқытудық мақсатын диагностика  арқылы қайта тұжырымдау;

•  Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;

•  Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.

Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.

2. Педагогикалық технология  ұғымының мәні мен әдіснамалық  сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.

3. Педагогика. Педагогические  теории, системы, технологии. Под  ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.

4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.

5. Педагогика. - Алматы, 2003.


Информация о работе Педагогикалық технологияларды