Педагогикалық әдептің міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:49, курсовая работа

Краткое описание

Педагогикалық әдеп – педагогикалық ахлақтың пайда болуы, мәні мен даму заңдылықтары, ұстанымдары мен өлшемдерін, қоғамдағы тәрбиелеушілік қызметінің әр алуандығын зерттейді.Педагогикалық әдеп барлық ізеттілік мәселелерінің ішінен педагогтық жұмыс үшін анағұрлым маңыздыларын бөліп қарастырып, педагогикалық ахлақтың ерекшелігін негіздейді, кәсіби ізеттілік көрінімдерінің түзілер жері туралы сұраққа жауап береді,олардың жалпы ізеттілік негізінде жетілуін, педагогикалық әрекеттің ізеттілік тұрғысындағы рөлін зерттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогикалык адептин миндеттери.doc

— 43.50 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық әдептің міндеттері

 

Педагогикалық әдеп – педагогикалық ахлақтың пайда болуы, мәні мен даму заңдылықтары, ұстанымдары мен өлшемдерін, қоғамдағы тәрбиелеушілік қызметінің әр алуандығын зерттейді.Педагогикалық әдеп барлық ізеттілік мәселелерінің ішінен педагогтық жұмыс үшін анағұрлым маңыздыларын бөліп қарастырып, педагогикалық ахлақтың ерекшелігін негіздейді, кәсіби ізеттілік көрінімдерінің түзілер жері туралы сұраққа жауап береді,олардың жалпы ізеттілік негізінде жетілуін, педагогикалық әрекеттің ізеттілік тұрғысындағы рөлін зерттейді.Диалектикалық-материалистік ғылым айқындаған ахлақтың даму заңдарына сүйене отырып, педагогикалық әдеп педагогикалық жұмыстармен айналысушы әлеуметтік топтардың өзара ізеттілік қарым-қатынастары ретін анықтайды.

Педагогикалық әдеп педагогикалық еңбектің мәселелерін тиянақтауы, қоғам тарапынан мұғалімнің ізгілік бейнесіне қойылар талаптарды теориялық тұрғыда ой елегінен өткізіп нақтылауы, ізгілік тұрғысында қол жеткізуге ұмсынар биік мақсаттың мазмұнын ашып, ахлақтың ұстанымдар мен ережелерді адамдар әрекетінің нақты бір аймағында – педагогикалық аймақта зерттеуі тиіс.

Педагогикалық еңбектің әдептік мәселелерінің  ішінде оның ахлақтық тұрғыдағы іске асырылу себептерін, яғни не нәрсе түрткі болғанын, ахлақтық тұрғыда дем беру ерекшелігін, қоғам тарапынан бағалануын анықтау маңызды.Өзінің бос уақытының көпшілік бөлігін оқушылардың дәптерін тексеруге, көрнекі құралдар дайындауға, балалармен топсеруенге шығуға, оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесуге жұмсауға мұғалімді не итермелейді?Мұндай жүйке жұқартар сабақтан тыс жұмысқа әдетте жалақы да төленбейді.Осылардың өтеуіне мұғалімнің алары не?Егер ол нағыз ұстаз болса, білуге құмартқан жас жеткіншектердің сансыз сұрақтары мен олардың көңілге шуақ сыйлар ризашылық қалпын қанағат тұтады.Отанымыздың болашақ азаматтарын тәрбиелеп жатырмын деген ойдан рухани қуат алады.Әйтсе де әр мұғалім осындай ізгі мақсатқа ұмтыла ма деген сұраққа мұғалімнің еңбектенуіне түрткі болар ішкі себептер мен ахлақтық тұрғыдағы мәжбүрлеу себептерінің маңызы мен орнын анықтауын зерттеуші педагогикалық еңбектегі әлеуметтану мен педагогикалық әдеп жауап беруі тиіс.

