Педагогикалық еңбек мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 18:41, реферат

Краткое описание

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері.
Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі.
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
Ұйымдастыру қызметі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 24.29 Кб (Скачать документ)

                                                    

 

 

 

          Реферат

 

 

  Педагогикалық еңбек мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  ___________________________________

Тексерген:    ___________________________________

 

 

 

 

 

 

                                                           Ақтөбе 2013ж

                                                           Жоспар

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері.

Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі.

Педагогикалық талдаудың  түрлері мен мазмұны

Педагогикалық талдаудың  негізгі объектілері

Ұйымдастыру қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім саласында еңбек  ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.

Мектеп басшысының басқару  мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.

Мектеп басшысы басқару  мәдениетінің аксио-логиялық компоненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі  деңгейдегі тұтас педагогикалық  процесті басқарудың мәні мен маңызын  ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.

Құндылық-қатынастар педагогикалық  процеске қатысушылар арасында өзара  байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.

Мектеп директорының басқару  мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.

 

Педагогикалық талдаудың  түрлері мен мазмұны

Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.

Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемші-ліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп директоры мен оның орынбасар-ларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.

Тақырыптық талдау педагогикалық  процестің барысында барынша  тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалып-тастыру; мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгер-шілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру; мектепте кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.

Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында  мектеп басшылары қорытынды талдаудың  мазмұны мен технологиясын негіздейді.

Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалім-дер, сынып жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық талдаудың  негізгі объектілері

өз бойына балаларды оқыту  мен тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың  негізгі объектісі ең алдымен  сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептің оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық объектісін біріктіруші — ортақ әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепті басқарудың қызметі  ретінде педагогикалық талдаудың  жүйелік ыңғайының әдістемесі мен  қисыны мынадай әрекеттердің сабақтастығынан  аңғарылады: -сабақты, тәрбиелі шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелік бөлігі ретінде қарастыру, яғни олардың рөлін сабақтар, тәрбиелік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;

-(педұжым, оның педагогикалық  мәдениет деңгейі, мектептегі  моральдік-психологиялық ахуал және  т.б.) тиімділігін айқындайтын жиынтық факторларды табу;

-   оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, әдебиеттің мақсат-тылығы мен негізділігін айқындау;

-  оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелік шаралар нәтижесін талдау;

-  оларды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін айқындау;

-  жаңа оқу жылында жүргізілетін кешенді жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар жасау.

Мектеп басшыларының үнемі  назарында болатын нысан —  сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Мектептің даму тарихында басшылардың сабаққа енуінің ақылға сиятын да, сыймайтын да нормативі болды. Бірақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тікелей әсер ететіндігі ақиқат.

Мектеп басшыларының басқару  қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген, қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады.

Сабаққа кеңейтілген педагогикалық  талдау жасау сабаққа қойылатын  тәрбиелік, дидактикалық, психология-лық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған мұғалімдерге, белгілі бір қиындыққа тап болған мұғалімдерге немесе іс-тәжирибесі арнайы зерттелетін мұғалімдердің сабағына баға беруде қолданылады.

Сабаққа қысқа талдау жасау  директор, оқу ісінің меңгерушісі  немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескерт-пені барынша объективті етіп беруді талап етеді. Сабаққа қысқа талдау жасау -атүсті талдау, немесе сабаққа көз алдау үшін қатысу емес, талдаудың бұл түрі мұғалім тұлғасын жақсы білу, жоғары әдістеменің және басқару мәдениетін талап етеді.

Кезеңдік талдау сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы оқушылардың таным белсенділігін артыруда көрнекілік қолдану, немесе мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау еркшелігін қамтиды.

Оқушылардың білім, іскерлік дағдысының сапасы — көлемі, тереңдігі, жүйелілігі, түсініктілігі, танымды-лығы; оқушылардың жалпы білім берудің  барлық сатысындағы білім сапасы; оқушылар біліміндегі типтік олқылықтар мен олардың себептері;

Ұйымдастыру қызметі  

Ұйымдастыру қызметі қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады. Ал оны нақты — мұғалімдер, балалар, ата-аналар, жұртшылдық өкілдер атқарады. Сондықтан кез келген істі ұйымдастырғанда оны адамдық фактордың мүмкіндігін пайдалану және іске асыру тұрғысынан бағалаған орынды. Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала іріктеу, оларды жұмыс орны, уақыты және ұжымдық іске қатысу реттілігімен бөлу сияқты мәселелерді шешеді. Алдағы іс-әрекеттің мазмұнын, түрі мен әдістерін таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкіндігін арақатынасын айқындау қажет.  Бұл жерде нақты жағдай ретінде әрекетке қажетті еңбек заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетін орны және т.б. компонеттерді атауға болады. Басшының ұйымдастыру қызметінің құрамында алдағы әрекетті дәләлдеу, нұсқау беру, тапсырманы орындаудың қажеттілігіне деген сенім қалыптастыру, педагогикалық және оқушылар ұжымы әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, әрекеті ынталандырудың ең тиімді формасын таңдау маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметінде нақты істің барысы және нәтижесін бағалау да аса қажет сапалардың бірі. Сонымен бірге мектеп директорының ұйымдастырушылдық қызметі педагогикалық ұжымды, пікірлестер ұжымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кәсіпқойлық, жалпы және педагогикалық мәдениеті, мектептің, оқушылар мен мұғалімдер қызметіне деген қызығушылығы, міндет қоя білу және іске асыруға қол жеткізе алу сияқты жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады. Басшының ұйымдастырушылық мәдениетінің ендігі бір көрсеткіші-өзінің және қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиімді етіп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының әкімшілік қызметпен бірге белгілі бір пәннің мұғалімі ретінде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. Директордың негізгі уақыты әкімшілік қызметіне жұмсалады, бірақ оның педагогикалық қызметі өзге мұғалімдерге үлгі болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқуға көп уақыт бөлуді талап етеді. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана білу шеберлігі — мектеп директорының, мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың негізі. Әсіресе мұғалімдердің де, басшылардың да жүктемесі шамадан тыс артып отырған кезде бұл әрекеттің маңызы арта түседі.

Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шаралары. Мектептегі басқару  қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы  кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы және оның қызметінің мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады; Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері-нің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары;

 

Әдебиеттер

  1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

3.Алмаханова Х. Жас  өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

4.Ақназарова Б. Класс  жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

5.Әбенбаев С. Оқушы  жастарға эстетикалық тәрбие  беруді жетілдіру. -А., 1992. 

 

6.Әбенбаев С. Мектептегі  тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.

8.Әтемова Қ. Ата-аналар  жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.

9.Болдырев Н. Мектептегі  тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987.       тарау.

  1. Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.
  2. Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
  3. Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
  4. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
  5. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
  6. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
  7. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.
  8. Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.
  9. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
  10. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.

Информация о работе Педагогикалық еңбек мәдениеті