Оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 08:32, доклад

Краткое описание

Білім мазмұнын жетілдіруде оның құрылымын анықтауда бүгінгі заман талабына сай жаңа технологияны пайдалануда оқытушылар педагогикалық технологиялар банкіне сүйенуі тиіс. Педагогикалық технологиялар банкіндегі: саралап оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы; оқытудың компьютерлік технологиясы; Монахов технологиясы; дамыта оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; білім беруді ізгілендіру технологиясы т.б. жайлы нақты мәліметтерді жаңа ақпараттық технология негізінде қажетіне қарай сабақта пайдалана білуі керек.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………….…..…….
1.ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ………………
2.ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Деңгейлік саралап оқытудың тиімділігі……………………
2.2 Деңгейлік саралап оқытудың ерекшелігі………………..
2.3. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы білімін бағалау.
2.4. Тарих сабағының түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….……
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

окыту технологиясы.doc

— 666.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ………………………………………………………….…..……. 
1.ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ……………… 
2.ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
2.1 Деңгейлік саралап оқытудың тиімділігі…………………… 
2.2 Деңгейлік саралап оқытудың ерекшелігі……………….. 
2.3. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы білімін бағалау. 
2.4. Тарих сабағының түрлері 
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….…… 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………….

Жұмыстың өзектілігі. Білім мазмұнын жетілдіруде оның құрылымын анықтауда бүгінгі заман талабына сай жаңа технологияны пайдалануда оқытушылар педагогикалық технологиялар банкіне сүйенуі тиіс. Педагогикалық технологиялар банкіндегі: саралап оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы; оқытудың компьютерлік технологиясы; Монахов технологиясы; дамыта оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; білім беруді ізгілендіру технологиясы т.б. жайлы нақты мәліметтерді жаңа ақпараттық технология негізінде қажетіне қарай сабақта пайдалана білуі керек. Ол үшін мектеп ұжымы жаңа технологиялардың қайсысын қолданғанда тиімді болатынын алдын ала болжап, бағдарлап, жоспарлауы тиіс. 
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту, жетілдіру өмір талабының объективті заңдылығы. 
Қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу. Мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау.  
Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасында білім беру, оқыту сапасын көтеру және тарихты оқытуда белгілі бір нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі жөнінде айтады 1,3]. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде жоғары сыныптарда жоғарыда көрсетілген оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде.  
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, қолданудың тиімділігін көрсету. Деңгейлік-саралап оқыту арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгерту.  
Зерттеу жұмысының міндеттері:  
-жаңа технологияларды тарихты меңгертудегі қызметін айқындау; 
-деңгейлік саралап оқытудың тиімділігін айқындау; 
- деңгейлік саралап оқытудың элементтерін сабақта пайдалану жолдарын көрсету; 
-деңгейлік тапсырмаларды тарих пәнін оқытуда қолданудың тиімді жақтарын көрсету; 
Зерттеу пәні. Тарих сабақтарында деңгейлік саралап оқыту технологиясын қолдану. 
Зерттеу нысаны. Деңгейлік саралап оқыту арқылы оқушыларға үздіксіз білім берудің, тарихты меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету. 
Зерттеудің әдістанымдық негізі. Әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері,тарих, педагогика, психология ғылымдарының оқытудағы, білім берудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды. 
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер тарихты оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.  
Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Жұмыста ұсынылған амал-тәсілдерді мектепте тарихты меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар, тілді меңгертуге байланысты қолданылған мәтіндер тарих сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа сабақты тез меңгеруге мүмкіндік береді. 
Еңбектің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану

Жарияланды 10-02-2013, 15:16 Категориясы: Ұстаздарға

Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары 
І.Кіріспе 
І.І. Қазіргі таңда білім берудегі тарих сабағына қойылатын талаптар. 
Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуші мұғалімдер - сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан – теңіз.Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші.Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ...Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.» - деген еді Л.Н.Толстой. 
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары. 
 
^ Семинар №1 Тақырып: Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты  
 
Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі. 
 
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету. 
 
Жоспары: 
 
1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы. 
 
2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.  
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, Қазақстан тарихын оқыту процесінің ғылыми зерттеу әдістері. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылыми негізінде теориялық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер - тарихшылардың қосқан үлесітеріне тоқталу керек. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы оның кезеңдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі курсының құрылымын анықтап беру мен қатар пәнің білімдік атқаратын функциясына тоқталып өту қажет. 
 
Жеке тапсырмалар:  
 
1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту процесінің сатыларын анықтау. 
 
2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» тақырыбы бойынша баяндама жазу. 
 
3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатыларын анықтау. 
 
Әдебиет: 
 
1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984 
 
2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с. 
 
Семинар № 2 Тақырып : Оқу процессінде тарихи білімді қолдану.  
 
Мақсаты : Тарихи білімді қолдану; жүйелі түрде оқушыларға түсіндіру.  
 
Жоспар : 
 
1. Тарихи фактілер арқылы тарихты оқыту 
 
2. Тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолдану  
 
3. Тарихи материалды құрастыру. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша,тарихи фактілер арқылы тарихты оқытуәдістері мен тәсілдерінің жолдарына тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолданудың тәсілдерін қалай пайдалануға болатынына мысалдар келтіру қажет. Үшінші мәселе бойынша, тарихи материалды құрастыру жолдарының тәсілдері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйену арқылы тиімді әдіс жолдарын қалай таңдауға болатындығы туралы нақты дәлелдер келтіре кеткен жөн. 
 
Әдебиет:  
 
1.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.  
 
2. Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб. 
 
^ Семинар № 3 Тақырып : Тарихи көріністі қалыптастыру.  
 
Мақсаты : Тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу. 
 
Жоспар : 
 
1. Тарихи көріністер анықтамасы. 
 
2. Тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи көріністер әдісіне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи көріністерді қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек. 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Семинар № 4 Тақырып : Тарихи термин; түсініктермен жұмыс жасау. 
 
Жоспар: 
 
1. Терминалогиялық сөздіктер түрлері. 
 
2. Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін анықтау, талдау. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи терминалогиялық сөздіктер түрлеріне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи түсініктерді анықтап талдаудың қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек. 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
3. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1 
 
Семинар № 5 Тақырып :Әдіс және оқыту әдістемесі. 
 
Негізгі түсініктер: Оқыту әдістері; Оқыту әдіс түрлері; көрнекілік әдістері; проблемалық әдістер; ізденіс әдістері. 
 
Мақсаты : « Әдіс» деген түсінікпен танысу, әдіс түрлерін анықтау. 
 
Жоспар : 
 
1. «Әдіс» түсінігі. 
 
2. Ауызша оқыту әдіс түрлері, қысқа мінездемесі. 
 
3. Ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.  
 
4. Тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолдану. 
 
а) Баспа мәтіндермен танысу (оқу, өзіндік оқу, жоспар құру, негізгіні белгілеу бойынша тарихи қателікті табу). 
 
ә) Көрнекілікпен жұмыс жасау (карта, сурет, портрет т.б.). 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, «әдіс» түсінігіне оның анықтамасына тоқталып өту керек. Әдіскер – тарихшылардың тарихты оқыту әдіснамасын дамытудағы қосып жатқан үлестеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ауызша оқыту әдіс түрлеріне және оның тәсілдеріне мінездеме беріп кету қажет. Үшінші мәселе бойынша, ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін қарастырып өту керек. Төртінші мәселе бойынша, тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолданудың тәсілдері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып тиімді тәсілдердге таңдау жасау жолдары туралы қамту қажет.  
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Семинар № 6 Тақырып : Көрнектілерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар 
 
Мақсаты : Көрнектілерді қолдану жөніндегі әдістерге мінездеме беру. 
 
Көрнекілік әдісінің тиімділігі.  
 
Жоспар: 
 
1. Көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар.  
 
2. Қолдану түрлері: 
 
а) Сурет көрнекілігі 
 
б) График көрнекілігі  
 
с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің түрлері. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру қажет. Көрнекіліктердің түрлеріне жеке – жеке талдау жасау керек: 
 
а) Сурет көрнекілігі 
 
б) График көрнекілігі  
 
с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің басқа да түрлерін пайдаланудың тәсілдерімен көрінекіліктің тиімділігіне тоқталу керек. 
 
^ Жеке тапсырмалар : Тарих сабағында көрнекіліктердің түрлерін қолдану әдісін көрсету.  
 
а) Оқулық суреттерімен, репродукциялармен қолдану 
 
б) Портрет, фотосуретті қолдану әдісі  
 
c) Схема, таблицаларды қолдану әдісі 
 
д) Аппликацияларды қолдану әдісі 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Семинар № 7 Тақырып: Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі 
 
Мақсаты : Тарих сабағында оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға үйрету. Тарихи мәтіндердің ғылыми қажеттілігін студенттерге жеткізу. Мәтіндердің түрлерімен танысу. 
 
Жоспар: 
 
1. Оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптар.  
 
2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:  
 
а) Негізгіні белгілеу  
 
б) Жоспар құру  
 
с) Тезис пен конспект жасау  
 
3. Тарихи деректер түрлері. Тарихи деректердің маңыздылығы.  
 
4. Студенттердің деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісі. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптарға әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша тоқталып өту қажет. Екінші мәселе бойынша, оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:  
 
а)Негізгіні белгілеу  
 
б)Жоспар құру  
 
с)Тезис пен конспект жасау т.б. қойылатын талаптармен әдіс тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне мән беру қажеттігін дәлелдеу керек. 
 
Үшінші мәселе бойынша, тарихи деректер түрлері мен тарихи деректердің маңыз-дылығына тоқталып кету қажет. Төртінші мәселе бойынша, оқушылардың деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісінің өзіндік тә-сілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама жасау керек. 
 
Әдебиет:  
 
1. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб. 
 
2.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб. 
 
4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.  
 
5.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб 
 
Өзіндік тапсырма : 
 
1. Тарихта жоспар құрастыруға алгоритм құрастыру. 
 
2. Тарихи құжат бойынша сараптамалық сұрақтар құрастыру. 
 
Семинар № 8 Тақырып: Мақсат қою технологиясы. 
 
Негізгі түсінктер : үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, білімділік аспекті, дамушы аспект, тәрбиелік аспект. 
 
Мақсаты : Студентердің сабққа мақсат қою жолдарымен таныстыру. Сабақ мақсатының маңыздылығы, мақсаттың тереңдігі. Оқушыларға қойылатын мақсаттың қажеттілігі мен тиімділігі. 
 
Жоспар: 
 
1. Сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптар.  
 
2. Үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, 
 
а) білімділік аспекті 
 
а) дамытушылық аспект 
 
а) тәрбиелік аспект 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптарға тоқталу керек. Мақсат қоюдың тарих сабағын оқыту әдістемесіндегі негізгі функциясының маңызына тоқталу қажет. 
 
Екінші мәселе бойынша, үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, 
 
а) білімділік аспекті 
 
а) дамытушылық аспект 
 
а) тәрбиелік аспектілерінің өзіндік ерекшеліктерімен міндетін нақтылау жолдарымен тәсілдеріне назар аударуға үйрену дағдыларын қалыптастырудың тәсілдеріне тоқталу керек. 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
3. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.  
 
Өзіндік жеке тапсырмалар: 
 
1. Үш бағыттағы дидактикалық мақсатты құрастыру (5;6 сыны оқулығына сүйене отырып). 
 
2. Қойылған мақсаттарды сараптау (оқулық материалдарын қолданып) және сабақтың түрін талдай отырып. 
 
^ Семинар №-9 Тақырып: Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар  
 
Негізгі түсінктер: Сабақ; сабақтың этаптары; сабақтың түрі; типі; семинар – сабағы; дәріс – сабағы: диспут – сабағы; сот - сабағы; технологилық карта; сабақтың жоспарлық конспекті. 
 
Мақсаты : Сабақтың маңыздылығы мен қажеттілігін студенттерге жеткізу. Сабақтың – негізгі білім беру формасы екенін түсіндіру. 
 
