Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп

 

Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі  ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім  балаларына салақ, селқос қараса, олардың  жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. 
Ж. Аймауытов  
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 
Н. Ә. Назарбаев 
Қай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi. 
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек. 
1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. 
2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. 
3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. 
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 
1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. 
 
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. 
 
2. Мұғалім – компьютер. Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. 
Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады. 
 
3. Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі»- қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. 
Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 
 
4. Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардың ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. 
Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы. 
Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. 
 
«Жағдаяттан жол таба біл!» 
1 жағдаят: 
«Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.» 
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді? 
2 жағдаят: 
« Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды.» 
Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді? 
3 жағдаят: 
«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді» 
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ? 
 
Жас ұстаздарға мынадай 10 кеңес беремін 
1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір 
2. Алдымен үйрет, сосын талап ет. 
3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол. 
4. Балаларға берген уәдеңе берік бол. 
5. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол. 
6. Оқушының құпиясын сақтай біл. 
7. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе. 
8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе. 
9. Оқушыға сенім арт. 
10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа. 
 
«ХХІ-ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ»  
Жаңа ғасыр мұғалімі, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз қандай болу керек? 
Осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. 
 
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік. 
• Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. 
• Педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. 
• білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулитын болу қажет 
• педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейімі болуы шарт. 
• мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. 
• ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. 
“Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек” 
Ы. Алтынсарин 
«Мен мынаған кәміл сенімдімін, онсыз мұғалім бала жүрегінен орын ала алмайды. Ең негізгісі әр мұғалім өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпағаны дұрыс.” 
Көрнекті поляк педагогі Януш Корчаг  
Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық-білім мен тәрбие. 
Ал сол құндылық мұғалімнің уысында. 

 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: Дарын,-2004. 
2. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова.-Алматы, 1991. 
3. Харламов Н. Педагогика,-М., 1990. 
4. Этические беседы с учащимися. /Под ред. И. Ф. Харламова/.- Минск, 1977.

 

 

Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық  қарым-қатынас нәтижесі

Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек. 
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Мұғалім-басшы. Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. 2.Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады. 3.Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 4.Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі» - әйгілілік. Оқушылардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы.  
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.  
Оның себептері:  
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;  
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;  
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;  
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;  
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.  
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:  
- авторитарлық стильді пайдалануында;  
-балаларға салқындық танытуы;  
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;  
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;  
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерт- 
телінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады. 2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес. 3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;  
-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау; 
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;  
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;  
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;  
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;  
-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;  
-қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;  
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу. 
Мысалы, класс жетекші және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда да сол класты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар – лидерлер – бар. Атап айтсақ, Карибаев Ерғазы, Құрмаш Бексұлтан, Айтбекова Жансая, Нұрлаби Талшын. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.  
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр мұғалім психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары болады: 
 
1. Оқып үйрену  
2. Тәжірибе алмасу.  
3. Әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдану.  
4. Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану керектігін білу.  
5. Ерік жігерді талап ету.  
6. Үлгі алу.  
7. Көңілге ықыласпен тоқу.

 

 

Тақырыбы: Педагогикалық қарым- қатынас 
Жоспары:  
 
1.Педагогикалық қарым – қатынас стилі. 
 
2.Үйірсектік- педагогтың кәсіптік- жеке сапасы ретінде және он өзінде баулу жолдары.  
 
мақсаты: Студенттерге педагогикалық қарым- қатынас туралы түсінік беру 
 
мәтіні: 
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялык ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байкалады: 
 
а) мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қаааатынасындағы жеткен деңгейі; в) педагогтың твочестволық дербестілігі; г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері. Мүндағы атап көрсететіы жайт, педагогтың балалармен қарым-қатынас стилі — бұл маңызды әлеуметтік және өнегелік категория. Мұның өзі қоғамның және онын, өкілі ретінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік-этикалық мақсаттарын көрсетеді. Достық ықылас негізіне құрылған псдагогикалык қарым-қатынас стилі де едәуір табысты болып, оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табыска жеткізеді. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасындағы осындай стилдің тиімділігін атап көрсете келіп айтарымыз, қарым-қатынас процесіндегі достық ықыластың да, сондай-ақ кез-келген әмоциалық көңіл-күй мен педагогикалық нұсқаудын, да белгілі бір шегі болуы тиіс. Ең кең тараған қарым-қатынас стиліне дистанциялык қарым-қатынас жатады. Мұны тәжірибелі педагогтар да, жас педагогтар да жиі пайдаланады. Бул стилдің мәнісі мынада: педагог пен оқушылардың өзара қатынас жүйесінде маңызды көрсеткіш ретінде дистанция көрініс тауып қарым-қатынастың барлық саласына енеді: окытуда — «сіз білмейсіз — мен білемін», тәрбиелеуде —«мені тыңдаңдар — мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің позициямыз бөлекше» т.б. Педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас жүйесіндегі мұндай калыптан тыс дистанцияның болуы мүғалім мен оқушылардьщ әлеуметтік-психологиялык өзара әрекетіндегі бүкіл жүйені формализмге үшыратып, нағыз творчестволык. жағдайға ықпал етпейді . Мұндай қарым - қатынас өте қажет, алайда оның өзі қарым-қатынастың басты критериі ретінде мұгалімнің әкімшілік жолмен мәжбүр етуі бойын-ша мақұлданбауы, қайта окушылар мен педагоггың жалпы қатынас жүйесіндегі бірлескен творчестволық процесінде окушылардың оздері жете түсінетіндей дәрежеде болуы тиіс. Коркыту арқылы қарым-қатынас жасау шын мәнінде творчестволық қызметті қамтамасыз ететін коммуникативтік жагдай туғызбақ түгіл, керісінше, оны шектейді. Оның өзі көп жағдайда істеу керек екендігін емес, не істемеу керек екендігі жайлы нүсқау береді де, балалардың творчестволык ізденісін де, олардың үсынылған оқыту методикалары бойынша жүмыс істеу мүмкіндігін де, әсіресе мүғалім мен оқушы-лардың бірлескен ізденісін де шектейді. Балалармен жүмыс істеген кезде әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас жасаудын да көптеген қолайсыз жақтары бар. Мүндай карым-катынас жасау тағы да жас мүғалімдерге тән және де онын өзі педагогикалық қарым-катынасты тиімді ұйымдастыра білмеуден болады. Шын мәнінде қарым-қатынастың бұл түрі балалар алдында жалған арзан бедел алуға тырысудан болады да, педагогикалык әтикаға кайшы келеді. Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей, әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас мынадай себептердің нәтижесінде пайда болады: а) педагогтыңөзінің алдында тұрған жауапты педгогикалык міндетті түсінбеуінен, б) қарым-катынас дағдысының жоқтығынан; в) класпен қарым-қатынас жасаудағы «қоркақтык» және сонымен қоса олармен байланыс орнатуға тырыспаушылық. Бұдан байқап отырғанымыздай,мұндайда педагогтык кажетті қарым-қатынас амалдарын білмеуінен болатын өз технологиялық себептер жетекші роль атқаратынын көреміз.Педагогикалық жұмысты тастаған мүғалімдерден сұрау салғанда, олардың көпшілігі әздерінің коммуникабельділігі жоқ немесе шамалы коммуникабельді екеңдігін мойындаған. Басқа адамдармен қарым-қатынас фактісінің өзінен-ақ, оның жеке адам табиғатына үйлесе бермейтіндігін, демек, кәсіптік-дербес сапаға ауыса ал-майтындыгын аңғарамыз. Тұрақты, үзақ қарым-катынас — педагогикалық кызметті біз осылай түсінеміз — коммуникативтігі жок адамдарды қалжыратып, тітіркендіреді, демек олардың мектептегі жүмысын қиындатады.Сабақ процесінде студент тобы өзінше «оқушылар класы», ал оның әр мүшесі кезегімен мұғалім ролін атқарады. Шамамеп алғанда мынадай жаттығу тақырыптарын қолдануға болады: аудиторияға кіріп, терезені ашыңыз да, тақтага бүгінгі ай мен күнді жазыңыз, осыдан кейін материалды сәл ой елегінең өткізіп, столға отырыңыз; кітапты немесе класс журналын ашыңыз; есікті ашыңыз; аудиториядан шығыңыз; осы әрекеттерді жылдам ырғақпен қайталаңыз. 
 
Кездсйсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалың жаттыгуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тыкыл-дады)—көңіл аударыңыз жәые әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып түрсыз (кенеттен терезе ашылды)— әрекететіңіз т. б.Аудиторияда журген кезде ішкі ыргакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы. екіншісі, ырғақты гез ауыстыру т.б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру кажет. 
 
