Педагогикалық қабілеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 13:02, доклад

Краткое описание

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогикалық қабілеттер.docx

— 27.45 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық қабілеттер

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Ойлау қабілетінің бұзылуы

 Ойлау қабілеті – объективтік шындықты жалпылама бейнелей білу, объктивтік шындықтың мызғымас заңдылықтарын, қасиеттерін бейнелей білу, түсініктер байланыстарын бейнелеу. Ойлау қабілеті жалпыдан жекедаралыққа көшу және керісінше жекедаралықтан жалпыға көше білуінің көпсатылы ауысуы.Оның мағынасы: адамның шындықты бейнелеу және өзгерту кезеңінде жаңа білімінің туындауы.Ойлау қабілетінің негізгі белгілері: объективтік шындық заттарын жанамалы тану; шындықты жалпылама бейнелеу; ойлау қабілеті әрқашан есеп шығарумен байланысты; ойлау қабілеті сөйлеу қабілетімен тығыз байланысты. Сөйлеу – ойлау қабілетінің құралы.Ойды сөзбен білдіру келесі кезеңдерден тұратын күрделі процесс: пікір білдіруге түрткінің болуы; ойдың пайда болуы, айтылатын сөздердің жалпы схемасымен жалғастырылуы; ойдың ашық  айтылуы.

Ойлау қабілетінің бұзылу түрлері:

1) Ойлау процессінің бұзылуы

2) Ойлау қабілетінің патологиялық өнімдері

 Психикалық аурулардың кез келген турінде, мейлі ол галлюцинация, мейлі сандырак немесе естің өзгеруі жә-не басқалары болсын   ассоциациялық процестің   кеселі пайда болады. Бүл такьірыпта жекелеген қабылдаулар, түсініктер мен ұғымдар    арасындағы байланыстар түзі-луіндегі бүзылыстар ғана    сипатталады; мұның өзі бүл бұзылыстар байланыстардың   жылдамдауы мен баянда-уына немесе олардын ретсіз жалғасуына әсерін тигізеді. Ассоциациялық     процестің    жылдамдауы — әрбір уақыт аралығында түзілген ассоциация мөлшерінің көбеюуі, олардың    басталуының жеңілдеуі. Сонымен бірге үздіксіз пайда болған ой-пікір, пайымдау, ой қорытындысы неғұрлым үстіртін, кездейсок байланыс-тарға себепші бола түседі. Ойлау шектен тыс алаңдау-шылықпен,    алаңдайтын    идеялар     жайында    бейнелі түсініктердің басым болуымен сипатталады. Айқын байқалатын жағдайларда ойлаудың    жылдамдауы идеялардың секірмелілігіне, ой-пікірлердің алай-түлей болуына дейін өзгереді. Бұл жағдайда ойлау та-кырыбындағы кесел, әсіресе, айтылған сөздін, кездейсоқ көзге түскен заттың сәйкес келуіне орай үнемі өзгеріп отырады.

Ассоциациялық процестің тежелуі — мұнда жаңағы айтканымызға карама-қарсы ассоциация өте баяулайды, олар жұтан бола түседі. Ой-пікірлер мен түсініктер өте аз, қиыншылықпен түзіледі, мазмұны да бірыңғай, тапшы келеді. Ауру ойлау қабілетін жоғалтқанына, ақыл-ой кабілеттерінің әлсіреп, интеллектуальдык жағынан толастануына шағынады.

Ойлаудың байланыссыздығы (инкогерен-ция)— ассоциация түзілуіне, кабылдау, түсініктер, ұғым-дар жалғастығына, байланыстар мен қарым-катынастар-дағы шындықтың бейнеленуіне қабілеттің жоғалуы, ең бір қарапайым жинақтауға, жинактау мен талдауды жүзеге асыруға кабілет жойылады. Ойлау — мәнсіз байла-ныстардың бытысып-шатысып түзілуімен анықталады. Сөздер сөздің ретсіз жиынтығынан кұралып, мағынасы және грамматикалық катынастар жағынан да мәнсіздене түседі.