Жоспар : 
 
1. Тарих сабағына қойылатын талаптар  
 
2. Тарих сабағының түрлері  
 
3. Жаңа сабақтар түрі 
 
4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы 
 
Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтың – мектепте негізгі білім беретін ұйымдастырушы формасына тоқталу керек. Сабаққа қойылатын талаптармен сабақтың – үш бағыттығы мақсаттарына түсінік беру қажет. Сабақтың құрал-жабдықтары. Жоспар. Екінші мәселе бойынша, сабақтың түрі типі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Күнделікті жоспар. Үшінші мәселе бойынша, жаңа сабақ түрлері т.б. негізгі оқыту процесінің элементтеріне жеке – жеке тоқталу арқылы функциялық маңыздарын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша талдап беру қажет. Төртінші мәселе бойынша, мұғалімнің сабаққа дайындығының оқыту талаптарына сай деңгейлігін талдау. 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Семинар № 10-11 Тақырып : Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау. 
 
^ Негізгі түсініктер: білім бағалау жүйесі; күнделікті баға; қорытынды баға; саралық баға. 
 
Мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру барысында әділетті мінездемелік баға қоюға үйрету. Баға түрлерімен таныстыру. Білімді бағалаудағы мұғалімнің эстетикалық әдебі мен педагогикалық принцптерді ұстануға баулу.  
 
Жоспар : 
 
1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің мақсаты мен міндеті. 
 
2. Бағалау жүйесі. 
 
3. Сұрақтардың түрі. 
 
4. Баға түрі, критериилер. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылардың білімін бағалаудың мақсаты мен міндеттерін әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып талдау. Екінші мәселе бойынша, оқшылардың – тарихи заңдылықтармен тарихи терминологияның меңгеруін тексеру. Оқушылардың тарихи білімінің тереңділігін жүйелендіру. Үшінші мәселе бойынша, білімді тексеру түрлері: ауызша; жазбаша; қорытынды; компьютерлік түрі және т.б. Білімді тексеру мен бекіту. Қорытынды білім тексеру жүйесі: тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Емтиханға дайындық. Емтиханға дайындық. Емтихан нәтижелерінің бағаларының білімдік көрсеткіштерін есептеу арқылы сапалық үлгерімдерін анықтау жолдарының тәсілдерін меңгерудің жолдарын үйрену. Төртінші мәселе бойынша, баға түрімен білімді бағалаудың критериилерімен педагогтік принцп мәселелері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне нақты мысалдар беру арқылы талқыға салу. 
 
Өзіндік тапсырмалар:  
 
1. Үй тапсырмасын тексерудің түрлерін көрсету (карточка; ауызша; тест; т.б.). 
 
2. Баға критериилерін қарастыру. 
 
Әдебиет: 
 
1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
Семинар № 12 Тақырып : Тарих сабағынан тыс жұмыстар.  
 
Негізгі түсініктер : сабақтан тыс жұмыстар; өлкетану жұмысы; экскурсия; олимпиада; тарихи кеш.  
 
Мақсаты : Студенттердің сабақтан тыс уақытта оқушыларды тарихқа үйрету тарих пәніне қызығушылығын арттыру.  
 
Жоспар : 
 
1. Сабақтан тыс тарихи жұмыстардың негізгі ерекшелігі (сабақтан айырмашылығы). 
 
2. Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролі. 
 
3. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері. 
 
Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың оқушыларға қажеттілігімен тарихи білімге деген қызығушылықты арттыру жолдарының тәсілдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролімен тарихи танымдық маңызын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйеніп дәлелдеу қажет. Үшінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың түрлеріне мінездеме беру қажает. Өлкетану жұмыстары. Тарихи кештер мен тарихи ұйымдарды жүргізу. Тарихи олимпиадалар. Тарихи ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың әдістеріне тоқталып, қамтып кету қажет.  
 
Әдебиет : 
 
1. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1 
 
2. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1  
 
3. Толеубаев К.М. 10-11 сыныптар үшін «тәрбие сағаттарын өткізу». «Қазақ тарихы», А. 1998 ж № 13 
 
4 . Құсайынов Р. «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991 № 12 3-5 бет. 
 
^ Семинар № 13 Тақырып: Тарих мұғалімі 
 
Негізгі түсініктер: маманданған талаптар; мұғалімге жеке тұлғалық талаптар; педагогикалық еңбек; педагогикалық шеберлік; біліктік.  
 
Мақсаты: тарих мұғалімінің мінездемесі. Жалпы қойылатын талаптар. Тарих мұғалімінің мамандық қасиеттерін қалыптастыру жолдары. 
 
Жоспар : 
 
1. Педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі: 
 
а)Құрама компонет; 
 
б)Жорамалды компонент; 
 
с)Сараптамалы компонент; 
 
д)Ақпаратты компонент; 
 
е)Ұйымдастырушы компонент; 
 
ф)Байланыс компоненті. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі: 
 
а)Құрама компонет; 
 
б)Жорамалды компонент; 
 
с)Сараптамалы компонент; 
 
д)Ақпаратты компонент; 
 
е)Ұйымдастырушы компонент; 
 
ф)Байланыс компоненті; 
 
Аталған алты компанентің әр қайсысына жеке – жеке әдіскер – тарихшылардың тә-жірибелерімен еңбектерінің негізінде нақты мысалдар келтіріп, жауап берумен қатар мә-селеге қатысты өзіңнің пікіріңді білдіре кеткен жөн. 
 
^ Семинар №14 Тақырып: Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. 
 
Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу. 
 
Жоспар: 
 
1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман 
 
2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары 
 
3.Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастырудағы қоғамдық пәндердің ролі 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сон-дықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталу. 
 
Екінші мәселе бойынша, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр. 
 
Үшінші мәселе бойынша, жастар-қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді» – деген ұлағатты сөздердің мәнін аша оты-рып, тарих пәнінің тәрбиелеушілік мол мүмкіндігінің әдіс-тәсілдерінің озық тәжірибеле-рін таңдаудың жолдарын ұсына отырып, өз пікіріңді білдіре кету жөн. 
 
Әдебиет:  
 
1. Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. № 8.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б. 
 
2. Ө.И.Исенов .Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб 
 
3. «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб. 
 
4. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб. 
 
5. Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов. Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.  
 
6. Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб 
 
Семинар № 15 Тақырып : Сабақты талдау. 
 
Мақсаты: Сабақты талдауға үйрету, өзіндік талдау жасай білу. 
 
Жоспар: 
 
1. Педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түрі  
 
2. Педагогикалық сараптаманың түрлері. 
 
3. Сараптама әдісі.  
 
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түріне тоқталып кету қажет. Екінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптаманың түрлерін анықтап оларға сипаттама беру керек. Үшінші мәселе бойынша, сараптама әдісі бойынша Әбдіғұлова Бағлан Қапарқызы сияқты әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып,сараптама әдісі оған қойылатын талаптар мен жаднамалар хақында түсінік берумен қатар мәселеге қатысты өз пікіріңді білдірген де жөн. 
 
Әдебиет :  
 
1. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет. 
 
2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990  
 
3. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1 
 
Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша мултьимедиялар:  
 
Видеокассеталар:  
 
1. Овчинникова В.И. «Продуктивное обучения» 70 мин. 
 
2. Артемова Е.И. «Модульное обучения на уроках истории» 45 мин. 
 
Компьютерлік оқулық:  
 
1Қазақстан тарихы 2 бөлім 
 
Практикалық сабақ:  
 
1. 5-7 сыныптағы аралас сабақтың 1,2 этапын талдау. 
 
2. Жоғарғы сыныпта өткізілетін сабақ түрлерін талдау.  
 
3. Жаңа сабақ түрін дайындау. 
 
5. Тарихты оқыту әдістемесі пән бойынша терминдік түсініктер. 
 
«Инновация» (латынша ind-novus - жаңашылдық) көптеген ғалымдар мен 
 
педагогтердің пікірінше, «жаңалық еңгізу» болып табылады. М. Поташник барлық түсініктерін талқылай отырып: «...жаңалық еңгізу – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы және т.б.), ал «инновация» - бұл осы құралдарды игеру үрдісі деп анықтама береді. 
 
«Жаңашыл» сөзі орыс тілінде – жақсартушы, «жаңаландырушы» аналогыда мағынасы бар. Бұдан шығатын қорытынды: жаңашылдық – бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістерді еңгізу. Қазіргі уақытта «педегогикалық технология» психологиялық – педагогикалық әдебиетте ең көп таралған және қолданылатын ұғым. 
 
Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, өндеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту (В.М. Шепель). 
 
^ Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амалдарын анықтайтын психо – педагогикалық құрылымдардың жиынтығы, ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады. (Б.Т. Лихачев.). 
 
^ Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі. (В.М. Монахов) 
 
^ Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асырылатын мазмұнды техника (В.П. Беспалько). 
 
Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы. (И.П. Волков). 
 
^ Кәсіби- бағдарланған технологиялар – оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара іс- әрекетінің жүйесі. 
 
Құрылымдық – логикалық технологиялар – оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді, кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерін қою мен шешудің логикалық ьірізділігін қамтамасыз ету.  
 
^ Интеграциялық технологиялар – бұл курстар , оқу тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамассыз ететін дидактикалық жұйелер. 
 
^ Ойын технологиялары – оқу -тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануда көздейтін дидактикалық жүйелер. 
 
Тренинг технологиялары - белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған дидактикалық жүйелер. 
 
^ Ақпараттық – компьютерлік технологиялар – ЭЕМ- дер мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды және пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер. 
 
^ Проблемалық оқыту технологиялары –оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жағдаяттарын шешуге бағытталған деалектикалық жүйелер. 
 
^ Диалогтық технологиялар – оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекетінде деалогтық ойлау негізге алынатын ұйымдастыру формасы мен оқыту әдісі. 
 
Оқытудың ұжымдық формасы – сыныптағы 25 – 30 оқушыны бір мұғалім оқытады. Қалыптасқан дәстүрлі сабақ құрылымында оушылардың1/3 білім ала алмайды. Жаңа оқу материалын негізінен мұғалім өзі түсіндіреді , пысықтау кезінде 3-4 , кейде 7-8 тәуір оқитын оқушылар қанағаттанарлық жауап береді. Келесі сабақта жауап беретін сол оқушылар. Мұндай сабақта шәкірттердің үштен бірінің қанағаттанарлық білім ала алмайтын ұстаздардың бәрі біледі. Өйткені олармен міндетті білім меңгертуге бағытталған жұмыс жүргізілген жоқ. Осы проблеманы зерттеумен шұғылданған авторлар (В.К. Дьяченко, Ғ.М. Құсайынов, т. б.) сыныптағы барлық оқушыға бүгінгі оқу материалын толық меңгертуді міндет етіп қойған. 
 
^ Проблемалық оқытудың технологиясы дұрыс, тиімді қолданылған кезде оқушылардың ойлау – таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға, қоршаған ортада болып жатқан қоғамдық – саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады. Проблемалық оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін проблемалық ситуация туғызу керек. 
 
^ Модульдык оқыту технологиясының ерекшелігі - оқулықтағы оқу материяның құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, семинар, қорытып – қайталау сабағы болу мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарлаған нәтижеге жетуін қамтамассыз ету. 
 
^ Дамыта оқыту тарихты оқытуда көп уақыттан бері пайдаланылып келеді. Оларды дұрыс, тиімді пайдаланған уақытта оқушылырдың ойлау, таным қызметін ойдағыдай дамытуға, шығармашылықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін жетілдіруге мүмкіндік туады. Тарихтағы әр кезенде болған ұқсас тарихи оқиғаларды, құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, айырмашылықтардың болу себептерін анықтау сиақты тапсырмалар бұған өте қолаилы. Тарихтағы жеке көрнекі қайраткерлердің атқарған қызметін толық ашып көрсету, оларға өздігінше баға беру сиақты тапсырмалар да осындай сипаты бар жұмыс түрлеріне жатады. 
 