Халық шаруашылығы саласында бүкіл  республика халқы біргіп қол жеткізуі тиіс әлеуметтік міндет сапа мен тиімділікті  арттыру екендігі белгілі.Материалдық өндірісте бұл міндет заттық-бұйымдық тұрғыда да жұмысшыларды еңбек етуге ынталандырады.Ынталандыру негізі басқада болса да мұның педагогикалық еңбекке де қатысы бар.Олардың табиғаты қандай, педагог еңбегін материалдық және ахлақтық ынталандыруды сәйкестеудің ерекшелігі неде, мұны ынталандырудың тиімділігін арттыру жолдары қандай – міне осы мәселелерді де педагогикалық еңбекті әлеуметтендіру мен педагогикалық әдеп шешеді.

Қазіргі кезде тұлғаның тұтынушылық  мәдениетінің ізгілендірілуі мен ақылға қонымды болуы туралы қандай да бір тартыс жүрмесін, осылардың қалыптасуын жетілдіру ісі күн тәртібіндегі өткір мәселеге айналуда.Өйткені, жекелеген жас жеткіншектердің көрсеқызар ұстамсыздығы мен әдепсіздігі тәрбиеден кеткен кемшіліктің нәтижесі екендігі анық.Ал тәрбиелеу ісі тұлға бойындағы материалдық және рухани құндылықтардың шеберлікпен селбесуіне қол жеткізгенде, осылардың өзара үндестікте дамуын қамтамасыз еткенде ғана сипат, күш пен нәтиже берері сөзсіз.

Осы мәселелерге байланысты педагогикалық  әдептің алдына қандай міндеттер қойылады?Бұл жерде теориялық және қолданбалы іс-әрекеттік міндеттерді бөліп көрсету қажет.Теориялық міндеттердің ішінде ең маңцздысы ізеттілік тұрғысындағы қажеттіліктердің құрамы мен қалыптасу үдерісінің ерекшеліктерін айқындау және осылардың тұлғаның рухани әрі заттық- бұйымдық қажеттіліктеріне әсерін зерттеу болып табылады.Педагогикалық әдеп мұғалімнің қажеттіліктерін ерекше зерделеуі тиіс,сонымен бірге жас жеткіншектердің қажеттіліктерінің қалыптасуы механизмін анықтауы тиіс, өйткені педагогикалық еңбектің көп міндеттерінің бірі- оқушы қажеттіліктері –сұраныстарын дұрыс бағытта дамыту.Әр оқушының рухани және ізеттілік деңгейін дамыту үдерісі белгілі бір дәрежеде мектеп қабырғасында іске асырылады.

Тәрбиеден кеткен қателіктер көп жағдайда педагогикалық іс-әрекеттердің кемшіліктері болып табылады.Педагогикалық әдеп осы кемшіліктердің себебін анықтап, осыларды жоюдың жолдарын зерттеуі керек.Бұл –педагогикалық әдептің қолданбалы, іс -әрекеттік міндеттеріне жатады.

Мұғалімдердің ізеттілік тұрғысындағы қажеттіліктерінің, көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуын қадағалап, бағыттау жоғарғы мектептің міндеттерінің бірі болып табылады.Ал осы міндетті іске асыру жолдарын іздестіру әдептік-педагогикалық зерттеудің тақырыбына жатады.

Педагогикалық әдеп мұғалімнің жеке ізеттілік пайымының ерекшелігі мен мәніне аса көп көңіл аударуы тиіс.Өйткені, мұғалім шағын қоғамдық ортаның анағұрлым белсенді мүшелерінің бірі ретінде әсер етуі нәтижесінде оқушылар санасына қоғамдық ахлақ өлшемдері мен ұстанымдары туралы мәліметтерді сүзгіден өткізуші ретінде көрінеді.Мұғалім тұлғаның ізеттілік тұрғысындағы естілік деңгейін жоғарылату үдерісіне тек өзі ғана емес, мұғалімдер және оқушылар ұжымы арқылы, сондай-ақ ата-аналар қоғамы арқылы да қатысады.Бұл жағдайда ол қоғамдық ахлақты белсенді насихаттап, таратушы ретінде бой көрсетеді.Осыған байланысты жалпыға бірдей білім мектеп мұғалімдерінің ізгілік деңгейін айқындау маңызды іс болып табылады.Өйткені, мұғалімнің ізгілік деңгейі оның өзі мен тәрбиеленушілерінің іс-әрекеттерін саралауда дұрыс ұйғарымға келуге көмегін тигізеді.Мұндай бағытты ұстанудың маңызды жағы мұғалімінің әдептілік білімі мен оның ізгілік тұрғысындағы  қажетсінулерін айқындау болып табылады.

