Педагогика курсында отбасы тәрбиесі мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 10:35, реферат

Краткое описание

Отбасы тəрбиесi – көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ат аналар мен жанұя мүшелерiнiң тарапына жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк, отбасы жəне мектеп тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тəрбиенiң мектеп тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мəселенiң əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк педагогиканың үлесiнде.
Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның тəн-дене жəне рухани дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне тəуелдi келедi.

Содержание

Кіріспе
Отбасы тәрбиесінің мәні
Отбасы тәрбиесінің әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы тарбиеси.docx

— 21.98 Кб (Скачать документ)

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Педагогика және психология кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

Педагогика курсында отбасы тәрбиесі мәселесі

 

 

Орындаған: Тлеуова Рауза

Группа  ПҚс 231

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2013

Жоспары

 

  1. Кіріспе
  2. Отбасы тәрбиесінің мәні
  3. Отбасы тәрбиесінің әдістері
  4. Қорытынды
  5. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Отбасы тəрбиесi – көзделген  нəтижеге жету мақсатын-да ат аналар мен  жанұя мүшелерiнiң тарапына жасалатын  ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк, отбасы жəне мектеп тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тəрбиенiң  мектеп тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы  проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мəселенiң  əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк  педагогиканың үлесiнде.

Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның  тəн-дене жəне рухани дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне тəуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр  жағынан - тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан - тəрбиелiк орта. Баланың  алғашқы өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейiнгi жас  кезеңдерiнде болатын ықпал-дардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат  көзi де, қоғамдық ұйым-дар да, еңбек  ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл əдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дəл тұжырымға  келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нəтижелiлiгi ең алдымен отбасыға тəуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тəрбиелiкықпалы  ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершiлiк, еңбектiк тəрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тəуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай.

Жеке адамның қалыптасу  процесi мен оның нəти-жесiне болар  отбасы тəрбиесiнiң күшi мен қуатын мойын-дайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тəрбиелiк шараларын  дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен  отбасыға үлкен назар аударғаны  жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже. Неке мен отбасыға деген үстiрт көзқарас, халықтық жəне ұлттық үрдiстердi естен шығару, инабаттылық прин-циптерiнен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тəртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бəрi де отбасыдағы бала тəрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.

 

 

 

 

 

 

2. Отбасы тәрбиесінің мәні

 

Отбасыдағы тəрбие мазмұны  демократиялық қоғам-ның өзектi мүдде-мұраттарына  орайластырылады. Болашақтағы еңбектiк, қоғамдық, отбасылық өмiрге бейiм  денi сау, психикалық болымды, адамгершiлiктi, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы мiндетi. Жанұялық тəрбие мазмұнының құрамды бiрлiктерi ежелден белгiлi бағыт-бағдарларды, тəн-дене, адамгершiлiк- имандылық, сана-сезiм, эстетикалық, еңбек тəрбиесiн қамтиды, олар өз кезегiнде жас əулеттi экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық бiлiмдендiру iстерiмен толығып отырады.

1. Балалар мен жастардың  отбасындағы тəрбиесi салауатты  өмiр болмысына негiзделiп, дұрыс  ұйымдастырылған күн тəртiбiн,  спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын  т.б. қамтиды.

2. Отбасындағы сана-сезiм  тəрбиесi ата-аналардың өз балаларын  бiлiмдермен байытып, сонны ақпараттарға  деген тұрақты қажетсiнуiн қалыптастырып,  оларды үздiксiз жаңалап бару  ұмтылыстарын баулуға негiзделедi. Таным-дық қызықсыну, қабiлет,  бейiмдiлiктер мен нышандарды дамытып  бару бала тəрбиесiндегi ата-аналардың  аса өзектi шаруасы.

