Педагогикалық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

1. Технология туралы ұғым, артықшылықтары;
2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;
3. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 37.79 Кб (Скачать документ)

Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.

Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру  үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша  тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.

Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген  оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.

Оқыту технологиясы:

•  Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.

•  Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер  арқылы тексеру.

•  Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.

Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап  — оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.

 

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ АСТАРЛАРЫ

 

«Келер ұрпақ алдында зор  жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

 

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

 

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының  бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

 

Жаңа технология түрлерін информатика  пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

 

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

 

І кезең: оқып-үйрену;

 

ІІ кезең: меңгеру;

 

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

 

IV кезең: дамыту.

 

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың  өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

 

Информатиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады: Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

 

- ассоциация;

 

- бірлестік қызмет;

 

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу  түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

 

- оқу үрдісінде қызығушылық  артады;

 

- оқушының өз бетімен білім  алуына мүмкіндік беруі туады;

 

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

 

Түсіндіре баяндау арқылы тірек  желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша  материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті  және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

 

Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап  оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

 

Деңгейлеп оқыту технологиясының  мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

 

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

 

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында  білімді игерудің бірнеше деңгейі  қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген  деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

 

Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

 

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

 

- оқушы тек оқу құралдары  мен өзара қатынаста (оқулықтар,  компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

 

Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

 

ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;

 

- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

 

- оқушылар арасындағы өзара  көмек және ынтымақтастық;

 

- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;

 

Топтық технология Бұл сыныпта  оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс  белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

 

Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

 

 

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен  даярлау және беру әрекеттері. Бұл  технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

 

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен  тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

 

Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

 

Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

 

1. Мәдени кезек сөз – оқу  процесінің екі негізгі бөлігі  арасында кезексөз түрінде құрылады.

 

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

 

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

 

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші  – жаттығу – үшен сабақтардың  бірінде қаралады:

 

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

 

- жинақтау. Технология мазмұнының  басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

 

Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

 

Жеке пәндік педагогикалық технология.1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

 

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

 

Мақсаттық бағыттары:

 

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны  меңгеру;

 

- ойлау қызметіне математикалық  тәсілдерді меңгеру;

 

- қабілетті балаларды дамыту;

 

Альтернативті технологиялар.Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

 

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:

 

- жан-жақты дамыту;

 

- жекелікті тәрбиелеу;

 

- бала санасында ойлау қызметі  мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

 

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

 

Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

 

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың  дамыта оқыту технологиясы. Элькони  – Давыдов техноло-гияларындағы  дамыта оқыту ең алдымен оның  мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

 

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

 

 

 

 

 

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық  келешекке көшуден тұрады.

 

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс  әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

 

Авторлық мектептер педагогикалық  технологиялары. Мектеп – парк (М.Балабан) – түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген – ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа  келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер – мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы.

 

Оқытудың негізгі әдісі –  одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.

 

Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

 

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу  циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

 

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде  оқушының тұлғасының дамуына, ықпал  жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

 

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

 

 

    Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

 

    Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

 

    Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

 

    Өздігінен ізденімпаздық  қабілеті артады;

 

    Ақпараттық сауаттылығы  мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Информация о работе Педагогикалық технология