Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұлға қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:00, доклад

Краткое описание

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұ%D.doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұлға қабілетін дамыту

 

Абраимова Еркежан Мураткановна

ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М.Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, еңбек өтілі 5 жыл

 

     Әлемнің жетекші елдерінің  көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны  мен технологияларын оның нәтижесіне  қарап бағалайтын болды. Білім  берудің қазіргі негізгі мақсаты  білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты  ұстаз болу керек деген сөз.          

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -  деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.Ал  білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.     

          «Білім беру технологиясы» -  ұғымы білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.

Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

 Ал ағылшын тілін  саналы түрде меңгерту , оны өз  деңгейінде қажеттілікке айналдыру  бір жылғы мәселе емес, сондықтан  оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын  арттыруда,  оқушы бойындағы қабілеттерді  анықтап, ары қарай жетілдіруде , жеке тұлға қабілетін  дамытуда қандай технологиялардың әдіс- тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды.   Осы сауалға жауапты  Елбасымыздың Қазақстан халқына  жолдауынан табуға болады.  ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру үшін білім беру саласында  төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық  және телекоммуникациялық  құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды  оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Қазіргі кезде тілді коммуникативтік   оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Оқушылардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы оқушылардың тілге  деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

 Ал өзім сабақ беретін пәнді оқытуда оқытудың озық технологиялары мен  инновациялық әдістерді қолдану өте тиімді деген ой түйдім.  Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер, видеоматериалдар көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтінмен танысу, елтануға байланысты материалдармен таныстыру, мақал-мәтелдермен жұмыс т.б.түсіндірулер осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап,қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.

Жобалау технологиясының септігі ғылыми жоба қорғауда көрінді,  деңгейлеп оқытудың септігі пәндік олимпиадаларында  көрініп отыр. 

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің  көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс.

Жоба - әртүрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

  • Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы;
  • Жобаны орындау іс-әрекеті жобалаудан, нәтиже мен жария ету түрін ойластырудан басталады;
  • Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысты талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі – ақпаратты іздеу болып табылады. Ол ақпарат артынан талқыланып, дайындалып, жобалау тобына ұсынылады
  • Жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нәтиже
  • Шығармашылық жобаның ағылшын тілі  пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының пәнге сүйіспеншілігі, тілін оқып жатқан ел жайлы дүниетанымы кеңейеді, эстетикалық талғамы дамиды.

Ақпараттық коммуникативті технологиясының әдіс- тәсілдерін үнемі қолданып отырамын. АКТ басты тиімділігі-  ол көрнекілік әдіс пен техникалық құралдарды қолдану әдісін бір өзі ғана атқара алады.   Өзімнің сабақтарымда  лексиканы, грамматиканы, тыңдауды меңгертуде  слайд- шоу,  презентация, флипчарттарды қолданып отырамын. Ешбір сабағым презентацияларсыз өтпейді.

Арнайы және өзім жасаған электронды оқулықтарды қолданамын. Себебі олардың тиімділігі өте зор: кері байланысты тез қамтамасыз етеді,  керекті мәліметті тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын, уақытты үнемдейді, қысқа мәтінмен қатар көрсетеді,  әңгімелейді, моделдейді.

Интернет ресурстарын пайдаланамын . Интернет арқылы  өткізілетін тестілеуге, викторианаларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдерде тұратын оқушылармен хат аламаса алады.

 Ал ойын технологиясын  кіші сынып оқушыларын оқытуда  қолданамын. Күнделікті сабақта  бір технологияның әдіс- тәсілдерін қолдан деген заң жоқ, сабақ барысында, сабақтың әр кезеңінде  бір технологияның тиімді бір әдісін  қолдансаңыз да болады, бірақ  оны  үздіксіз қолданып отыру қажет.

«Ұстазынан озуға талпынбаған шәкірт- бейшара»  демекші алдыма қойған мақсатыма бірте- бірте жетіп келемін деген ойдамын, оған төмендегі оқушыларымның жетістіктері дәлел бола алады:

Оқушының аты- жөні

Аумағы

Сайыс  түрі

Иеленген орны

Жылы

1

Оразаева Замира

Аудан

Пәндік олимпиада

ІІ

2008 ж

2

Султанмуратова Мадина

Аудан

Пәндік олимпиада

ІІ

2011 ж

3

Сапарбекова Перизат

Аудан

Пәндік олимпиада

ІІ

2012 ж

4

Қабдельбарова Асем

Халықаралық

“British bulldog” интеллектуалды ойыны

І

2011 ж

5

Бекенова Диана

Халықаралық

“British bulldog” интеллектуалды ойыны

І

2011 ж

6

Қабдельбарова Асем

Аудан

Ғылыми жоба

ІІІ

2011 ж

7

18 оқушы 

Халықаралық

“British bulldog” интеллектуалды ойыны

Серт

2011 ж

8

11 оқушы 

Халықаралық

“British bulldog” интеллектуалды ойыны

Серт. Нәтижесі күтілуде

2012 ж

9

Султанмуратова Мадина

Республикалық

Интернет олимпиада

Серт аудан\ қаланың үздік көрсеткіші  Іорын

2013 ж

10

Сапарбекова Перизат

Республикалық

Интернет олимпиада

Серт аудан\ қаланың үздік көрсеткіші   Іорын

2013 ж

11

Қабдельбарова Асем

Республикалық

Интернет олимпиада

Сертификат

2013 ж

12

Бекенова Диана

Республикалық

Интернет олимпиада

Серт аудан\ қаланың үздік көрсеткіші   Іорын

2013 ж

13

Сәулебек Нұрбатен

Республикалық

Интернет олимпиада

Сертификат

2013 ж

14

Хуандаг Ақлима

Республикалық

Интернет олимпиада

Сертификат. Аудан бойынша  ІІІ орын

2013 ж


  Қорыта айтқанда,  оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы Елбасымыздың  халыққа жолдауындағы тапсырмасын жүзеге  асырамыз  және жеке тұлғаның  қабілетін дамыта аламыз. 2011 жылдың  17 сәуір айындағы  тапсырмасында  ағылшын тілі 1- сыныптан бастап жүргізіледі делінген, ал  біздің мектепте ағылшын тілі негізгі пәндердің ішіне кірмесе да 2- сыныптан бастап мектеп компоненті негізінде оқытылуда, 2020 жылға қарай жаратылыстану- математика  бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады делінген, ал біз мектепте оқушы компоненті негізінде биология пәнін ағылшын тілінде оқытудамыз, “Biology speaks in English ” атты сабақтың бағдарламасы, жоспары  республика деңгейінде «Дарынды оқушыға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында таратылды.

Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.    

Әдебиет

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

2.     Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы.

3.     Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004,

4.     Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

5      http://www.akorda.kz/ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. – 83б.

7. Қараев Ж.А. Жетілдірген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. – Алматы, 2004. №2. – 86б.

8. Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.


Информация о работе Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұлға қабілетін дамыту