Мұғалімнің ізгілік  тұрғысындағы естілік деңгейін зерттеу педагогикалық әдептің теориялық-қолданбалы міндеті, өйткені осыны анықтау арқылы мұғалімнің биік деңгейдегі ахлақтылық көрсете алу жағдайын және осы үдеріске кедергі болар жағдайларды анықтау мүмкін болады.

Өскелең жастарды тәрбиелеуге, оқушылар санасында белсенді өмірлік, сонымен қатар ізеттілік ұстанымдарын қалыптастыру үдерісіне ересектердің – ата-аналардың, балалар бақшасының тәрбиелеушілерінің және мектеп мұғалімдерінің ізетті іс-әрекеттері мен көрсеткен жеке үлгілерінің ықпалы зор.Жастарға білім беру мен оларды тәрбиеолеу ісін жақсартуға талпынумен қатар қоғам тарапынан ата-аналарға өз балаларын тәрбиелеуде бұрынғыдан жоғары талаптар қойылғаны дұрыс.Бұл мәселенің кірпияз да шетін жақтарының көп болуына қарамастан жанұялы қарым-қатынастың әлеуметтік қырларын үнемі назарда ұстаған жөн.

Бұл міндетті үш негізде  жоспар бойынша шешу керек:

1.ата-аналардың өз балаларының өз балаларының ізгілік бейнесі үшін жеке жауапкершіліктері;

2.әкесі мен анасының  педагогикалвқ білімі мен білігін  тереңдету;

3.балаларының жан-жақты дамуына қажет жағдайлардың барлығын жасауы.

Бұл міндеттерді іске асыру тұрғысында өзінің орны мен  ролін жанұялық және жалпы педагогикамен  қатар педагогикалвқ әдеп те нақты  айқындауы қажет.Бұдан бөлек педагогикалық  әдеп мынадай сұрақтарға да жауап табуы тиіс:

1.жасөспірімдерде бірыңғай  тұтынушылық психологиясының пайда  болуы мен ата-аналарының ізгілік деңгейінің арасындағы байланыстықты;

2.жанұя мен мектептегі ізгілікке тәрбиелеу ісінің деңгейін;

3.мұғалімдердің ізгілік тәжірибесі мен жасөспірімдердің ізгілікті іс-әрекеттерінің оларда отаншылдық сезімі мен биік мақсатқа ұмтылу үдерісін қалыптастыруда қандай ықпалы болатынын білу.

Педагогикалық әрекеттер  ықпалы өздерінше бағытталатын жасөспірімдер  осы әрекеттерді әркез бақылап, өзара саралап отырады.Олар мұғалімдердің басқа мұғалімдермен қарым-қатынастарының, сондай-ақ мұғалімдердің ата-аналармен қарым-қатынастарының сырт көзге ашық байқала бермейтін, кейде ересектердің өзі де аңғара қоймайтын ишарасы мен ішкі түйткілдерінің барлық қырларын қалт жібермей аңғарып, осылай екен ғой деген тұжырым жасайды және жасөспірімдер тарапынан айрықша ыждағаттылықпен қадағаланып отыратын бұл қарым-қатсынынастар ізгілік пен ізеттілік тұрғысында әркез дұрыс негізде құрылды деп айту да қиын.Әйтсе де, педагогтардың бұлай ізгілік пен ізеттілік ұстанымдары мен өлшемдерінен алшақтауын қасақана жасалған деп білу де орынсыз.Өйткені, мұндай олқылықтар қарым-қатынас барысындағы ізгілік пен ізеттілік көрінімдерінің ішкі иірімдеріне тереңдей алмаудан, білместіктен, педагогикалық ортадағы қарым-қатынас қырларын жеткілікті игермегендіктен туындап жатады.Педагогикалық әдептің міндеті ізгілік қарым-қатынастарын реттеудің ғылыми негіздерін айқындау, реттеуді мақсатты бағытта іске асыру туралы ұсыныстар мен үлгі-жобалар дайындау,мұғалімдердің нақты жағдайларда осы әрекеттерді саралай алу тәсілдерін игеруі және бұл ұсыныстардың орындалмауы жағдайында шектірілер зардап шамасын анықтау болып табылады.