^ Этнопедагогикалық мәліметтерді пайдалану техналогияларына келетін болсақ алдымен тарих пәнін бүкіл адамзаттың тарихи екенін, оның көп қырлы, жан-жақты ғылым екенін ескеруіміз керек.  
 
^ 6. Студенттің өз бетімен игеретін өзіндік жұмыс жоспарлары: /45 сағат/ 
 
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары. 
 
/ Күндүзгі оқу бөлім /

Тақырыптар

СӨЖ

1

Оқулықтардағы дидактикалық материалды талдау.

15

2

Әдістер және әдістік тәсілдер.

15

3

Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау.

15

Барлығы

45

Студенттің өз бетімен игеретін өзіндік жұмыс тақырыптары 
 
№ 1 тақырып : Оқулықтардағы дидактикалық материалды талдау. / 15сағат/ 
 
Мақсаты : Оқулық материалдарын практика жүзінде құрастыруға үйрену. 
 
Жоспар : 
 
1.Тарих оқулықтарын сараптау 
 
2. Мектеп оқулығы мен бағдарламаның сәйкестігін анықтау 
 
3. Оқу материалдарын логикалық, жүйе түрінде орналастыру 
 
2-тақырып: Әдістер және әдістік тәсілдер. / 15 сағат/ 
 
Мақсат: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдістерінің класссифкациясын қарастыру. 
 
Жоспар: 
 
1.Оқудың әдістері туралы ұғым. 
 
2.Тарихты оқытудағы ауызша сөздің ролі. Ауызша баяндаудың түрі. 
 
3.Тарихты ауызша оқытудағы әңгіме, әңгімесінің түрлері, оған қойылатын талаптар. 
 
4.Тарихты оқытуда баспа текстерінің ролі. Тарих оқулықтарымен жұмыс. 
 
5.Тарихи деректердің түрлері және тарихи деректерді оқып үйренудің тәсілдері. 
 
6. Жас шамалары әртүрлі сыныптарда кқөркем әдебиетпен жұмыс жасау. 
 
№ 3 Тақырып : Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау. /15 сағат/ 
 
Мақсаты: Сабақтың технологиялық картасын құрастыру. Сабақтың мақсаты мен түрін келтіру. Сабақтың күнтізбелік жоспарын құрастыру. Оқушылардың белсенділігін арттыру.  
 
Өз бетімен орындайтын практикалық тапсырмалар:  
 
Жоспар: 
 
1. Техналогиялық картаны қорғау.  
 
а) Сабақтың мақсатын, түрін, құрылымын анықтау. 
 
б)Оқыту әдісін теңдеу және оқушылардың қабылдау қабілетін байқау. 
 
2. Күнтізбелік жоспарды құрастыру және қорғау.  
 
а)Сабақтың құрастырылуын, мақсатын, түрін белгілеу.  
 
б)Қолданатын әдістеріді сабақтың тақырыбымен байланыстыру. 
 
с)Оқулық материалын құрастыру. 
 
д)Оқушылардың танымдылық іс – шарасын арттыру. 
 
3. Сабақтың түрін құрастыру, қорғау. 
 
а)Сабақтың түрін таңдап, сәйкес сабақ құрастыру.  
 
б)Сабақ этаптарын нақты белгілеу. 
 
с)Оқушылардың білімділік қасиетін сабақтың барлық этаптарын сақтау. 
 
^ 7. Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін  
 
өзіндік жұмыс жоспарлары:  
 
/ 45 сағат/ 
 
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптық жоспары. 
 
/ Күндүзгі оқу бөлім /

Тақырыптар

СОӨЖ

1

Тарих бойынша мектеп оқулықтарының сипаттамасы, олардың құрылымдық міндетіне талдау жасау.

8

2

Оқудың дидактикалық /өсиеттік/ құралдарына жалпы сипаттамасы

12 

3

Тарихты оқытудағы пәндік ішкі және пән аралық байланыстар

10

4

Тарихты оқытудағы ұйымдастырудың түрлері.

5

5

Тарихты оқыту процесінде оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексеру мен бағалаудың жүйесі.

5

6

Әдістер және әдістік тәсілдер.

5

Барлығы

45

А.Т. Ташимова, педагогика магистрі,  
«Қоғамдық-тарихи пәндер» кафедрасының оқытушысы Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы 
Е-mail:

salta_ald@mail.ru

Бұл мақалада қазіргі замандағы білімнің талаптарын ескере отырып педагогикалық технологиялар және тарих сабақтарында студенттердің тану іс-әрекетін белсендететін оқыту технологиялар қарастырылған.

The article deals with individual teaching methods in developing cognitive activities of studenten taking into account person-orieuted approach and Requirements of modern educational techniques.

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады[1]. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып тарих сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.

Студенттердің тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Технология сөзі – гректің өнер, шеберлік, біліктілік, оқу сөздерінен шығып, көптеген ұғымдарды білдіреді. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер көп. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько) [2]. «Педагогикалық технология дегеніміз- педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданатын тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М.В.Кларин) [3]. «Педагогикалық технология-белгілі бір маңызды әрекетке, өнерде, шеберлікті мақсатқа жету қолданылатын әдіс» (В.Даль) [3].

Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.

Оқыту технологияларына тән белгілер:

  • негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);
  • жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);
  • басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);
  • тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді: 
а) тұжырымдық негізі; 
ә) оқыту мазмұндық бөлімі; 
оқутудың нақты және жалпы мақсаты; 
оқу материалдарының мазмұны; 
б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі; 
оқу үрдісін ұйымдастыру; 
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары; 
мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Студенттердің шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында жүргізілетін тарих сабақ түрлерінің сызба 2-де төменде берілген [5].

Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін студенттерді дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек. Жобалау әдісі үнемі оқушылардың дербес іс-әрекетіне бағытталған - жеке дара, жұптық, топтық. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып, оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтады. Әдістің негізінде студенттердің танымдылық біліктіліктерін, өз білімдерін дербес басымен құрастыру икемділігін және ақпараттық кеңістігінде баулу, сын тұрғысынан ойлау икемділігін дамытуы жататындығы айқындалды. Жобалау ұғымы негізінде – мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтиже тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады. Нәтижеге жету үшін балаларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету керек, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылетттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек [6].

  1. Жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары:
  2. Зерттеу шығармашылық жоспарында мәнді мәселелінің болуы, бұл мәселені шешу үшін зерттеу ізденісі жөнінде оқушылардың біліктілігі.
  3. Ұсынылған нәтижелердің тәжірибелі, теориялық , танымдылық маңыздылығы.

Оқушылардың дербес іс әрекеті (жеке дара, жұптық, топтық).

Жобаның мазмұнды бөлігін құрастыру (әр кезен бойынша нәтижелерін белгілеу).

Іс әрекеттің белгілі бірізділігін алдын ала карастырылатын зерттеу әдістерін пайдалану:

  • («ми шабуыл», «донгелек стөл» арқылы )мәселені және оның зерттеу міңдеттерін анықтау;
  • мәселені шешу жолдары болжау;
  • зерттеу әдістерін талқылау (статистика, эксперимент, бақылау және т.б.);
  • ақырғы нәтижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау (презентации, қорғау, шығармашылық есептер, көріністер және с.с.);
  • алған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жинау;
  • қортындылау, нәтижеле және презентациялау,
  • зерттеудің жаңа мәселелерді шығару.

Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен оқушушылардың мамандық қызуғышылары, мүдделері және қабылеттерін ескерту қажет, немесе сабақтан тыс іс әрекетіне байланысты болу мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу қажет.

Қазіргі нарықтық экономика шарттарында жастарда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту мақсатымен қоғамдық – тарихи сабақтарын жүрізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде «Пікірсайыс» бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелер қатар қанатын жайды. Интерактивті әдістерге негізделген пікірсайыс технологиясы қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты авторитарлық стильден ашық талқылау мүмкіншілігі бар жағдайға өтуге көмектеседі. Пікірсайыс арқылы көптеген мақсаттарға жетуге болады оқушылардың білім деңгейін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау т.б.

Пікірсайыс технология – қарым-қатынасқа негізделеді: оқытушысы-студент. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ студенттің өзіне түседі. Пікір сайыста студент оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді. Пікірсайыс технологиясын сабақ процесінде қолдануы кіріспе бөлімнен тұрады, мұнда студентер қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені студенттер талқыланатын мәселе бойынша білімі болмаса, пікірталасты өз мәнінде өткізе алмайды [4]. Осыдан кейін мәселені шешу жолдарын шешу жолдарын шешендіктен дәлелдеп, барлық тындаушылардың алдында қорғауы тиіс.

«Пікірсайыс» технологияның жетістіктері:

  • шешендік дағдыны жетілдіреді;
  • өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйретеді;
  • анық, әсерлі, нақты сөйлесуге баулиды;
  • достық, жылылық, сыйластық, пікір сыйлау, құрметпен қарап, пікір таластыруға үйретеді;
  • пікірсайыс кезінде оқушы бір мезгілде жазу және ойлау, айту қабілетін жетілдіреді.

Пікірсайысты оқу үрдісінде пайдаланудың пайдасы жоғары, өйткені «пікірсайыс» - философиялық, психологиялық, саяси, лингвистикалық ғылым; «пікірсайыс» - пікірталас, шешендік өнер.

Сонымен жаңа оқу технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде студенттер жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет. Бұл мұғалімдерге өздеріне оқу үрдісін қайта жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негізгі тірегі болып табылады. Даналы қытайлықтар бұл мәселені бұрынан ұғып алды, осыған орай бұны келесі мақалада ажыратқан: «мың ұстаздар – әр қайсысы мың әдістерімен», яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін тандауға құқылы. Ұсынып отырған бүгінгі оқу технологиялар болашақ ұрпақтың игілігі мен ізгілігі үшін жасалып жатыр.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 ж. Дейінгі Білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан. 23 желтоқсан, 2003ж.
  2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии.М: Педагогика, 1989.- 47 б.
  3. Кларин М.В. Технология учебного процесса в зарубежной дидактике // Современная дидактика.-М.:Образование, 1994.-215 б.
  4. Ахметова С.Р. Пікірсайыс технологиясын педагогикалық үрдісте пайдалану. Семей, 2005ж.
  5. Жолдасова Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №2, 2008ж.
  6. Төлеубаева Г. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялар. Қазақ тарихы, №2, 2009ж.

Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану [ 32 бет ]

Жоспар 
 
Кіріспе......................................................................................................3 
 
І

 тарау. Тарихты  оқытудағы жаңашыл – инновация. 
1.1 Қараев Ж.А., Жанпейісова С. Жаңа технологиялық әдістері..................6 
1.2 Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану...............................9 
 
ІІ – тарау. Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану. 
2.1 Биоинформатика және синергетика технологиясын тарих 
сабақтарына қолдану жолдары...................................12 
2.2 Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы.....................................................13 
2.3 Тарихты оқытуда “Сыни тұрғыда ойлау” жобасының  
стратегиялық технологиясын қолдану..............16 
 
ІІІ. Қорытынды.................................................................................26 
 
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................28

Кіріспе  
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата - аналар, қоғам талаптары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды. 
Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс - тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз. 
Инновация ағылшын тілінде жаңаны енгізу, жаңаша бастау деген мағынаны білдіреді екен. Сөздің ауқымды мағынасында ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұжымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып есептеледі. 
Ал, педагогика ғылымында оқыту және тәрбиелеу үрдісінде оқу материалдарын - теориялық және іс - тәжірибелік оқу материалдарын түсіндіру, игеруге қатысты, нәтижелі дәрежеге жетуге қажетті жаңа оқыту әдістерін, көрсетудегі жаңа элементті, жаңа қосымша мәліметтерді, баяндауды, тестілеуді, жаңа түрлендірулерді қысыңқы пайдалану, қосымша көрнектілік жасап, оқушылардың түгел оқу материалдарымен шұғылдану жолын табуды, оқу процесін басқаруға жаңа құралдарды ендіруді айтамыз. 
Ал, инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал — жабдықтарды түрлі келісім – шарттық жолдармен табыстар табу бағытына шоғырландыру» деген анықтама берілген. Тарих пәнінде инновациялық қызмет дегеніміз елдегі жинақталған білім, оқыту әдістемелері, тәсілдері, оқыту технологиялары, оқытудың түрлі техникалық құралдарын оңтайлы, ұтымды, мақсатты ойластыра, орынды, мерзімінде пайдалану, оқу процесін тиімді қайталау, пысықтау, басқаруды жетілдіру болып есептеледі.  
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық – техникалық базасын, шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние.  
Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, тарих пәнінің үздік ойлары, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жедел жаңару жолындағы табыстары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми - әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, бірыңғай ұлттық тестілеудегі жетістіктер болып табылады. 
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік-бірінші кезекте бәсекелестерін, барлық қарама - қайшылықтар. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әлі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құрай алмаймыз» делінген ой үлкен мәнді және жауапкершілікті нақтылайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. . Тұрлығұл., Б.Адырбек, А. Көпекбай.Ежелгі Қазақстан тарихы. Методикалық көмекші құрал. Т 5 сынып мұғалімдеріне арналған. - Алматы, 2001. 185 б. 5-6 беттер 
2. Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы 
ретінде. Алматы, 2002. 246 б. 15-16 беттер 
3. Н. Әбдіжалиев Тарих сабақтарында интерактивті сабақтарды қолдану. «Қазақстан тарихы» 01.30.2006 .№1 25-26 б. 
4. С. С. Сұлтанбекқызы Биоинформатика және синергетика технологиясын тарих сабағында қолдану «Қазақстан тарихы» 02.30.2006 №2 27-30 б. 
5. А. М. Оңғарбай Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану. «Қазақстан тарихы» 03.03.2006 №3 14-15 б. 
6. Р. Бектаева Дамыта оқыту технологиясын тарих сабағында қолдану. «Қазақстан тарихы» 04.03.2006 №45. 7-8 б. 
7. Тұрсын Хазретұлы «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі» Алматы 2004 200 б. 41-42 беттер 
8. Тарих бойынша орта мектеп бағдарламалары 5-11 сыныптар А, 1992 185 б.7-8 беттер 
9. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы 1984 . 280 б. 18-19 беттер  
10. Тұрғанбаев Б. А. Дамыта оқыту технологиялары - Алматы 2000 . 180 б. 9-16 беттер 
11. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студенттерінің оқу тәрбиелік  
практикасын өткізу және ұйымдастыру әдістемелік талқылама Алматы 1997 315 б. 42-45 беттер

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Жарылқасын Гауһар Айболатқызы  
Қызылорда облысы Қазалы ауданы 
Әйтеке би кенті №170 орта мектебі

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. 
Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағыөзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе. 
Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс – әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру. 
Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады. 
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру. 
1. Мотивациялық кезең 
Қарастырылуға тиісті мәселе төңрегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтау. 
Мәселені әр қырынан талқылау; 
Әр түрлі идеялар, көзқарастарды ортаға салу; 
Тәжірбиемен алмасу; 
Белсенді оқу әрекетіне ынта – ықылас туғызу; 
2. Жаңа ақпаратпен жұмыс 
Қалыптасқан кәсіби көзқарастарды өзгертуге бағытталған жұмыстар. 
Теориялық білімдерді меңгеру; 
Өз тәжірбиесін басқалармен позициясымен салыстыра отырып, коррекция жасау; 
Жаңалықтар, болжамдар таба білу; 
3. Жаңа кәсіби көзқарастар қалыптастыру 
Әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру; 
Жаңа шығармашылық ойлардың тууы; 
Жаңалықты практикада қолдану; 
Рефлексия. 
Жаңа мақсатқа сай түзілген оқу құрлымы мен мазмұнында логикалық жүйелілік сақталады.Іс – әрекетті жаңа ақпараттар жайлы идеялар жинақтаудан басталып, шешім қабылдаумен аяқталатындай етіп жоспарланады. 
Мақсаткерлік ақпараттық құзыреттілікті дамыту, мәселенің идеясын ашу, оны шешудің жолдарын, құралдарын белгілеу, жаңалықты жан – жақты талдап, практикада қолдана алу сияқты әрекетерді қамтиды.Ашық қойылған мақсат нақты нәтижеге әкелетін алғашқы қадам. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды. 
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. 
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады. 
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. 
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. 
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады. 
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі. 
Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады. 
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады. 
Ақпараттық құзыреттілік 
Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; 
Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға; 
Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; 
Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.  
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері: 
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау: 
Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі; 
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады; 
Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады. 
2)Алғашқы ақпаратты алу: 
Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі; 
Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады; 
Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.  
3) Ақпаратты екінші қайтара алу: 
Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді; 
4) Ақпаратты алғашқы өңдеу: 
Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді 
5) Ақпараттарды өңдеу: 
Алынған ақпаратты дәл баяндай алады; 
Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді; 
Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады. 
А.Қ.Ш. Мичиган штатында Хоуп колледжінің америка әдебиетінің мұғалімі Дэвид Клустердің ұсынған анықтамасы бес пунктен тұрады :  
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. 
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып табылады.  
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. 
Төртіншіден, сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.  
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі немесе философ Хана Арендттің жазуынша «тек кімде кімнің қатысы болғанда ғана кемелге жетуге болады». Басқалар таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз көзқарасымызды дәллдеп, оған терең бойлай түседі. Сыни тұрғыдан ойлау анықтымасының бес пунктінің барлығы оқу әрекетінің кез келген түрінде орын алуы мүмкін. 
Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:  
1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. 
2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы. 
3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады. 
4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу. 
5. Оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.  
6. Бірін –бірі сыйлауға баулуы. 
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады. 
8. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы 2006 
2. Ж.А. «Методологические основы совершенствовование педагогической системы обучения в школе»

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Жарылқасын Гауһар Айболатқызы E

Просмотров: 4804 | Комментарии: 2| Рейтинг: 0.0/0

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын Қазақстан тарихы пәнінде қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру

Категориясы: Тарих

Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты. 
Бүгінгі таңда еліміздегі мектептегі білім беру ісі, заманауи ақпараттық технологиялармен жарақтандыру шаралары біршама өз шешімін тапқандай болса да, әлі де рухы таза, ұлтжанда ұрпақ өсіруде нәтижеге қол жеткізе алмай отырған сияқтымыз. 
2012 жылдың желтоқсан айындағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жаңа стратегиялық бағдарламасында - Мен 2050 жылғы  
 
Қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. 
Олар - әлемнің азаматтары. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары 
“Қазақстан 2050” Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. 
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен алдағы асулардан алқынбай асамыз - делінген 
Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор. 
 
Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. 
 
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» стратегиялары тарих пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым: 
- мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға; 
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; 
- жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; 
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы; 
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге; 
- ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге. 
 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады. 
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 
2. Сенімділікке тәрбиелеу. 
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау. 
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау. 
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. 
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау. 
7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. 
 
Тәрбиесіз берген білімнің зияны туралы бұдан бұрынғы ғұламалардың айтып кеткені белгілі. Осыған орай менің ұстаз ретіндегі өмірлік ұстанымым – рухы таза, өзінің қазақ деген ұлттың бір бөлшегі екендігіне мақтана алатын, оны шынайы сүйіп қастерлейтін жеткіншектерді тәрбиелеу, білім беру. Біздің ұлтымыздың тарихында біз қорынатындай ешқандай ұлтты қаралайтын беттер жоқ. Қазақ тарихы – тірі болу, тіршілік үшін күресу, бірігу тарихы. 
Баланың сезіміне әсер етпей, санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан табатын өнер”, - деген екен. Мен өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдаланып жүрмін. 
 
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. 
Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не? 
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. 
 
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. 
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады. 
 
Сабақтың құрылымы: 
1. Қызығушылықты ояту: 
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту. 
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. 
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. 
2. Мағынаны ашу: 
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі. 
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. 
3. Ой толғаныс: 
Оқуды қорытындылау. 
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі: 
1. Негізгі ойды суреттеу 
2. Топтастыру 
3. Бес жол өлең 
4. Эссе жазу 
5. Болжам кестесі 
6. Галереяға саяхат 
7. ЖИГСО 
8. Венн диаграмма 
9. Қос жазба күнделік 
10. Авторға сұрақ қою 
11. Әлемді шарлау 
12. Ой қозғау 
13. Оқиға желісі 
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. 
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. 
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады. 
Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.

Главная » Файлы» География

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы

Скачать реферат с сервера

15.10.2010, 07:53

Жоспары:

I. Кіріспе.  
II. Негізгі бөлім.  
1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.  
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері.  
3. Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері.  
4. Нәтижесі.  
III. Қорытынды.

Кіріспе

Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картамен жұмыс жасауға үйрету».  
Бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым: «Карта және кескін карта – бұл географияның екінші тілі».Оқушыларды өз бетімен кез-келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіруге, географиялық нысандардың орналасуын, олардың дұрыс жазылуын, кішігірім карта жасауға және бұл жұмыстарды орындағанда оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жұмысты дәл орындауға тәрбиелеу.  
Шығармашылық жұмысым 4 бөлімнен тұрады.  
I.Кіріспе.  
II. Негізгі бөлім.Ол 4 бөліктен тұрады.  
1. Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.  
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері.  
Мұнда оқушыларды кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланып, мысалы өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керектігін түсіндіру.  
3.Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері.  
Бұл бөлімде оқушыларды кескін картамен жұмыс ғана емес, сонымен қатар қарапайым карта жасауға үйрету.  
4. Нәтижесі.  
Мұнда кескін картамен жасалған жұмыс түрлері арқылы оқушылардың жетістіктерінің нәтижелері.  
III. Қорытынды.  
Бұл бөлімде оқушылардың кескін картамен жасаған жұмыс нәтижелерінің өзгерген деңгейін сипаттау.

II. Негізгі бөлім.

1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының  мазмұны.  
Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.  
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :  
а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;  
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;  
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;  
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;  
г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.  
Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:  
- жеке құрылымдарға бағдар беру;  
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.  
Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.  
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:  
I – деңгейдегі тапсырмаларға:  
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;  
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;  
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;  
II – деңгейдегі тапсырмаларға :  
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.  
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.  
III – деңгейдегі тапсырмаларға :  
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;  
2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;  
3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.  
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:  
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.  
2) олимпиадалық есептер;  
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.  
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