3. Отбасыдағы адамгершiлiк-имандылық  тəрбиесi тұлға қалыптастыру жолындағы  қатынастардың бұлжымас төркiнi. Бұл орайда алғы шепке тартылатын  мəселе мəңгiлiктi өзгермес адамзаттық  мораль құндылықтары – сүйiспеншiлiк,  құрмет пен сыйластық, əдiлдiк  пен ар-намыс, қадiр-қасиет пен  борыш сезiмдерiн тəрбиелеу. Адамгершiлiк  сапа, қасиеттердiң басқа да түрлерi: парасатты қажетсiну, тəртiптiлiк,  жауапкершiлiк, дербестiк пен ұстамдылық  та осы отбасында баулынады.

4. Отбасыдағы эстетикалық  тəрбие балалардың таланты мен  дарынын дамытуға бағытталып, өмiр  болмысы əсемдiктерi жөнiнде тағлым  беруге арналады.

5. Отбасындағы еңбек тəрбиесi  балалардың болашақтағы адал  өмiрiнiң негiзiн қалайды. Еңбектенуге  отбасынан дағдыланбаған баланың  есейген кезде де бар есiл-дертi ''жеңiлдiң астымен, ауырдың үстiмен'' жүрiп, шалқып өмiр сүру. Ал мұндай еңбексiз ''күнде той'' өмiрдiң жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дəлелдеп отыр.

Ата-аналар мiндетiндегi отбасылық  тəрбие – балалар-дың тəн-дене жəне рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты iстерге негiзделген үздiксiз жетiлiп барушы процесс.

Əрбiр əке мен кез  келген ана өз перзентiне бола-шақта  қай сапа қасиеттердi баулу керектiгiн жете бiлгенi жөн. Отбасылық тəрбиенiң саналылық сипаты мен тəрбие-лiк мiндеттердi парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.

Отбасындағы тəрбие əдiстерi – бұл ата-аналардың өз баласының  санасы мен əрекет- қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бəрi де тəрбиенiң жалпы əдiстерiмен теңдейлес, дегенмен өз ерекшелiктерiне ие. Олар:

- əр балаға болған ықпал  тұлғаның жекелеген нақты əрекет-қылығы  мен ақыл-парасатына икемделуiнен даралықты келедi;

- тəрбие əдiстерiн таңдау  ата-аналардың педагогикалық мəдениетiне  орайлас келiп, олардың тəрбие мақсатын тануына, өз қадiр-қасиетiне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тəуелдi.

 

 

3.Отбасы тәрбиесінің әдістері

 

Отбасылық тəрбие арасында ата-аналар баршаға бiрдей ортақ  жалпыланған əдiстердi пайдалану  үрдiске айналған. Мұндай əдiстер түрi келесiдей топтастырылған: сендiру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы  да қызықты мүдденi түсiндiру арқылы); жазалау (қандай да көңiл рахатынан  айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесi мен тəрбиелiк жағдайлар  əдейi жасалып қолданылады.

Отбасындағы тəрбиелiк мiндеттердi атқарудың құралдары да əртүрлi. Олар арасында кең қолданым-дағылар: сөз, ауыз əдебиетi, ата-ана беделi, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дəстүрлер, қоғамдық пiкiр, жанұядағы рухани жəне материалдық болмыс, ақпарат көздерi (газет, журнал, радио, теледидар), күн тəртiбi, көркем əдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойын дар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рəмiздер, ерекше белгiлер (атрибут), қастерлi заттар, бұйымдар ж.т.б.

Ата-аналар тəрбиесi əдiстерiн iрiктеу мен қолдануда келесiдей  жалпы шарттар ескерiлуi тиiс:

1. Ата-аналардың өз баласының  болмысын жете тануы.

2. Ата-аналардың жеке тəрбиесi мен беделi, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.

3. Егер ата-аналардың тəрбиелiк  iстерiнiң бағыты бiрлiктi келсе, iс-əрекеттер əдiстерi басым келедi.

4. Ата-аналардың педагогикалық  мəдениетi, осыдан педагогиканы меңгеру, тəрбиелiк ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттiкке айналады.