Ахлақтық-психологиялық климат жағдайына педагогикалық ұжымдағы, сондай-ақ   мұғалімдер мен оқушылардың, олардың ата-аналарының арасындағы ахлақтық келіспеушілітерді реттеу тәсілі әсер етеді.Педагогикалық әдеп осы келіспеушіліктердің табиғатын тануға, олардың зардабын анықтауға, осыларды болдырмау тәсілін табуға ықпал етуі тиіс.

Кез келген педагогикалық ұжымның бет-бейнесі (статусы), оның тұрақтылық жағдайы, соның ішінде ахлақтық тұрғыдағы тұрақтылығы да көп ретте бұл ұжымда қандай педагогикалық дәстүрлердің қолдау табатындығына, ондағы қоғамдық пікірдің қалай түзіліп, қай деңгейде ықпал ете алатындығына байланысты.

Қоғамдық пікір ізгілік-психологиялық құбылыс болуы себепті, оны зерттеу міндеті әдепке, әлеуметтануға және әлеуметтік психологияға жүктеледі.Бұл құбылыстың педагогикалық ортадағы көрінімін зерттеу-тағы да педагогикалық әдептің міндеті.

Адамгершілік, ұжымшылдық, отаншылдық секілді ахлақтық ұстанымдарды педагогикалық  жұмыс үдерісінде іске асырудың өзіне тән ерекше жағдайлары болады, сондықтан педагогикалық әдептің міндеті осы ұстанымдардың педагогикалық тәжірибе негізінде түзілуіне ықпал ету болып табылады.

Балаларды тәрбиелеуде ахлақтың педагогикалық беделдің зор маңызы бар.Педагогикалық ахлақ туралы ғылым осы беделдің қалай пайда болатынын және оны демеп, көбейту жолдарын, беделдің ізеттілік-ізгілік қарым-қатынастарына қалай әсер ететінін, оны нығайту жолдары қандай екендігін анықтауы тиіс.

Педагогикалық әдептің  өте маңызды теориялық-іс-әрекеттік міндеті әртүрлі педагогикалық еңбек аймағында (балалар бақшасының тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімдері, сынып жетекшілері, ұзартылған күн мектептері мен топтарының тәрбиешілері, мектеп-интернат тәрбиешілері, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушілері, инспекторлар, тәлімгерлер т.б.) әртүрлі педагогикалық еңбекпен айналысуын мұғалімдердің қандай ізгілік-ізеттілік ұстанымдары иемденуі тиіс екендігін анықтау болып табылады.

Педагогикалық әдептің көкейтесті мәселелерінің бірі педагогикалық  ортада туындаған келіспеушіліктер мен кикілжіңдерді реттеу мен  мұғалім беделін қорғау мәселелерінің  әлеуметтік бағдарын зерттеу болып  саналады.

Педагогикалық әдептің ғылым ретіндегі міндетіне сондай-ақ мұғалімдердің және барлық педагогикалық емес қызметкерлерің, сонымен қатар ата-аналар мен педагогикалық емес тәрбие орындарының (денсаулық сақтау, мәдени-ағарту орындары,т.б.) қызметкерлерінің әдеп туралы білімдерін тереңдетіп, адам арқылы дамыту мен насихаттау мәселелері де кіреді.Педагогикалық әдептегі идеялық-ізгілік тәрбиесі мәселелерін ғылыми тұрғыда саралау, сонымен қатар педагогикалық ахлақ пен әдеп мәселелерін жан-жақты


Информация о работе Педагогикалық әдептің міндеттері