2. Кескін картамен жұмыс жасаудың  ережелері.  
Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады.  
Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді.  
Кейбір нысандар кескін картада белгіленген (мысалы, мемлекеттердің шекаралары, ірі қалалар, өзен – көлдер) тек қажетті шартты белгілерді дұрыс тауып, оны қарындашпен белгілеп, жазу қажет. Мысалы, өзен – көлдерді оқығанда оқушылар кескін картада аталған өзен – көлдерді тауып, олардың аттарын жазады.  
Егер аталған нысандар кескін картада белгіленбесе, оқушылар бірінші берілген мәліметтер негізінде олардың орналасқан жерін анықтап, содан кейін ғана шартты белгілермен түсіріп жазу қажет.  
Мен осы нысандардың аттарын кескін картаға түсіруде бірнеше қағидаларды есте сақтау қажеттігін оқушыларға алдын – ала ескертемін. Мәселен, өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керек.  
Жоғары сыныптарда кескін карта күрделі картографиялық жұмыстар жасауға, яғни, картограмма құрастыру, карта диаграммамен экономикалық картосхема жасауға пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық салаларының орналасуын өткенде оқушылар кескін картадан шартты белгілерді пайдаланып, шикізаттардың орналасқан аудандарын, ескі және жаңа өнеркәсіп аудандарын, т.б. көрсетеді.  
Осы жұмыс жасаған жылдарым ішінде тәжірибем көрсеткендей, кескін картамен жұмыс географиялық нысандардың аттары және олардың картадағы орналасуы оқушылардың географиялық нысандардың дұрыс жазылумен аталуын меңгеруіне әсерін тигізеді.  
Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан – жылға география пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады.  
Әр уақытта, кескін картамен жаңа жұмысты бастағанда, мен оқушыларға қандай шартты белгілерді қолдануды, қалай түсіріп, қалай жазу керектігін түсіндіріп, содан кейін ғана сыныпта картамен бірнеше жұмыстар жүргізіп, жұмыс түрінің негізін меңгергеннен кейін ғана, үйге кескін картамен жұмыс беремін. Сыныпта күнделікті тек қана үлгі жұмыс (нысандарды белгілеу, негізгі жазулар т.б.) орындап, ал картаны өңдеуді үйден жасайды. Сабақ сұрағанда мен, кескін картаны да сұрап, толтырылуын және жеке – жеке нысандарды тексеріп, бағалаймын.  
Оқушылардың кескін картаны толтыруда және мұғалімнің тексеруіндегі тәжірибе көрсеткендей, талаптарға тоқталайын.  
Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер қарындашпен түсіріледі: шекаралар – қызыл түспен, теңіздер мен өзендер – көк түспен, қалалардың пунсондары боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түрінде түсіріледі. Шартты белгілермен кескін картаны бояған бояу түстері барлығы қолданылатын түстер болғаны жақсы: бұл оқушының картаны оқып, үйренуі үшін маңызды. Ал легендасы картаның шетіне жазылады.  
Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.  
Әдетте мен кескін картаны тексергенде қатені түзетпеймін, тек қате жіберілген жерге сұрақ белгісін қоямын. Кейде мен картаны бүлдірмеу үшін қарындашпен қойып, ал шетіне бір жалпы ескерту немесе әрбір санға түсініктеме жазамын.  
Оқушылар өздерінің қателерін түзетіп, ескертулер мен сұрақтарды кетіргішпен кетіреді. Егер картада қате көп болса, картаны жаңадан салуды ұсынамын. Мұғалім әрдайым кескін картамен жұмыс жасағанда қойылған талаптардың орындалуын тексеріп отыруы қажет, бұл оқушыларды тазалыққа, жұмысты дәл орындауына тәрбиелеудегі маңызы өте зор.

3. Кескін картамен жасалынатын  жұмыстың түрлері.  
11 – сыныптың «География.Дүние жүзіне аймақтық шолуында» «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылағанда мен сыныптың ерекшелігіне қарай кескін картамен жұмысты III – деңгейге бөліп бердім.  
Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;  
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;  
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;  
Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.  
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.  
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.  
Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.  
Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.  
Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.  
Мысалы, 11 – сыныптағы «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылау тапсырмаларына тоқталайын:  
I – деңгейдің тапсырмалары:  
1. Еуропа елдерінің саяси картасын пайдалана отырып, Еуропадағы басқару формасы ірі монархиялық құрылымды елдерді және федерациялық құрылымды елдерді кескін картаға түсіру.  
2. Оқулық мәтінімен анықтамалық мәліметтерді пайдалана отырып, Еуропадағы елдерге барлау жасау.

Ірі елдерді дәптерлеріне теріп жазу.  
II – деңгейдің тапсырмалары:  
1.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, «Еуропаның минералды ресурстары» кестесін құрастырыңдар.

Минералды ресурстардың түрлері  
Аймақтары  
Тас көмір  
Қоңыр көмір  
Мұнай, мыс, табиғи газ  
Темір кені  
Түсті металдар  
Калий, тас тұзы  
Күкірт  
2. Оқулық мәтіні негізінде және экономикалық картаның мәліметтерін пайдалана отырып, Еуропадағы ірі өнеркәсіп орталықтарын тауып, кескін картаға дөңгелек диаграмма түрінде көрсету:  
а) Лондон, Мидлен, Глазго (Ұлыбритания);  
ә) Париж, Лион (Франция);  
б) Милан, Турин, Рим (Италия);  
в) Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, Дортмунд (ГФР);  
III – деңгейдің тапсырмалары:  
1. Орта және Оңтүстік Еуропаға кіретін бір – бір мемлекетке салыстырмалы сипаттама бер.  
 
Жеке елдерге сипаттама Нидерланд Испания  
1. Географиялық орны  
2. ЭГЖ-ң ерекшілігі  
3. Аумағы және әкімшілік бөлінуі  
4. Геосаяси жағдайы  
5. Табиғат ресурстары  
6. Туристік нысандары  
7. Халқы. Халқының құрамы, қоныстануы.Урбандалуы.Еңбек ресурстары.  
8. Шаруашылығы  
9. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қазақстан өзара қарым - қатынасы

Осындай тапсырмаларды беру арқылы сыныптағы бірінші деңгей оқушылары тек атлас, оқулықты пайдаланып, қажетті нысандарды кескін картаға түсіре алады. Бірінші деңгей оқушыларының жіберетін қателері – кескін картамен жұмыстың орындалу талабын ескермейді.  
Екінші деңгей оқушыларының тапсырмалары бірінші деңгейдің тапсырмаларына қарағанда күрделірек болады. Сыныптың екінші деңгей оқушылары өткен материалдары кескін картамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін бекітеді.  
Сыныптың үшінші деңгей оқушылары кескін картамен жұмыстың барлық ережелерін сақтап, өз бетімен жеңіл карта құрастыра алады. Оқушылар сыныпта меңгерген тақырыбымен шектелмей, қосымша материалдарды пайдалана отырып, жұмыс жасайды.

4. Нәтижесі.  
Осы тапсырмаларды тексеріп, қорытындылай келе, мен 11 – сынып оқушыларының осы тарау бойынша даму мониторингісін жасадым.(1 – қосымша).

III. Қорытынды.

Қорыта алғанда өзім жұмыс жасаған жылдары, яғни 4 – жыл ішінде оқушылардың кескін картамен жұмыс жасау деңгейі былай өзгерді (2 – қосымша).  
Жұмыс жасаған жылдарым ішіндегі тәжірибемнен байқап, мен мынадай қорытындыға келдім. Оқушылар кескін картамен жұмыс жасау арқылы мынадай нәтижелерге жетеді:  
1. Оқушылар өз бетімен кез келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіре алады. Кескін карта түсіру арқылы әрбір географиялық нысандардың орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады.  
2.Географиялық координаталарды табу арқылы математикалық білім мен іскерлікті бекіту.  
3. Теориялық білімді практикалық жұмыста бекіту.  
4. Оқушылар өз беттерімен қарапайым, күрделі карталарды жасай алады.  
5. Оқу процесі жарыс түрінде ұйымдастырылады.

Пайдаланған әдебиеттер :

1. «Методика преподавания географии  ». А.В.Даринский М.,1996  
2. «География және табиғат » журналы №1, 2004 жыл  
3. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру »  
Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл  
4. «География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл  
5. «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл  
6. «География мектепте » журналы №2, 2005 жыл  
7. «География в школе » журналы №7, 2000 жыл  
8. «Молодому учителю » М.,1965

Бұл шығармашылық жұмыста оқушыларға география пәнінде керекті кескін карталармен жұмыс жөнінде, жұмыс ережелері, оны пайдалану, жүргізу және басты ерекшелігі қазіргі заманғы жаңа технология әдістерін пайдалана отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, салыстыра оқыту арқылы оқушылар білімін дамытуға баулиды.Сонымен бірге мұғалім 4 жылғы жұмысының мониторингісін көрсеткен.  
Баяндама қалалық педагогикалық оқуға ұсынылады.

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.

Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың.

Өзектілігі - Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.

Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.

Тақырып – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.

Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.

Зерттеудің объектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті.

Зерттеудің бұйымы – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны).

Зерттеудің мақсаты – баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.

Зерттеудің тапсырмалары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне көз жеткізу.

Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау

- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу

- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау

- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Зерттеу болжамы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).

- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.

- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Қорғалатын жағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Жаңашылдығы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.

Оқыту технологиясы

"Оқыту технологиясы  ”ұғымы педагогикада және жеке  әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта  кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда  болуы техногендiк өркениеттiң  дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология”терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология”ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.

"Бiлiм берудегi технология”  терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын  қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминiқолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат –оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады.

70 –жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң  дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.

70-80жылдары оқыту технологиясы  және оқу процесiнiң технологиясы  терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек  педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен  теңестiрiлдi.

Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерiақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп саяды.

"Педагогикалық технологиясы”  терминдерiнiң өзара байланысына  келсек:

1.Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде объектiлердi,процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни,педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi.

2.Оқу процесiтехнологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;

<!--[if !supportLists]-->- Оқушының iшкi интелектуалдық,эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау;<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->- Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау;<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->- Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау; <!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->- Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау. <!--[endif]-->

Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды.

3.Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне,құралдарына) басымдық берiледi.

Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң,мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi.

Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнiорнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника – оқу сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”.

Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi”, сондай-ақ"бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу” ретiнде анықтама бередi.

П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдiпрактикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.

Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:

<!--[if !supportLists]-->1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану,бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->2. Қайта құру, болжау, сауал, қою,қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->3. Белгiлеу, қорытынды жасау,мәнерлеп оқу, айту және т.б.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б.<!--[endif]-->

Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк – тақырыптық және күнделiктiсабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады.

Жоспары: 
 
I. Кіріспе. 
II. Негізгі бөлім. 
1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны. 
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері. 
3. Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері. 
4. Нәтижесі. 
III. Қорытынды. 
 
Кіріспе 
 
Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картамен жұмыс жасауға үйрету». 
Бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым: «Карта және кескін карта – бұл географияның екінші тілі».Оқушыларды өз бетімен кез-келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіруге, географиялық нысандардың орналасуын, олардың дұрыс жазылуын, кішігірім карта жасауға және бұл жұмыстарды орындағанда оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жұмысты дәл орындауға тәрбиелеу. 
Шығармашылық жұмысым 4 бөлімнен тұрады. 
I.Кіріспе. 
II. Негізгі бөлім.Ол 4 бөліктен тұрады. 
1. Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны. 
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері. 
Мұнда оқушыларды кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланып, мысалы өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керектігін түсіндіру. 
3.Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері. 
Бұл бөлімде оқушыларды кескін картамен жұмыс ғана емес, сонымен қатар қарапайым карта жасауға үйрету. 
4. Нәтижесі. 
Мұнда кескін картамен жасалған жұмыс түрлері арқылы оқушылардың жетістіктерінің нәтижелері. 
III. Қорытынды. 
Бұл бөлімде оқушылардың кескін картамен жасаған жұмыс нәтижелерінің өзгерген деңгейін сипаттау. 
 
II. Негізгі бөлім. 
 
1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны. 
Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті. 
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай : 
а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; 
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; 
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; 
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; 
г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді. 
Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: 
- жеке құрылымдарға бағдар беру; 
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. 
Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады. 
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады: 
I – деңгейдегі тапсырмаларға: 
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек; 
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек; 
II – деңгейдегі тапсырмаларға : 
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет. 
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар. 
III – деңгейдегі тапсырмаларға : 
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс; 
2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер; 
3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. 
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары: 
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген. 
2) олимпиадалық есептер; 
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау. 
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. 
 
