Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 14:00, реферат
1. Жоғарғы мектепте біртұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру негізінде педагог, оқытушы беделі мен имиджін қалыптастырудың орны бөлек [2].
Педагогикалық технологияны жетік игеру, белгілі бір бейнені – имиджді қалыптастыру негізі болып табылады. Оны игеру бірқатар арнайы білім, білік, дағды икемділік қабілеттілікті меңгерумен байланысты келеді. Біздердің қай-қайсымыз да белгілі бір бейнені - имиджді жасаймыз.
Педагогикалық имиджеология туралы түсінік
1. Жоғарғы мектепте біртұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру негізінде педагог, оқытушы беделі мен имиджін қалыптастырудың орны бөлек [2].
Педагогикалық технологияны жетік игеру, белгілі бір бейнені – имиджді қалыптастыру негізі болып табылады. Оны игеру бірқатар арнайы білім, білік, дағды икемділік қабілеттілікті меңгерумен байланысты келеді. Біздердің қай-қайсымыз да белгілі бір бейнені - имиджді жасаймыз.
Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату [3].
«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді.
Орта білім беруді гуманизациялау, демократизациялау процесі мұғалімді шығармашыл, сыншыл ойлайтын, өркениетті әрекет ететін тұлға ретінде сапалы кәсіби даярлауға көшуге әкелді. Имиджді әлеуметтік факт ретінде қарастыра отырып, біз оны қалыптастыру процесін алдымен мұғалімге педагогикалық менеджментті жүзеге асыруға қажетті сапаларды таба білуі қажеттілігі ұсынылады.
Имидж - белгілі бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін: имидж адамның тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл терминдер «имидж», «пікір» мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде дұрыс қолдану типі «адам имиджі» (педагог-психолог, адвокат имиджі) деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде «адам пікірі» деп пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж - бұл сізден, ал пікір -басқалардан. Имидж табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері, құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге аударуымыз қажет. Біздің әр қайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы қалыптасқан ұғым-түсінік. Мұғалім имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен іс-әректінен, мінез-құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады [4].
Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.
Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.
В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген:» имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет».
С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген [5].
«Имидж» мағынасын түсіну әртүрлі құрамды бөліктерден құралады. Бұл бөліктерінің ең маңызды төртеуін қарастырайық:
1. Кәсібилік және әділдік. Педагог талантты тұлға болуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей 100 адамның 99-ы өз талантын көрсетуге мүмкіндігі жоқ және өмір бойы басқа іспен айналысады.
2. Педагогтың адалдығы. адамзат тәжірибесінен шыққан моральді ережелер бойынша өмір сүру керектігін ұғынады, ал әдепсіз болса өз нәтижесінің тұтқынында болады және оның идеялы – барлығы рұқсат етілгендік.Біздің қоғамға өзін-өзі жетілдіре алатын, ең алдымен рухани тұрғыдан, жетілдіре алатын әдепті, тәрбиелі, адал педагог өте қажет. Ол назарын барлық адамзат мәдениетінің байлығын алу керек, яғни оның кең гуманитарлық білім алуы міндетті.
3. Педагогтың гуманитарлық білімі. Ф.Достаевскийдің ойынша, гуманитарлық дамығандық адамның кез келген мамандықты игеруін жеңілдетеді. Осы атақты жазушының адалдығынан атақты адамдардың өмірінен көптеген мысалдар дәлел болады. Гуманитарлық мәдениет арқасында адам сезімдік немесе рационалдық өңдей отырып, өзіне әртүрлі мәлімет таңдау мүмкіндігіне ие болады.
4. Педагог психотехнолог
болуға міндетті. Психотехнология
– бұл адамдарды басқаруда
психологияның техниканы
Сонымен, қорытындылай келе педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген мұғалімдерді жетілдіру бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылып өтті.
2 Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне
грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп
жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы
деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика"
термині гректің екі сөзінен: "пайс"
- балалар және "эгейн" - баланы басқару,
тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан
шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және
қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала
жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі
жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы
үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан,
педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы
кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика
- бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп
шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми
таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық
өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы
ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік
өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық
тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика
пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең
алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды
қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы
және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы
ұғымдарға "болмыс", "материя",
"қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның
өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары",
ал педагогикада - "тәрбие", "білім
беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық
құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық
өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын
көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи
тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы
кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс
ретінде барлық тәрбие салаларын, атап
айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме,
оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат
құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің
мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік
мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы
әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи
және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің
мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен
адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші
тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір
тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы
ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті
шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін
қалыптастыруға, меселен, эстетикалық
талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау
арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз
ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық
кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген
адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің
басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс.
Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып,
жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын
жиынтық факторларды пайдалана отырып
әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер
айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық
балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер
де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект
түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық
процестің субъектісі бола алмайды, яғни,
өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет
жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты
анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында
жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп
қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш
енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын
біріктіретін және жеке бастық дамуына
ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту
екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік,
дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп,
жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді
және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің
нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік
ақпарат құралдары кино, радио, телехабар,
т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі",
"даму", "өзін-өзі тәрбиелеу"
ұғымдары да педагогиканың зерттейтін
меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы,
басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың
ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу
процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде
мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және
оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің
маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның
саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп
өзінің бойына қалыптастыратын қасиет,
мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие,
білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді,
табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды
өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты
құралы.
Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру
жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады.
Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері,
тәрбие теориясы, дидактика, т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына
байланысты педаогика ғылымының түрлі
салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі
педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика
тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту
әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім
беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы,
әскери педагогика, басқару педагогикасы,
отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту
қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек
педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік
педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік
педагогикасы т.б. педагогика салалары
пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы,
балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына
дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы
балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары
мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін,
формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды.
Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады.
Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының
бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады.
Сондықтан ол "Нені оқыту керек?",
"Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту
керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері
оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім
берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді
әдістері мен ұйымдастыру формаларын
іздестіру, жастардың таным ынтасы мен
қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты
қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне
дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының
жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің
шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын
зерттейді.
Дефектология - педагогика ғылымынының
арнаулы саласы. Дефектология көру, есту,
сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи
кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу
мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология
төрт салаға бөлінеді.
Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және
керең балаларға білім беру және тәрбиелеу
мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар
және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім
беру мәселесін зерттейтін педагогика
саласы.
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс
балаларға білім және тәрбие беру мәселерін
зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға
білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін
педагогикасы.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен қоғам дамуының
жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін
зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі
көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады,
адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда,
мысалы, теріске шығару зақының мәнін
былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын
жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші
кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи
даму барысында бір формация екінші формациямен
ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық
негізінде жануарлар мен өсімдіктердің
ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды,
оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей
білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа
ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық
әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және
оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге
көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен
педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін
қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың
рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың,
ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін
әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге
сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті
(түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.)
және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент,
мінез, қабілет), демек, адам психологиясының
даму заңдылықтарын зерттейтін болса,
ал, педагогика осы мәселелерді терең
пайдалана отырып, адамды қалыптастыру
үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің
тиімді әдістері мен құралдарын анықтап
ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің
негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына
байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы
жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және
қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық
ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы
мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу
процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық
және теориялық мәселелерін дұрыс шешу
жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы
барысындағы анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке
қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу,
тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті
ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен
тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы
– жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту
және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың
денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты.
Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде
ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды
бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі
сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы
баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің
қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде
балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр
болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті
төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті
туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты
этнографиялық және археологиялық деректерді
пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі
бір халықтың экономикасын, қоғамдық және
рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер
арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін
зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика
жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері.
Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдық
40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады.
Кибернетика – күрделі машиналардағы,
тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің
жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын,
олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат
теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау
теориясы.
Әлеуметтану(социология) - ғылымы мен тығыз
байланысыты. Педагогика ғылымы нақты
мәселелерді зерттеп жинақтауға әлуметтану
ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын
қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін
қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік
ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді
әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Психология- педагогика ғылымы психология
ғылымымен тығыз байланысты. Психология
психикалық үрдісті (адамның зейінін,
ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес
ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын
зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді
қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру
үшін пайдаланады.
3. «Инновация» ұғымы.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білідіреді. Инновация құраквл және процес ретінде әлде бір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту ме тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдстыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудеге инновациялық
процестердің мәнін
Педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты құазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттігі бірқатар жағдалармен айқындалады.
Біріншіден, қоғмда жүріп жатқан
әлеуметтік – экономикалық
Екіншіден, білім беру мазмұнын
ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің
көлемі мен құрамының үнемі
өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің
енггізілуі жаңа ұжымдық
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық
жаңалықты игеру және
Төртіншіден, жлпы білім беретін
оқу орындарының нарықтық
Педагогикалық инноватика— білім берудің жаңа тәжірибесін жасауға байланысты мектептердің даму үрдісін зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі педагогикалық инноватиканың маңызды міндеттерінің бірі — мектепті дамыту нысанын айыра білу және бүгінгі заман педагогына аса қажетті білім болып саналатын жаңалықтардың жіктелуі мен зерттелуін, меңгерілген жаңалыққа жан-жақты сипаттама беру, оның шығу тегі мен басқа салалармен қатыстылығын іріктеу болып табылады.
Педагогтан талап етілетін нәрсе — білім берудегі инновациялық үрдістің мәнін және оның заңдылықтары мен қағидаларының ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру жолдарын білуді түсіну.
Информация о работе Педагогикалық имиджеология туралы түсінік