3. Отбасылық тəрбие ережелерi Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тəрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нəтижесiн жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негiзiнде аса маңызды тұжырымдаржасалып, олар отбасыдағы балаларды тəрбие-леудiң жалпы заңдылықтары ретiнде белгiлi жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бəрi ғылыми заңдылық байланыс белгiлерiне ие болмаса да, өз дəрежесi бойынша алғашқы тұрмыстық деректi пайымдар мен қарапайым көзқарас пiкiрлерден жоғары келедi. Олардың бəрiнiң төркiн мəнi - ата-аналарға кеңес, отбасылық тəрбие ережелерi.

Отбасы тəрбиесiнiң тиiмдiлiгiн  көтеруге кедергi болар жəйттер қандай?

Бiрiншiден, нəсiлдiк. Егер ата-аналардың  өздерi балалық шағында қандай да жүйке, тəндiк, сана-сезiмдiк проблемаларға кезiккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрiнетiн дерттердiң алдын алғаны жөн. Екiншiден, өзгерiске түсiп, үздiксiз күрделенiп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, əлбетте, мұндай жəйттердiң жүз беруi, бермеуi əрi соларға байланысты проблемалардың туындауы ата- аналардың өздерiне тəуелдi. Үүшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тəрбие мəдениетi. Əрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетiмсiз педагогика-лық мəдениетiн ғана кiнəлəп қоймай, халықтық тəлiм-тəрбие үрдiстерiнен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тəрбие салт-дəстүрлерiнiң келеңсiз бағытта белең алып жатқанын ескерiп барған жөн.

Аталған жəне басқа да сан  қилы əлеуметтiк-қоғам-дық себептер негiзiнде ата-аналар ықпалы мен бала тəрбиесiнiң сапасы арасында мың  сан тəуелдi байланыстар өрбитiнi белгiлi. Солардың арасынан аса көзге  түсер, маңызды болған жəйттерге  талдау берiп, жəне олар бойын- ша жасалатын  тұжырымдарға орай ата-аналар мен педагогтарға қажеттi кеңес ұсыныстарды алға тартқан  жөн болар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, ''Азамат қалыптастырамын  десең, бесiгiңдi түзе''- деп ұлы ғұлама М. Əуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк  жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проб-лемалар, есейген, ересек шақта бiтiскен шырғалаң күйге түсiп жататыны баршаға  аян.

Жоғарыда əңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей  қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа  тəрбиелiк əсерлердiң бəрiнен де  күштiрек. Жас ұлғаюмен ол əсер  бəсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан  өз маңызын жоймайды;

- қандай да бiр басқа  жағдайларда қалыптасуы мүмкiн  болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында  ғана өрiсiн алады;

- отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн  қамтамасыз етедi, оның тəндiк,  моральдық жəне еңбектiк тəрбиесiне  болған мүмкiндiктердi мейлiнше  шоғырландырып, iске қосады. Қоғамның  азамат мүшесi отбасыдан бастау  алады, қоғам келбетi отбасыдан  көрiнедi;

- салт-дəстүр жалғастығын  қамтамасыз ететiн отбасы;

- отбасының аса маңызды  əлеуметтiк қызметтерi – азамат  тəрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру;

- отбасының кəсiп таңдауға  да тигiзер ықпалы орасан.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тəрбие жетiмсiздiгiнiң  кейбiр себептерi ретiнде келесi жағдайларды алға тартуға болады:

1. Көптеген еңбеккер отбасылардың  экономикалық жағдайының əлсiздiгi.

2. Қоғамдық өмiр мəдениетiнiң  төмендiгi.

3. Отбасы анасы - əйел  мойнына артылған екiталай –  жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.

4. Көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық  жəне моралдық себептердiң салдарынан  болып жатқан ерлi- зайыптылар-дың ажырасуы.

5. Бала тəрбиесiнде ер  адам əйел көмекшiсi деген қоғамдық  пiкiрдiң белең алуы.

6. Күннен күнге шиеленiсiп  бара жатқан əулеттер арасындағы  бəсеке, дау-дамай.

Қолданылған әдебиеттер

 

.1. www.google.kz

2. Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М. Педагогика Оқу құралы

Алматы 2006

 


Информация о работе Педагогика курсында отбасы тәрбиесі мәселесі