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері. 
Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады. 
Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді. 
Кейбір нысандар кескін картада белгіленген (мысалы, мемлекеттердің шекаралары, ірі қалалар, өзен – көлдер) тек қажетті шартты белгілерді дұрыс тауып, оны қарындашпен белгілеп, жазу қажет. Мысалы, өзен – көлдерді оқығанда оқушылар кескін картада аталған өзен – көлдерді тауып, олардың аттарын жазады. 
Егер аталған нысандар кескін картада белгіленбесе, оқушылар бірінші берілген мәліметтер негізінде олардың орналасқан жерін анықтап, содан кейін ғана шартты белгілермен түсіріп жазу қажет. 
Мен осы нысандардың аттарын кескін картаға түсіруде бірнеше қағидаларды есте сақтау қажеттігін оқушыларға алдын – ала ескертемін. Мәселен, өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керек. 
Жоғары сыныптарда кескін карта күрделі картографиялық жұмыстар жасауға, яғни, картограмма құрастыру, карта диаграммамен экономикалық картосхема жасауға пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық салаларының орналасуын өткенде оқушылар кескін картадан шартты белгілерді пайдаланып, шикізаттардың орналасқан аудандарын, ескі және жаңа өнеркәсіп аудандарын, т.б. көрсетеді. 
Осы жұмыс жасаған жылдарым ішінде тәжірибем көрсеткендей, кескін картамен жұмыс географиялық нысандардың аттары және олардың картадағы орналасуы оқушылардың географиялық нысандардың дұрыс жазылумен аталуын меңгеруіне әсерін тигізеді. 
Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан – жылға география пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады. 
Әр уақытта, кескін картамен жаңа жұмысты бастағанда, мен оқушыларға қандай шартты белгілерді қолдануды, қалай түсіріп, қалай жазу керектігін түсіндіріп, содан кейін ғана сыныпта картамен бірнеше жұмыстар жүргізіп, жұмыс түрінің негізін меңгергеннен кейін ғана, үйге кескін картамен жұмыс беремін. Сыныпта күнделікті тек қана үлгі жұмыс (нысандарды белгілеу, негізгі жазулар т.б.) орындап, ал картаны өңдеуді үйден жасайды. Сабақ сұрағанда мен, кескін картаны да сұрап, толтырылуын және жеке – жеке нысандарды тексеріп, бағалаймын. 
Оқушылардың кескін картаны толтыруда және мұғалімнің тексеруіндегі тәжірибе көрсеткендей, талаптарға тоқталайын. 
Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер қарындашпен түсіріледі: шекаралар – қызыл түспен, теңіздер мен өзендер – көк түспен, қалалардың пунсондары боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түрінде түсіріледі. Шартты белгілермен кескін картаны бояған бояу түстері барлығы қолданылатын түстер болғаны жақсы: бұл оқушының картаны оқып, үйренуі үшін маңызды. Ал легендасы картаның шетіне жазылады. 
Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады. 
Әдетте мен кескін картаны тексергенде қатені түзетпеймін, тек қате жіберілген жерге сұрақ белгісін қоямын. Кейде мен картаны бүлдірмеу үшін қарындашпен қойып, ал шетіне бір жалпы ескерту немесе әрбір санға түсініктеме жазамын. 
Оқушылар өздерінің қателерін түзетіп, ескертулер мен сұрақтарды кетіргішпен кетіреді. Егер картада қате көп болса, картаны жаңадан салуды ұсынамын. Мұғалім әрдайым кескін картамен жұмыс жасағанда қойылған талаптардың орындалуын тексеріп отыруы қажет, бұл оқушыларды тазалыққа, жұмысты дәл орындауына тәрбиелеудегі маңызы өте зор. 
 
3. Кескін картамен жасалынатын жұмыстың түрлері. 
11 – сыныптың «География.Дүние жүзіне аймақтық шолуында» «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылағанда мен сыныптың ерекшелігіне қарай кескін картамен жұмысты III – деңгейге бөліп бердім. 
Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау; 
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын; 
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды; 
Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. 
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды. 
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. 
Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады. 
Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. 
Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. 
Мысалы, 11 – сыныптағы «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылау тапсырмаларына тоқталайын: 
I – деңгейдің тапсырмалары: 
1. Еуропа елдерінің саяси картасын пайдалана отырып, Еуропадағы басқару формасы ірі монархиялық құрылымды елдерді және федерациялық құрылымды елдерді кескін картаға түсіру. 
2. Оқулық мәтінімен анықтамалық мәліметтерді пайдалана отырып, Еуропадағы елдерге барлау жасау. 
 
Ірі елдерді дәптерлеріне теріп жазу. 
II – деңгейдің тапсырмалары: 
1.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, «Еуропаның минералды ресурстары» кестесін құрастырыңдар. 
 
Минералды ресурстардың түрлері 
Аймақтары 
Тас көмір 
Қоңыр көмір 
Мұнай, мыс, табиғи газ 
Темір кені 
Түсті металдар 
Калий, тас тұзы 
Күкірт 
2. Оқулық мәтіні негізінде және экономикалық картаның мәліметтерін пайдалана отырып, Еуропадағы ірі өнеркәсіп орталықтарын тауып, кескін картаға дөңгелек диаграмма түрінде көрсету: 
а) Лондон, Мидлен, Глазго (Ұлыбритания); 
ә) Париж, Лион (Франция); 
б) Милан, Турин, Рим (Италия); 
в) Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, Дортмунд (ГФР); 
III – деңгейдің тапсырмалары: 
1. Орта және Оңтүстік Еуропаға кіретін бір – бір мемлекетке салыстырмалы сипаттама бер. 
 
Жеке елдерге сипаттама Нидерланд Испания 
1. Географиялық орны 
2. ЭГЖ-ң ерекшілігі 
3. Аумағы және әкімшілік бөлінуі 
4. Геосаяси жағдайы 
5. Табиғат ресурстары 
6. Туристік нысандары 
7. Халқы. Халқының құрамы, қоныстануы.Урбандалуы.Еңбек ресурстары. 
8. Шаруашылығы 
9. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қазақстан өзара қарым - қатынасы 
 
Осындай тапсырмаларды беру арқылы сыныптағы бірінші деңгей оқушылары тек атлас, оқулықты пайдаланып, қажетті нысандарды кескін картаға түсіре алады. Бірінші деңгей оқушыларының жіберетін қателері – кескін картамен жұмыстың орындалу талабын ескермейді. 
Екінші деңгей оқушыларының тапсырмалары бірінші деңгейдің тапсырмаларына қарағанда күрделірек болады. Сыныптың екінші деңгей оқушылары өткен материалдары кескін картамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін бекітеді. 
Сыныптың үшінші деңгей оқушылары кескін картамен жұмыстың барлық ережелерін сақтап, өз бетімен жеңіл карта құрастыра алады. Оқушылар сыныпта меңгерген тақырыбымен шектелмей, қосымша материалдарды пайдалана отырып, жұмыс жасайды. 
 
4. Нәтижесі. 
Осы тапсырмаларды тексеріп, қорытындылай келе, мен 11 – сынып оқушыларының осы тарау бойынша даму мониторингісін жасадым.(1 – қосымша). 
 
III. Қорытынды. 
 
Қорыта алғанда өзім жұмыс жасаған жылдары, яғни 4 – жыл ішінде оқушылардың кескін картамен жұмыс жасау деңгейі былай өзгерді (2 – қосымша). 
Жұмыс жасаған жылдарым ішіндегі тәжірибемнен байқап, мен мынадай қорытындыға келдім. Оқушылар кескін картамен жұмыс жасау арқылы мынадай нәтижелерге жетеді: 
1. Оқушылар өз бетімен кез келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіре алады. Кескін карта түсіру арқылы әрбір географиялық нысандардың орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады. 
2.Географиялық координаталарды табу арқылы математикалық білім мен іскерлікті бекіту. 
3. Теориялық білімді практикалық жұмыста бекіту. 
4. Оқушылар өз беттерімен қарапайым, күрделі карталарды жасай алады. 
5. Оқу процесі жарыс түрінде ұйымдастырылады. 
 
Пайдаланған әдебиеттер : 
 
1. «Методика преподавания географии ». А.В.Даринский М.,1996 
2. «География және табиғат » журналы №1, 2004 жыл 
3. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру » 
Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл 
4. «География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл 
5. «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл 
6. «География мектепте » журналы №2, 2005 жыл 
7. «География в школе » журналы №7, 2000 жыл 
8. «Молодому учителю » М.,1965 
 
Бұл шығармашылық жұмыста оқушыларға география пәнінде керекті кескін карталармен жұмыс жөнінде, жұмыс ережелері, оны пайдалану, жүргізу және басты ерекшелігі қазіргі заманғы жаңа технология әдістерін пайдалана отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, салыстыра оқыту арқылы оқушылар білімін дамытуға баулиды.Сонымен бірге мұғалім 4 жылғы жұмысының мониторингісін көрсеткен. 
Баяндама қалалық педагогикалық оқуға ұсынылады.

Оқудың педагогикалық технологиялары  
Жоспары  
1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі  
2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама  
1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі  
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.  
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.  
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.  
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.  
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.  
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).  
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?  
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».  
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).  
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.  
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:  
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);  
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);  
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;  
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).  
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.  
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.  
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.  
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.  
2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы  
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.  
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.  
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).  
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.  
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.  
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.  
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).  
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.  
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.  
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.  
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.).  
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).  
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.  
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:  
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;  
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;  
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;  
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;  
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;  
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.  
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).  
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.  
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.  
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).  
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.  
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.  
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.  
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.  
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).  
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.  
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.  
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.  
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осОқудың педагогикалық технологиялары  

Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).  
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.  
Сұрақтар мен тапсырмалар  
1. Оқу технологиясы деген не?  
2. «Оқу əдістемесі» жəне «оқу технологиясы» түсініктерінің айырмашылығы неде?  
3. Модульді оқу технологиясының мəні мен сипаты қандай?  
4. Проблемді оқу технологиясының мағынасын ашып беріңіз.  
5. Оқудың қандай авторлық технологияларын білесіз?

ы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).  
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.  
Сұрақтар мен тапсырмалар  
1. Оқу технологиясы деген не?  
2. «Оқу əдістемесі» жəне «оқу технологиясы» түсініктерінің айырмашылығы неде?  
3. Модульді оқу технологиясының мəні мен сипаты қандай?  
4. Проблемді оқу технологиясының мағынасын ашып беріңіз.  
5. Оқудың қандай авторлық технологияларын білесіз?

Дамыта оқыту технологиясы

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ.  
 
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келеді.  
 
Атап айтқанда, В.В. Ворнов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, В.М. Шепель технология өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы дайдың өзгеруі дейді. Ал М. Чошанов технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.  
 
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс әректіне игі мұғалімдердің интелектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі. 
 
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік. 
 
^ Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б. 
 
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.  
 
Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.  
 
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. 
 
^ Деңгейлеп асыру технолоиясы.  
 
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналады. Олай дейтініміз бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді. 
 
Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. 
 
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік психологиялықтанымынсұранымен ескеру талап етіледі. 
 
Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік грамматикалық жұмыстар жүйесі.  
 
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімдіілігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту баоысында біліктілікке жетеді.  
 
Деңгейлеп оқыту оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.  
 
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.  
 
^ Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады: 
 
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайдвы, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы: оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін. 
 
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзімдікі етіп қабылдауңға толық құқығымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады, бұл біздің құқығымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. 
 
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактірлер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәоіметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Кейбір оқушылардың өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті. 
 
Үшіншіден сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз.  
 
Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез келген кезеніңде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпынысымен сипатталады. 
 
Төртіншіден сыни тұрғыданойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Ойымызды қорыта келсек: инновация жаңалық енгізумен байланысты. Бірақта зерттеушілердің айтуы бойынша кез – келген жаңалық әрқашанда да жоғары нәтижеге көрсете бермейді.

"Деңгейлеп  оқыту технологиясы" - Баяндама

Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.

Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:

· Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;

· Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.

4. Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай.

5. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

Мақсаты:

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.

2. Дарынды балалар болса қушының – зерттеу жұмыстарын дамыту.

3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Осы нәтижелерге жыл басынан тәжірибе жасай отырып, өзім беретін сыныптарда, соның ішінде 5-7 сыныптар арасындағы ең әлсіз оқушылыр мен ең мықты деген оқушыларды іріктеей отырып, олардың шын мәнінде жаңа айтылған жоғарыдағы қасиеттер қажет ететінін байқадым. Айта кетсем математика пәні бойынша ең әлсіз деңгейі төмен оқушылар: 5-сыныпта: Аманкелді Сағат, 6-сыныпта: Шайзада Ақжол, Лошков Владимир, Мерейхан Қырмызы, 7-сыныпта: Сымбат Құдайберген, Жайлау Нұржан сияқты оқушыларымыз бар. Олардың барлығы өздерімен жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Оларды сыныпта отырған өзге оқушылардан артта қалмас үшін әр сабақ үстінде, сол өтілген тақырып бойынша оқулықтан тыс, жеңіл тапсырмалар беру арқылы жұмыс жасаймын. Сонсоң барып, оқулықтағы ең жеңіл деңгейдегі «А»-нұсқасын орындауға жүгіндіремін. Соның нәтижесінед ол оқушылар өздерін қалған оқушылармен бірдей деңгейде жұмыс істеп отырмын деп санайды. Нәтижесінде жеңіл тапсырмаларды берудің барысында оқушының да ынтасы арта түседі. Мысалы, жаңағы аталған оқушылардың ішінде 5-сыныптағы Аманкелді Сағат, 6-сыныптағы Шайзада Ақжол, Лошков Владимир, Мерейхан Қырмызылар ондай тапсырмаларды қуана қабылдап, мұғалімнің берген тапсырмаларын толығымен орындауға тырысады.

Ал, 7-сыныптағы екі оқушымыз көбінде ондай жеке тапсырмаларды ұната бермейді. Керісінше шамасы келмегеніне қарамастан басқалармен бірдей тапсымаларды орындағысы келеді. Бірақ, бұдан еш нәтиже шықпайды. Неге? Өйткені бұл балардың психологиясы жас ерекшелігіне қарай жеке талапты көп қажет етпейтін сияқты. Олар өзгелерден кем болғысы келмейді. Сөйте тұра олардың пәнге деген қызығушылығы да жоқ деп айта алмаймын. Олар кейде сабақ арасында айтылатын қызықты есептерге көңіл бөле алады, ойлап, шешуге тырысады. Санамақ есептерді, доминик ойыны, сиқырлы кубиктер сияқты тапсырмаларды ұнатады. әсіресе бұл жағынан Сымбат Құдайбергенді атауға болады. Ол өзінің ой тұлғасын қалыптастыруға тырысады. Қызығушылығы да артады. Мұндай кезде ондай оқушыларды қолдап, қолпаштап отыру керек «жарайсың» «мықтысың» деген сияқты сөдер айту керек.

Жалпы қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру – сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.

Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екндігін тәжірибе көрсетіп отыр.Ү-ҮІІ сынып математика оқулықтарында кеібір тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар берілеген.

Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білулері қажет.

Қазіргі білім берудің мақсаты – танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін, өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмыс.

Өзіндік жұмысты орындау кзінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс-әрект барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкешілікке сезіну қалыптасады.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік-нұсқау беру, оқушылардың мақсаты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді.

Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:

· өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

· оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу;

· оқушылардың істейтін жұмыстарының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік-жігерімен, қалауымен орындауы;

· оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.

Қазіргі уақытта оқушыларға математикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылаған:

· оқытудың немқұрайлы жақтарын жою;

· оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту;

· оқушыларғапрактикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру және т.б.

Оқушылардың білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде

оқушылардың өздері талпыну керек.

Мұнан кейін деңгейлік тапсырмаларды орындай білу керек. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестеу мен еске сақтауын, белсенділігі мен дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және дамыту.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл,Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже,Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

Сыни ойлау деген не?

Сыни ойлау-өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

I.-қызығушылығын ояту ( «көпір  жасау», ой қозғау)

II.- мағынаны таныту ( мағынаны  ажырату)

III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес,айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы мұғалім білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім оқушы білім

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр

оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең,жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық,жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады.Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады,ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

0

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

10

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

20

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

30

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

40

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

50

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

60

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

70

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

80

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

90

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Зейіні

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Сөздік қоры

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Танымы

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Есте сақтауы

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Ой-өрісі

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

2010

2011

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]--> <!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

2011

<!--[if !mso]-->

<!--[endif]-->

Байқап отырсаңыздар, қай жұмыс болмасын оқу мен жазу қатар жүреді, оқығанын қағаз бетіне түсіру, оқушының қаншалықты білімді екенін, шеберлігін байқатады. Бұдан шығатын қорытынды, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру - технологияның басты кілті.

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КӨЗІ

Добавить комментарий

Ысмағұл Жәния 
Арнаулы пән оқытушысы 
№8 кәсіптік лицей, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы

Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. [ 1] 
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады. 
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. 
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың ролі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді. 
Құзіреттілік – кәсіби әрекет тәсілдерді жан – жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған В.М. Соколов былай деп сипаттама береді: «Кәсіби құзіреттілік — дамушы тұлғаны әлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс — әрекеттер жүргізе білу.» Оқушының кәсіби мамандық игерде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез – келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады. [3] 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. [1] 
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады: 
педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;n 
оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;n 
оқу моделін құрастыру;n 
оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;n 
оқушылардың жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар жасау;n 
оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткішін анықтау, жетіспейтін дидактикалық құралдар жүйесін қалыптастыру.n 
Жаңа педагогикалық технология – әдістемелер жиынтығы

Жаңа педагогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай тудырудың, біріктірілген педагогикалық қарым – қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). [ 3] 
Технология дегеніміз — бір істегі шеберлік пен өнердегі әдіс жиынтығы. 
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы. [4] 
Ең алғаш ХХ ғ. 30 – жылдары мәдени – тарихи тұжырымдама негізінде педагогикалық технологияның ерекше идеясы қалыптасқан. Дамыта оқыту теориясы сонау Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Ушинскийден басталды. Бұл теорияны алғаш енгізген Л.С.Выгодский болса, кейінірек бұл теорияны Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Н.А. Менчинский және т.б ғалымдардың экспериментерінде күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. 
Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов технологиялары – танымдық қызығушылыққа, Г.К.Селевко технологиясы — өзін -өзі жетілдіру қажеттілігіне, И.С.Якиманский технологиясы – тұлғаның жеке іс – тәжірбиесіне, И.П.Вольков, Г.С.Альтшуллер, Б.М.Неменский – шығармашылық қажеттілікке, И.П.Иванов технологиясы — әлеуметтік түйсікке негізделген. [4] 
Өзіндік әдіс – тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары : 
- білім беруді ізгілендіру ; 
- дамыта оқыту технологиясы ; 
- ойын арқылы оқыту технологиясы ; 
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы ; 
- ақпараттық оқыту технологиясы ; 
- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы ; 
- модульдік оқыту технологиясы ; 
- сын тұрғысынан ойлау технологиясы ; 
- проблемалық оқыту технологиясы; т.б: 
Дамыта оқыту технологиясының мақсаты мен мағынасы: жеке тұлғаны оқыта отырып, оның қабілеттерін дамыту. Тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас, яғни әр жақты дамытуға негізделген. 
Білім беруді ізгілендіру технологиясы оқушыны адамгершілікке тәрбиелей отырып, оның жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын арқылы баланың қызығушылығын оятып, білімділік, танымдылық, шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді. 
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының мақсаты: оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту. Балалардың жеке тұлғалық ерекшелігіне қарай тапсырманы бейімдеп, саралап беру. 
Ақпараттық оқыту технологиясы оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындау, комьютермен оқытуды жүзеге асырады. 
Тірек – сызба арқылы оқыту технологиясы білім, білік, дағдыны қалаптыстыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдетуді мақсат етеді. 
Модульдік оқыту технологиясы оқытудың тұтас технологиясын жобалайды.Үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы білімнің болашаққа қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Балалар үйренгенін саралап, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізіп, қайта қарап, өзгерістер енгізеді. 
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты : оқу материалына оқушыны қызықтыратындай мәселе тудырады.Оны шешуде оқушылар білімді белсене қабылдайды.[3] 
Бұл технологиялардың бәрі де оқушының білімді меңгеруін ғана емес, оқу ақпаратын және білімді өңдеу амалын игеруін, олардың танымдық күштері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды маңызды деп есептейді.

Тәжірбие түйіні – ізденісте

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туғызу қажет.» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде білім беру үрдісінің талаптары оқушыларға мемлекеттік тілді кәсіби бағытты оқытуды көздейді. Кәсіби бағытта оқытудың басты мақсаты – қазақ тілінен және өзі алатын мамандықтары бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сөздік қорларын кәсіптеріне қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байыту. [10] 
Бүгінгі таңда балалардың таңдаған мамандығына қарай, кәсіби білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырушы.Білімді, мәдениетті, кәсіби, білікті маман даярлауда ана тілінің атқарар ролі, яғни қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың маңызы зор. 
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту мынадай міндеттерді қамтиды: 
1. Жан-жақты әдістемелік шеберлік тұрғысынан ізденіс жасай отырып, бағдарламада көрсетілген сағат аясында тақырып бойынша мүмкіндігінше мағлұмат қарастыру; 
2. Сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; 
3. Қазақ тілі мен әдебиет сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру ; 
4. Әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт- сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету ; 
5. Оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру; 
6. Оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру; 
7. Шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату. 
Әрбір кәсіптік мамандық иелерінің өзін-өзі тануына, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің үлкен ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде,оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы. Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды.

