Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 13:22, доклад
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы.
Педагог сөзінің мәдениеті, оның элементтері.
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
«Шеберлік
дегеніміздің өзі- тар
Сөйлеу
мәдениетінің теориялық
Н. Уәлиев
сөз мәдениетінің ғылыми пән
ретінде қарастыратын негізгі
обьектісі –тілдік норма, ол-
сөз мәдениетінің құрылымдық-
Сөйлеу
мәдениетінің сапасы
Болашақ педагог-маманның сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат «жақсы», я болмаса «жаман» деп бағалайтын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан «жақсы сөйледі», «сөзі жатық екен», «тілге(сөзге) бай екен» деп мұғалімнің сөйлеу мәнеріне баға беріліп жатады. Әрине, баға беру субьективті болғанмен, сөз құрылымындағы «жақсы» я болмаса «жаманның» тілдік көрсеткіштері обьективті болуы ықтимал.
Біз педагогтың
сөйлеу мәдениеті дегенімізде
осы тілдік норманың
1. Сөздің дәлдігі
Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.
Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасынан сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттандырмайды, өйткені сол «жаман емес» - тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сыяды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес» - тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің беруін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты пайдаланғанымыз болып шығады.
2. Сөздің логикалығы
Логикалық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз.
Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, формальдық логиканы заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермеушіліктен болып жатады.
3. Сөздің тазалығы
Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.
Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына
ұқсас кейбір жерлері кездеседі.
Әрине, бұл аталғандар мүлдем қолданыстан шығып қалуға тиіс деген жаңсақ ұғым тумасқа керек. Әңгіме олардың жөнсіз пайдаланыла бермеуінде болып отыр. Ал, көркем шығармадағы кейіпкер сөздерінде, тиісті ортаға байланысты олардың жұмсалу реттері болатынын теріске шығармаған жөн.
Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі – варваризмдер. Бұл құбылыс қазақ тілінде баламасы бола тұра орыс сөздерін қолдануда байқалады.
Таза ана тілін шұбарлайтын екінші фактор – жергілікті тіл ерекшеліктері. Шындыққа келгенде, диалектизмдер де ана тілінің байлығын, кең тынысын, зор ауқымын танытады. Алайда, бұл – статистикалық тұрғыдан алғанда жай. Тұтастай алғанда, жергілікті тіл ерекшеліктеріне тосырқай қарау, жатсыну дұрыс та болмас. Қазақтың белгілі сөз шеберлерінің талайы тілімізде диалектілік құбылыстардың бар екеніне күмән туғызады. Ол – жекелеген авторлардың пікірі делік, ал диалектизмдердің біздің тілімізде де бар екендігін үлкенді-кішілі ғалымдарымыз ондаған жылдар бойы дәлелдеп келе жатыр.
Тіліміздің байлығының
көрінісі бола тұра, диалектизмдердің
қолданылуында белгілі
Ауызекі сөйлеуде болсын, салқын қанды хабарларды жазуда болсын кәсіби сөздер мен кеңсе қағаздарына тән сөздерді, сөз тіркестерін (канцеляризмдер) қолдануда тілдің тазалығына белгілі дәрежеде нұқсан келтіреді. Мәселен, экономика мен шаруашылықтың, мәдениеттің әр саласында пайдаланылуға тиісті сөздердің сол тиісті салалардың мамандарына түсінікті болары мәлім, ал олар қалың көпшіліктің, қабылдауына оңтайлы бола бермейді. Жаңадан пайда болып жатқан сөздерді (неологизмдерді) жұмсағанда да осы әдебиет беттерінен жиі кездестіргенімізбен, интеграция, конфронтация, спикер тәрізді сөздерді баршаның бірдей түсінуі қиын шығар. Сондықтан мүмкіндігінше ол сөздерді қолданғанда, жақша ішіне қазақша баламасын келтіріп немесе ауызша сөйлеу ретінде қысқаша болса да түсініктеме бере кетудің артықшылығы жоқ. Ондай түсініктеме болмаса, екі жақты жағымсыз жайға тап болатынымыз шындық: біріншіден, айтып тұрған сөздеріңізді көпшілік қабылдай алмаған соң, алға қойған мақсат та орындалмайды; екіншіден, сол сөздерді айтып тұрған кісі туралы да (білгішсінген, аудиторияны меңгере алмаған немесе өзінің білетінін барлығы да білуге тиіс дегендей) көңілге қонымсыз ой тууы мүмкін. Тіл мәдениетіне әркімнің сөйлеу әдептілігі ғана емес, психологиясының да қатысы бары сөзсіз.
Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Жаргонизмдер жолдас-жораның, қатар құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.
4. Сөздің мәнерлігі
Мәнерлілік сөздің эмоционалдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Ойлаудың, сөйлеушінің сана қызметінің дербестігі; не туралы айтылып тұрғанына және ол сөздің кімге бағытталып, арналып тұрғанына назар аудару; сөздің мәнерлілік құралдарын жақсы білу; тілдегі функциональдық стильдерді бір-бірінен айқын ажырата білу; тілдік дағдыларды қолдануда тәжірибе жасап отыру, жаттығу ісі, мәнерлілікті сақтау үшін психологиялық қажетті жағдайларды жасау; сөйлеушінің не жазушының өзінің мәнерлілікті қамтамасыз ететін құралдарды игере білуі де, осы шарттардың барлығы бір жерден шығып, біріккенде ғана, сөздің мәнерлігінің күш-қуаты, қолданылуының қолайлығына көз жеткізуге болады.
5. Сөздің байлығы
Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.
Сөздің байлығы туралы
сөз болғанда екі жайды ескеру
қажет болады: біріншіден, қай-қайсымыздың
да ана тіліміздің байлығын игеріп,
пайдалана білуіміздің
Біріншісі қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.
Тілдің байлығын жақсы игермей тұрып, оның даму барысына назар аудармай, тіл мәдениеті үшін күресу немесе тіл мәдениетін сақтау өте қиын. Кең көлемде алу керек болса, тіл байлығы ұғымы ілгеріде айтылған тіл мәдениеті сапаларының барлығына да тікелей қатысты. Адамның тіл арқылы қарым-қатынас жасау барысында сөз байлығы неғұрлым мол болса, ол соғұрлым ойын еркін, қиналмай және әсерлі жеткізе алады, тыңдарманын да оқырманын да тарта біледі. Жай ғана оқытып, тыңдатып қоймайды, сөзін еріксіз тыңдауға, жазғанын бас алмай оқуға әдеттендіріп, «бұғаулап» тастайды.
6. Сөздің қисындылығы
Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.
Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдаланылу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық. – Алматы: «Дәуір», 2005 – 256 б.
2. Уәли Н. Сөз мәдениетінің ғылыми – теориялық негіздері. Филология ғылымдары докторы атағын алу үшін дайындалған диссертация. – 2007.
3. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – «Зият – Пресс», 2006 – 140 б.
Информация о работе Педагог сөзінің мәдениеті, оның элементтері