Оқушылардың оқу әрекетінің кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 23:39, доклад

Краткое описание

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:
■ оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;
■ әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;
■ топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
■ топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

Прикрепленные файлы: 1 файл

б.docx

— 17.04 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Оқушылардың  оқу әрекетінің кезеңдері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: _________________

                                             

                                                                    Тексерген: Нуржанова Ж. Д

 

 

 

 

Астана – 2013

                      Оқушылардың  оқу әрекетінің  кезеңдері

         
  Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады: 
■ оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді; 
■ әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді; 
■ топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі; 
■ топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады; 
■ топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзің оқушыларға байланысты. 
Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр). 
Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз- тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б.Сабақтың осындай алдын ала талдасмасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады. 
Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық қосарқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады. 
Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет. 
Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды. 
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. 
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық. әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ниязова А.Е. Шет тілін оқыту психологиясы. Астана, 2013
  2. Колесникова И., Долгина О. Англо-русский терминологический справочник по методике преподавания иностранных языков. СПб, 2001.
  3. Шатилов С.Ф. Методика преподавания немецкого языка. М., 1987.
  4. Миролюбов В. История методов обучения иностранным языкам. СПб, 2002.
  5. Гальцкова Н.А. Современная методика обучения иностранным языкам. М., 2003
  6. Горелов В, Седов А. Основы психолингвистики. М., 2001.
  7. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М.: Просвещение,1991
  8. Щерба Л.В. Преподавание иностранных языков в средней школе. М. 1947.

Информация о работе Оқушылардың оқу әрекетінің кезеңдері