Жаңа технология элементері өз іс – тәжірибемде 
Сабақтың сапасын арттыруда жаңа технологияларды зерттеп, зерделеп, жоғарыда аталған түрлерін іс – тәжірбиемде қолданудамын. 1986 жылы Ресейде озық технология деп жарияланған, оқытушылар мен әдіскерлердің назарын аударған дамыта оқыту элементеріне назар аудардым. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау әрекетіне, шығармашылық қабілетінің өсуіне, өзіндік ізденіске, ақыл – ой жұмысының әр түрлі жағдайға бейімделуіне бірден – бір септігін тигізеді. 
Сондықтан да дамыта оқыту технологиясын пайдаланғанда төмендегідей жайттарды мақсат еттім: 
- оқушының қабілеті мен дарынына ықпал ету; 
- өзін -өзі жетілдіріп, дамыта және тәрбиелей алуына көмек көрсету; 
- оқушының зерттеуін, ізденуін және іскерлік дағдысын қалыптастыру. 
«Дамыта оқыту» жүйесінің құрылымы: 
I. Оқытудың үшжақты мақсаттарын нақтылау; 
II.Ұжымдық бөлініс іс -әрекеті; 
III. Оқу міндеттерін қою, сатылап шешу; 
IV. Ұғымдар мен әрекет тәсілдерін игеру; 
V. Өзіндік білім игеру іс -әрекеті; 
VI. Теориялық ойлауды қалыптастыру; 
VII. Алынған нәтижені талқылау, бағалау. 
Сабақ қажетті оқу — әдістемелік құралсыз шешілмейді. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы.Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пән сайлы болуы керек», — деп аталған екі факторды ерекше көрсетеді. Сабақ барысында ақынның жанды тұлғасын шынайы және айқын көрсеткен өмір эпизодтары мен деректерді, өмірбаянына қатысты шығармаларды, замандастарының естелігін, түрлі сурет – картиналарды ұтымды пайдалануда ақпараттық технологияның мүмкіндігі зор, әрі дамыта оқытуда көмегі көп. Өз тәжірибемде интернет ресурстарынан оқушыдан жазба жұмыстарын өз мамандығына байланысты алып, үй тапсырмасына да ізденісте, әрі бала қызығатындай, қабілеттерін дамытуына мән беремін. А.Гиннің танымдық «Шығармашылық шарт» ойыны ұйымдастырылып, өз мамандығына сәйкес суреттерді беріп, әңгіме, эссе, сөйлем құрастыруға тапсырма беріліп, сөйлемге талдау жасалынады. Мақал – мәтелдерді беріп немесе жұмбақ жасырып шешуші сөзге өз пікірін айтқызу, әңгіме, сөзжұмбақ құрастыру оқушылардың тіл байлығын дамытуға көмегін тигізеді. Іс қағаздарын толтыруда, коммуникативті құзырлықты қалыптастыруға «қызметке қабылдау» ойыны, рольдік ойын, тренинг, пікір алысу, проблемалық сұрақтар, пайымдау сұрақтар әдісін қолданудың ықпалы барын аңғардым. 
Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі ұстаздар қауымын ойландырып жүрген жайт. Әдебиет пәнін дамыта оқытуда дамытушылық жаттығулармен жұмыс сөз байлығымен қатар интеллектуальдық қасиеттерді дамытып, өзіндік ізденіске жетелейді. Дамыту жаттығуларына мәтіннен нақыл сөздерді, мақал – мәтелдерді теріп, топтау жасау. Өлеңді шумағын, әңгімені өз сөзімен жалғастыру, оқылған мәтінге өз пікірін айту тапсырылады. «Айрықша тапсырма», «Келешекке көмек», «Таңдамалы тексеру » әдістері өзіндік үйлесім табады. Ақындардың өмірбаяндарына қатысты басты дерек, көріністерді келтіріп, шығармашылығындағы имандылық мәселелерін насихаттай отырып, тарихи мәні бар шоқтығы биік туындыларды түсіндіруде М.Жұмабаевтың кеңейтіп оқыту әдісінің әсері мол екенін аңғаруға болады. 
Оқушылардың әуезді, ырғақты мәнерлі сөйлеуі мен оқығанын, көргенін, тыңдағанын, ойлағанын, жүйелі, түсінікті етіп баяндауы және адамдармен әдепті әңгімелесуіне сабақтан тыс шаралардың көп көмегі бары баршамызға аян. Пән үйірмелерінде «Өлең сөздің патшасы» көркем оқу сайысы, «Ән көңілдің ажары» ақындар өлеңіне жазылған әндер жарысы, «XXI ғасыр әдебиетшісі» интеллектуалдық ойыны, « Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс, «Сахна сәні» әдеби қойылымдар мен көріністер, «Өнерге әркімнің – ақ бар таласы» көңілді тапқырлар сайысы т.б ұйымдастыра отырып, оқушылардың теориялық білімді меңгеруде ізденімпаздықпен бірге жеке тұлғалық қадір – қасиетін дамытуы көзделеді. 
Осы орайда пән оқытушысының топ жетекшісі мен өндірістік оқу шеберімен, ата – аналармен байланысты үздіксіз жүргізе білуі ерекше орын алады. 
Оқытудың барысында сергіту жаттығуларын жасатып, «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Поэзия минуты» ойындары арқылы жеке тұлғаның дамуындағы өзгерістер мен көңіл күйін анықтау жүргізілсе, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту оны үнемі ойландыру, іздендіру, оқытудағы әдіс –тәсілдің жүзеге асқанын білу үшін «Өзіндік бағалау», «Идеал тапсырма» әдісі, «Ия, жоқ» ойынын өткізу, сауалнама алу, пікір алысу ұйымдастыруға болады. 
Бұл әдіс – тәсілдерді қолдануда мынадай тұжырымға келдім: 
- дамыта оқыту жүйесінің құрылымын сақтау; 
- дамыта оқыту элементерін барлық тарауға енгізу; 
- нәтижені саралап, бағалауда өзіндік бағалауды қолдану және оқу әрекетінің бағалау көрсеткішін анықтау; 
- жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар мен тапсырмалар жасау; 
- жетіспейтін дидактикалық құралдар мен көрнекілік жүйесін қалыптастыру; 
- кешенді әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламасына пәннің тарау бойынша сабақ жоспарларын, барлық көрнекіліктерімен бірге енгізу.

Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы 
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. 
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. [7] 
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . 
Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. [8] Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 
2. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы 
3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл 
4. Т. Қ. Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі», Алмат, 2009 ж 
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №, 2004ж 
6. «Қазақстан кәсіпкері» журнал №5, 2007 ж 
7. «Қазақстан кәсіпкері» журнал №10, 2010 ж 
8. «Қазақстан кәсіпкері» журналы №7, 2008 жыл 
9. «Егемен Қазақстан» газеті 14 қазан 2009 жыл

Тірек сигналдары арқылы оқытудың тиімділігі

Категориясы: География

Тақырыбы: «Тірек сигналдары арқылы оқытудың тиімділігі» 
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты: жан - жақты білімді, өзіндік ой - талғамы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру және оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде менің басшылыққа алып отырғаным В. Ф. Шаталовтың шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тірек сигналдары арқылы оқыту әдісі және білімді бағалаудағы рейтинг. Бұл технологияларды қолдана білу оқушылардың табиғи қабілетімен дарындылығына көп мүмкіндік береді. 
Географиядан білім дағыларын меңгерту, ойлау, қызықтыра жетелеу, жеткізіп айту, ете сақтау қабілетерін дамыту үшін әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады. 
1. Оқулықпен жұмыс жүргізу; 
2. Картаны оқу және номенклатураны жатқа білу; 
3. Кесте, график, диаграмма, тірек сызба құру; 
4. Тесттік жүйе қолдану; 
5. Іздену, реферат жазу; 
Соның ішінде тірек – сызба арқылы сабақ өту география сабағын көп жеңілдетіп, оқушылардың көз алдында, ойында сақтау, түсінік сөзді қысқартып, нақты ойын жеткізуге өте қолайлы екенін өз тәжірибемде көзімді жеткіздім. Мәселен жалпы білім беретін мектептегі 6 сыныптарға арналған «География» пәнін оқытуда әртүрлі дәрежедегі тірек сызбаларын құрастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту маңызы зор. 
Жаңа оқу бағдарлама бойынша жасалған тірек – сызбалар оқулықты негізге ала тұрып және мұғалімнің өз қосымшаларын енгізу арқылы жетілдіріліп құрастырылады. 
Осы мақсатта оқулықты пайдалана отырып әр тақырыпқа түрлі тірек – сызба құрастыруға болады. 
Бұл технология бойынша 100 % үлгерімге жетуге мүмкіндік бар. Тірек - сызбаларды орындау барысында жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайытын педагогиқалық мониторинг құруға болады. 
Оқушылар ой операциялары, есте сақтау, зейін, елестету, тілдесу және ақпарат көздерімен жақсы жұмыс істейді. Мектеп бағдарламасы ауқымынан асып, мұғалім жетекшілігімен түрлі ғылыми жұмыстар жасайды. 
Жер сілкіну күшін тіркейтін халықаралық кестесінің түрлері 
MSK - 64 1964 жылы 1984 жылы 
Шкала кесте Үшеуі кесте құрды MMSK - 84 
С. Медведев - КСРО толықтырылған 
В. Шпонхойер - ГФР шкала кесте 
В. Карник - Чехия 
Зерттеулерде көрсеткендей әр оқушы білімді қабылдауда түрлі жолдарды қабылдайды. Кейбір балалар лекция тыңдауды жақсы көрсе, енді біреулері білімді кітап оқудан іздейді. Ұстаздар әрқашан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытуда оқытудың әр түрлі стилін қолдануды ұмытпауы керек. Қоғам дамуының ең басты шарты - шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін ұстаздардың кәсіби шеберлігі жоғары болуы қажет. Демек шәкірт құзіреттілігі ұстаз құзіреттілігінен бастау алады.

Мақалаға белгі:Тірек сигналдары, география, сигналдар арқылы оқыту тиімділігі

Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

І.Кіріспе

І.І. Қазіргі таңда білім берудегі тарих сабағына қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

ІІ. Негізгі бөлім

2.2 Тарих пәнінен білімді меңгертудегі  іс-тәжірибем

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын.

Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе

отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.

Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;

Өздерін – өздеріне бағалату;

Іс – әрекет барысында білім алу;

Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді.

Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;

Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда тек сыныптан келісесіздер ме деп сұрау;

Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.

Осыған орай өзім сабақ беретін 8-11 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс –әрекетті Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып тарих сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.

Оқушылардың тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.

Оқыту технологияларына тән белгілер:

негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);

жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);

басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);

тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі;

оқутудың нақты және жалпы мақсаты;

оқу материалдарының мазмұны;

б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі;

оқу үрдісін ұйымдастыру;

оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында жүргізілетін тарих сабақ түрлерінің сызба 2-де төменде берілген .

Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін оқушыларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек. Жобалау әдісі үнемі оқушылардың дербес іс-әрекетіне бағытталған - жеке дара, жұптық, топтық. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып, оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтады. Әдістің негізінде студенттердің танымдылық біліктіліктерін, өз білімдерін дербес басымен құрастыру икемділігін және ақпараттық кеңістігінде баулу, сын тұрғысынан ойлау икемділігін дамытуы жататындығы айқындалды. Жобалау ұғымы негізінде – мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтиже тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады. Нәтижеге жету үшін балаларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету керек, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылетттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек .

Жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары:

Зерттеу шығармашылық жоспарында мәнді мәселелінің болуы, бұл мәселені шешу үшін зерттеу ізденісі жөнінде оқушылардың біліктілігі.

Ұсынылған нәтижелердің тәжірибелі, теориялық , танымдылық маңыздылығы.

Оқушылардың дербес іс әрекеті (жеке дара, жұптық, топтық).

Жобаның мазмұнды бөлігін құрастыру (әр кезен бойынша нәтижелерін белгілеу).

Іс әрекеттің белгілі бірізділігін алдын ала карастырылатын зерттеу әдістерін пайдалану:

(«ми шабуыл», «донгелек стөл»  арқылы )мәселені және оның зерттеу міңдеттерін анықтау;

мәселені шешу жолдары болжау; зерттеу әдістерін талқылау (статистика, эксперимент, бақылау және т.б.);

ақырғы нәтижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау (презентации, қорғау, шығармашылық есептер, көріністер және с.с.);

алған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жинау;

қортындылау, нәтижелеу және презентациялау,

зерттеудің жаңа мәселелерді шығару.

Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен оқушушылардың мамандық қызуғышылары, мүдделері және қабылеттерін ескерту қажет, немесе сабақтан тыс іс әрекетіне байланысты болу мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу қажет.

Қазіргі нарықтық экономика шарттарында жастарда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту мақсатымен қоғамдық – тарихи сабақтарын жүрізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде «Пікірсайыс» бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелер қатар қанатын жайды. Интерактивті әдістерге негізделген пікірсайыс технологиясы қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты авторитарлық стильден ашық талқылау мүмкіншілігі бар жағдайға өтуге көмектеседі. Пікірсайыс арқылы көптеген мақсаттарға жетуге болады оқушылардың білім деңгейін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау т.б.

Пікірсайыс технология – қарым-қатынасқа негізделеді: мұғалім-оқушы. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді. Пікірсайыс технологиясын сабақ процесінде қолдануы кіріспе бөлімнен тұрады, мұнда студентер қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені студенттер талқыланатын мәселе бойынша білімі болмаса, пікірталасты өз мәнінде өткізе алмайды . Осыдан кейін мәселені шешу жолдарын шешу жолдарын шешендіктен дәлелдеп, барлық тындаушылардың алдында қорғауы тиіс.

«Пікірсайыс» технологияның жетістіктері:

шешендік дағдыны жетілдіреді; өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйретеді; анық, әсерлі, нақты сөйлесуге баулиды;

достық, жылылық, сыйластық, пікір сыйлау, құрметпен қарап, пікір таластыруға үйретеді; пікірсайыс кезінде оқушы бір мезгілде жазу және ойлау, айту қабілетін жетілдіреді.

Пікірсайысты оқу үрдісінде пайдаланудың пайдасы жоғары, өйткені «пікірсайыс» - философиялық, психологиялық, саяси, лингвистикалық ғылым; «пікірсайыс» - пікірталас, шешендік өнер.

Сонымен жаңа оқу технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет.

ІІІ. Қорытынды

Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:

Оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады.

Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.

Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030»  Жолдау

2. Қазақстан Республикасының Білім  Заңы

3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық  тәжірибе орталығы-

педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.

4. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.

5.“Қазақстан мектебі” журналы  №8, 2004 жыл

6. Қазақстан тарихы – әдістемелік  журнал . Алматы 2006-2010ж.ж

Қорғалжын білім бөлімі

БАЯНДАМА

«Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары»

Тарих пәнінің мұғалімі: Рахимжанова Р.К.

Амангелді орта мектебі

2013 жыл

Информация о работе Оқыту технологиясы