Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 17:41, доклад

Краткое описание

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық қабілет өте күрделі процесс және адамға ғана тән.
Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.
Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, жолдарын көрсеткен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жанузакова Л,Н Microsoft Office Word (4).docx

— 19.31 Кб (Скачать документ)

“Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.”

  Шығармашылық қабілет  деген не? Қабілеттердің шығармашылық  деңгейге көтерілуі неге байланысты  деген сұрақтар әрбір ұстазды  мазалайды. Шығармашылық қабілет  өте күрделі процесс және адамға  ғана тән.

   Бұл мәселе төңірегінде  жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.

   Ежелден-ақ ұлы  ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның  жеке басының қабілеттерінің  дамуын қарастырып, жолдарын көрсеткен.

   Кеңестік психологтар  мен ғалымдар Л.Р. Выготский, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Б.М. Тепловтың, өз  республикамыздың көрнекті ғалымдары  Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов, Т.С.Сабыров т.б. Еңбектерін жеке  тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы  мен практикасына қосқан үлес  деп білеміз 

   Зерттеулердің қорытындыларына  сүйене отырып шығармашыл тұлға  бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу  сияқты кешенді қасиеттермен  қатар, ерекше ой 

қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.

   Бұдан қазіргі  таңдағы педагогикасының міндеті  – осы қасиеттерді кез келген  қазақ оқушысының бойында қалыптастыру  деген тұжырымға келеміз.

  Менің бұл мәселені  алу себебім, бүгінде шығармашылық  қабілеттердің дамуы басты нысана  болып, ал оқушыда шығармашылықтың  белгілерінің болмауы үлкен проблемаға  айналып, ойландыруға тиісті кезге  жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі  сан алуан қиыншылықтарды шеше  білу, мемлекетімізді өркениетке  жеткізу тек шығармашыл адамдар  ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық  қана (қандай түрде, қандай деңгейде  болмасын) адамға өмірдің мәнін  түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік  әпереді. Мұндай күрделі мәселені  шешуде үздіксіз білім беру  ісінің алғашқы сатыларының бірі  болып саналатын бастауыш мектептің  алар орны ерекше.

   Баланың шығармашылық  қабілеттерін дамыту мәселесін  талдау ең алдымен “қабілет”  ұғымының мәнін терең түсініп  алуды талап етеді.

“Қабілет” термині  адамның белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

   Демек, әр бала  бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы  қабілеттер деңгейіне көтерілуі  тек баланың белсенділігіне және  дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие  жұмысына байланысты.

   Оқыту барысында  сабақтардың дамытушылық функциясын 

Арттыруды басты мақсат етіп қояды. Бұдан шығарар қорытынды білім берудегі басты міндет білім, білік, дағды қалыптастыру ғана емес, баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерінің ширай түсуі. Ол үшін бала әрекет жасау керек.

Бүгінгі жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да, мақсат – бағдарламадағы материалдардың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.  
   Бастауыш мектептің алдында тұрған мәселе – оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игертуді үйретеді. Мен сабақтарда ойын элементтерін пайдаланамын. Әрбір оқушының ерекшеліктерін ескеріп, ойы арқылы ойлауға баулимын. Сабақты тартымды, қызықты, ойын түрде жүргізу оқушыларды білімге деген ынта-ықыласын арттырады. Ойын балалардың сабақта түрлі жағдайларға, іс-әрекетке шапшаң икемділігін дамытып, оларды тапқырлыққа баулиды.

   Сабақ өту үрдісінде  тек қана оқулықтағы тапсырмалармен  шектелмей, ойын түрлерін қосқан  жөн. Ойынды ойнағанда алға қойылған  мақсаты орындалуы тиіс. Ойынға  тек ойын деп қарамай, халықтың  ғасырлар бойы жасаған асыл  қазынасы, бір жүйеге келтірілген  тамаша тәрбие құралы деп қараған  орынды.

   Оқушының сабақты  жақсы меңгеруінің бір айқын  кепілі – оның сөйлеу тілінің  дамуына байланысты. Халқымыздың  ежелден келе жатқан дәстүрлі  жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары  – тіл дамытудың әсерлі құралы.

Оқушылардың тілін дамыту – қазіргі кезде оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе. Ұлтын сүйген, бойында қазақы қаны бар, «Мен қазақпын» деген азамат тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне күш салып, ана тілін қуаттай түсуге үлес қосуда. Ол үшін ұстаз қауымы кейінгі жас толқынның бойына ұлтжандылықты сіңіріп, жерін, елін, тілін сүюге тәрбиелеп, еңбек етуі керек. 
Бала дүниетанымының қалыптасуына адам, қоғам, табиғат, т. б. тірек бола алады. Ежелден тәрбие беретін би, шешендер сөзін, халқымыздың даналық сөзін жаттап өскен жас ұрпақтың таным үрдісі дамиды. Халық шығармасын оқып, қабылдау нәтижесінде сана – сезімі оянады. 
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстарын, өз бетінше жұмыс жүргізу арқылы тіл дамытып, мәтінді оқыту, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру, сурет сала отырып, мазмұнына қарай өлең шығару және өлең шумақтарын жазып, сол өлеңнің мазмұнын суреттеу арқылы тіл дамыту, сөздік қорларын кеңейту, ой, бейнелеу, суреттеу дамытушылық қабілеттерін арттыру үшін әр пәнге қызықтыра білу. 
Қазіргі заман талабына сай оқушыларды өзін - өзі тану, алға жетелеу, өзін таразылау, бақылау арқылы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға үйрету, дағдыландыру. 
 
Тіл дамыту жұмыстарын мынадай бағытта жүргіземін: 
1. Сабақты түсіндіру барысында баламен қарым - қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тіл мәдениетін жоғары ұстау. 
2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген істі пайдалану. 
3. Өтілетін мәтіндердің, орындалатын тапсырмалардың қазақ баласының халықтық ұғымына таныс, жеңіл болуы. 
4. Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең - жыр, ойнақы қызықты әңгімелер, шешендік сөздер, нақыл сөздерді көбірек пайдалануым керек. 
5. Өз үйренгенін жинақтап, шиырма, буклет жасау арқылы әр оқушы өз білімін толықтыруы керек деп ойлаймын. 
6. Лексикалық жұмысты көбірек қолдана білу. 
7. Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету. 
8. Қазақ тілі, ана тілі, дүниетану пәндері бойынша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. 
«Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды да, біледі, көреді. Сонда ғана адам білімді болады» - деген Абай. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы: «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл ақылдың өлшемі» деген этикалық ережелерге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оқытудың бастауыш кластар оқушыларын тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді. 
 
Шешендік сөздерді оқыту – тілді дамыту. 
Шешендік өнер өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді. 
Орта ғасырда өмір сүрген ғалым Жүсіп Баласағұни былай деген: «... Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге, 
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе. 
Кісіден мирас ата сөзі ғой 
Ата сөзі – ұқсақ құттың көзі ғой». 
Шешендік сөз балаларды оқуға, өнерге, парасаттылыққа, сөз құдіретін қадірлеуге үйретеді. Би - шешендердің өнерін оқыту – көркем сөздің қасиетін тану. Тіл мәдениетінің өсуіне, ұлттық сананың оянуына септігін тигізеді...

Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. 
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. 
 
Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. 
 
Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларғы сөздік жұмысын жүргізудің маңызызор. 
 
Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. 
Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады: 
 
1.Мазмұнды сөйлеу; 
2.Жүйелі сөйлеу; 
3.мәнерлі сөйлеу; 
4.Дәл сөйлеу. 
 
Мазмұнды сөйлеу - ойды айқын, сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына әсер ете білу шеберлігі.Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады. 
Қазіргі қазақ тілінің сөздігі – жалпы тіліміздегі қолданылып жүрген әдеби тіліміздің лексикасы.Халық пайдаланып жүрген сөздер кәдімгі қолданып жүрген техникалық терминдер, мамандыққа байланысты сөздер, диктант сөздер, жер-су, өсімдік,жан-жануар т.б. сөздерден тұрады. 
 
Жүйелі сөйлеу – оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,әуелі не жөнінде т.б. жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн. 
Мәнерлі сөйлеу - барысында әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді. 
 
Дәл сөйлеу – баланың сөйлеу тілінде дәлділік қажет.Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, әсері болмақ емес. 
Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді: 
1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету. 
2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану. 
3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету. 
4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу. 
5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау. 
 
6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу. 
7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру. 
Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі: 
1.Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде; 
2.Мәтінді оқу барысында; 
3.мәтінді оқып шыққаннан кейін. 
Ал, өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі.

 

 

 

 


Информация о работе Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту