Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 09:55, реферат
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту процесіне педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр.
Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда педагогикалық технологиялардың мәні.
Аманкулова К.С
Қазақстан
Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне
қатысты білім беру саласына қойылып отырған
заман талабы – шығармашылықпен жұмыс
істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп
қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту
процесіне педагогикалық технологияны
пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың
мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері
мен құралдарының бірлігін қамтамасыз
етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде
болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік
және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне
жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр.
Педагогикалық технология
оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін
арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға,
күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей
әсер етеді. Соңғы он жылдықта оқу – тәрбие
процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған
оқыту технологияларын енгізу мен жеке
тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен
мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан
өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды
талап етеді. Соның бірі, он екі жылдық
білім беру жүйесінің дүниеге келуі –
қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы
қарым-қатынас құралдарының қарыштап
дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды
көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім
мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі
оқытудың озық технологияларын қамтиды.
Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім
кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басына,
сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі
толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа
бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті
тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби
бағдарын айқындауына ықпал ету болып
табылады. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес
оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім
беру үшін олардың танымдық қасиетін дамыту
басты мақсат болып отыр. Оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру жолында
олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен
даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу – әр пән мұғалімінің
міндеті.
Білім сапасын
арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір
жолы − бұл оқу процесіне тұлғаға бағдарланған
технологияларды енгізу деп ойлаймын.
Міне осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде
жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары
кеңінен қолданылып жүр. Оның ең тиімдісі
− М.М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік
модульдік оқыту технологиясы. Модульдік
технологияда бірінші орынға бала тұлғасы,
оның ой жұмысының дамуы, шығармашылықпен
ойлауы қойылады. Осындай сұраныстарға
орай оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып,
мектеп тәжірибесіне кеңінен енгізілуде.
Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға
кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет
пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген
пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп
оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты
мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына
қарай деген принципті қолдана отырып,
жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім,
білік дағдыларын тұрақты болуына, өз
бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына
ықпал етеді. Білім мазмұны ақпарат көзі
ғана болып қоймай, оқушылрадың өздігінен
білім алу құралына айналуы керек. Бұл
мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс,
оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін
дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі
емес сабақтың түрін өзгертіп отырсақ
нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық
ахуалға байланысты оқытудың дара және
ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын
дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.
Осыдан келіп, егеменді
еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік
деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар
оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын
қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз,
барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет
ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне
ерекше мән берілуде. Дарынды, білімді
жастар ғана болашақ еліміздің ертеңін
баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына үлес қоса алады. Сондықтан оқушылар
оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдерімен
бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық
және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп
қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді,
нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен
сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, оны
жүзеге асыру оқушылардың танымдық белсенділігімен
ізденімпаздығынын тереңдетуге септігін
тигізетін оқу үрдісін ұйымдастыруда
әр түрлі педагогикалық технологияларды
пайдаланған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер