Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 17:50, реферат
Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
I Кіріспе
Педагогика ғылымы, оның негізгі ұғымдары
II Негізгі бөлім
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық, теориялық және математикалық зерттеу әдістері.
III Қорытынды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Жаратылыстану-педагогикалық» фкультеті
«Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Тақырыбы: Педагогика ғылымы
2013-2014жж
Жоспар:
I Кіріспе
Педагогика ғылымы, оның негізгі ұғымдары
II Негізгі бөлім
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың методологиялық негізі
және ғылыми педагогикалық, теориялық
және математикалық зерттеу
III Қорытынды.
Педагогика ғылымы, оның негізгі ұғымдары
Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Тарихы
Фрэнсис Бэкон
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика пәні, салалары
XIX ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты.
Олар:
- жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
- сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
мектеп педагогикасы,
- сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
- жеке пән әдістері,
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
- мектептану,
- отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
- басқару педагогикасы,
- ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
- әскери педагогика,
- жоғары мектеп педагогикасы,
- кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
Мақсаты
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының
мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы
ұйымдастырылған үрдіс
Белгілі педагогтар (дүниежүзіндегі)
Педагогиканың шығуы және дамуы.
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы
қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан
туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның
жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын
табу мақсатынан және де өндірісті дамыту
талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты
байланыстыратын дәнекер болып саналады.
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан
өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі
шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді,
Қытай) философиялық жүйесінде дамып,
кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым
болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс
елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын
дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель,
Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке
адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны
және әрекшелігі сияқты педагогикалық
мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда
(орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас
мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары
ұсынған адамның рухани және дене күштерінің
қатар дамуы көзқарасының орнына "о
дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған
пікірлер қалыптасты
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымының
құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру
жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады.
Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері,
тәрбие теориясы, дидактика, т.б.
Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Бақылау әдісі
Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:
- оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
- тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;
- оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.
- Байқап көру мен қателер әдісі
Үйретудің бір типі.
Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.
Жобалар әдісі
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.
Рейтинг әдісі
Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.
Басқару әдісі
Басқару субьектісінің
баскау обьектісіне мақсатты түрде
әсер етуінің тәсілдері мен
Білім берудегі әдістеме
Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау.
Әдістемелік жұмыс
Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу
жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Тәрбие әдістері
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.
Ұлттық психиканы зерттеу әдістері
Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары:
бақылау;
- эксперимент;
- әңгімелесу;
- сұрақтар қою;
- іс нәтижесін талдап-жинастыру;
- "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері;
- этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері;
- модель жасау әдісі және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
2 Қазақ Энциклопедиясы,VII-том
3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
4 Сәдуақасов М. Педагогика ғылымы: -Алматы; -2006. -14-17бб.