Ойлаудың пайымдылығы — алдыңғы ассоциацияның ұзак уақыт бойы үстем болуы салдарынан жаңа ассоциациялардың түзілуі шектен тыс баяулайды. Бұл ойлаудың тұтқырлығы, баяу жылжуы, оның өнімді-лігінің төмендеуі аркылы байқалады. Сондай-ақ ойлау-дың пайымдылығына басты ойды жанама ойдан, елеулі-елеусізден бөліп алу қабілетінің жойылуы тән. Бірденені баяндау кезінде қажетсіз көріністер егжей-тегжейлі келтіріледі, ешқандай мәні жоқ ұсақ-түйектер ыждағатпен сипатталады.

Ойлаудың персеверациясы — ассоциация-лық процестің шұғыл қиындауы байкалғанда белгілі бір ойдың, бір түсініктің ұзақ уакыт бойы басым келуі. Айталык, бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеннен кейін сол жауап басқа мазмұндағы келесі сұрақтарда да қайтала-нып отырылады. Ассоциациялык процестің күшею жағдайы белсенді шартты тежелу мен козудың топтап қорытылуының әлсіреуінен ми қыртысындағы қозудың жоғарылауы себепші болады. Керісінше, ассоциациялык процестің баяула-уына козудың себебінен тежелудін. басым келіп, кыртыс кызметінің төмендеуі әсерін тигізеді.  Ойлаудың пайымдылығы мен персеверациясы негізгі нерв процестерінің — қозу мен тежелудің селқостығына, көбіне, персеверация тұсында қозудың патологиялық селқостығына қатысты. Инкогеренцияны мына жағдайлармен түсіндіреміз: ол тежелудің себебімен (гипноздық фазалар) эволюциялық тұрғыдан неғұрлым жас және неғұрлым нәзік екінші сигналдық жүйеге аса жоғары дәрежеде таралады. Ол ми қыртысының нерв клеткалары жұмыс кабілетінің шектен тыс төмендеуінен пайда болады, соның салдары-нан, кыртыстың қандай бір жерінде пайда болатын қозу процесі жағымсыз индукция тудырмайды. Мұның өзі қозудың таралуындағы іріктеуді жокка шығарады да ми кыртысы қызметінің шатысуына себепші болады.Идеялар мына жағдайда сандырақ болып саналады: біріншіден, ол шындыққа сәйкес келмейді, екіншіден, сананы толық меңгергенмен де шындықпен айқын қарама-қайшылықта келгеніне қарамастан түзетуге болмайды. Мұндай идеялардың жиынтығы сандырақ деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, сандырақ деп пайымдау (ой қорытындысы) шындығына сәйкес келмейтіндей психикалық кызметтің кеселге шалдығуын атайды. Оған төмендегідей касиеттер тән болып келеді: мызғымас сенім, шындықпен айқын қарама-қайшылықта болғанына карамастан, түзету мүмкін емес, жоққа шығаруға болмайтын ақиқат күші, кате негіздеу (кисындық негіздің бұзылуы —«қыңыр қисын»).Сандырақтың дамуына көп жағдайда мұның алдында коса кабат жүретін жақындап келе жатқан апатты алдын ала сезіну, барлық жерден қаптаған қауіпті түсіну, маңайдағылардың жаңа, басқаша мән алуы (сандырақ көңіл-күй) себеп болады.Сандырақ негізгі екі түрге: алғашқы сандырақ және сезімдік сандырақ болып бөлінеді. Алғашқы сандырақ әуеліде психикалық қызметтің бірден-бір белгісі ретінде, сионтанды, ми процесінің тікелей керінісі ретінде пайда болады. Бұрынғы кезде сандырақтың мұндай түрі «интеллектуалдық мономания» деп аталды.

Қабілет теориялары

 Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған. Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.

Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады. Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.


Информация о работе Педагогикалық қабілеттер