Өзгермелі жагдайлардагы әрекеттіц бірізділігі мен максатңа сәпкестігіне арішлгаи жаттыгулар. Аудиторияға кіріңіз (әрі карай барлық тапсырманы жетекші береді): іске кірісе бастаңыз, кіріспе тапсырма (аудиторияның шетіыде шуыл естіледі)—көңіл аударыңыз; сіз тактаға жазьш түрсыз — есік тыкылдады, сіз есікке беттедіңіз — осы кезде аудиторияда шуыл естілді — көңіл аударыңыз т. б.; тапсырманы орындағаннан кейін студенттің бөгеуілді қалай бағалағанын, олар ойластырған бөгеуілде өз дрекетіңнін, қаншалыкты дәлдіі ін және бара-барлығын түсіндіру қажет. 
 
Бүкіл бүлшық етіңді босату және бірте-бірте катапту жаттыгуы. Онға дейін санай отырып бүкіл бұлшык етіңді босат, содан кейін беске дейін санай отырып қатайт, бү-кіл бұлшық етіңді босат (басыңнан бастап аяқ саусақтарыңа дейін), содан кейін оларды кер (есептеу шартты түрде болуы, әрі өзгеріп ' үруы мүмкін). Аяқ бұлшық етіңді әрі карай басыңа дейін босат, содан кейін бүкіл денеңді кер және қайтадан босаңсы (әуелі еркіңше, содан соң есептеу арқылы); сол аяғыңды кер — бұлшық ет әнериясы калай таралғанын, оң аяғыңның керілген - керілмегенін тексер, барлык денеңдегі керілуді босат, сіздің бүлшық ст «бакылаушыңыз»—- арқаңызда және баска да дене мүшелеріңізде керілудің баржоғын тексерсін. Әр түрлі есептеулерде (25, 15, 10, 5) жапыгулар жаса. 
 
Қатайту объектісін тез ауыстыру жаттыгуы — дененің бір бөлігін тез арада қатайтуға негізделген; осы секілді жаттығуларды жайлап жүріп, тез жүріп жаса. 
 
Ықтиярлы зейінділік, байқагыштьщ және жинақылык; дагдыларды дамыту жөніндегі жаттыгулар. Естілген дыбыстарға кезегімен құлақ тік: аудиториядағы, аудитория есігінің ар жағындағы, терезе сыртындағы — оларды ата; бөлмедегі және герезе сыртыидағы дыбыска кұлак тік — оларды ата; коридордағы, аудиториядағы және терезе сыртындағы дыбыстарга бір мезетте қүлак і Ік оларды түсіндір т. б. 
 
Қарым-қатынастың қарапайым дагдыларын дамыту, Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандас; класка кіріп, ешбір сөзсіз-ак — мимика, пантомимика, көзқарас арқылы озіңе зейін аударт. «Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара бұйрык, тілек т. б. түрде сауал қой; қажетті дауыс ыргагын табумсн коса, мимикалык-пантомимикалық монерді де дүрыс келтіре білу кажет; еркіндіг іне назар аудар жәнеде бүлшык еттегі артык ширығуды кетір. 
 
Дауыс ыргагып келтіре сойлеу жµпіидегі жаттығулар. Әр гүрлі сөйлем беріп, студенттер ойластырған педагогикалык жағдай-ларга байланысты түрліше мәнермен айтыи шыгу тапсырмасы қойылады. Мысалы, «мүнда кел», «тапсырманы орындадың ба?», «зейін аударуыңызды сұраймын», «ия», «рахмет жаусын» т.б.; сөйлемді студенттердің өздері де ойластырады. Студентгерге кез келген проблема бойынша тосыннан қойылған сұраққа тез жауап беру ұсынылады, мүндайда ойлануга уақыт берілмейді (спонтандык ко м му н и ка ц и я дағдысы дамытылады). 
 
Қарым-қшпыпас жуйесіп апықтау жєне пақтылау жµпіндегі жаттыгулар. Кеше дау-дамай болгап аудиторияға кіріңіз де, дұрыс қарым-катынас жүйесін табыцыз; осы жаттығудың екінші варианты — әуелі әтюд орындалады, содан кейін оны психологиялык-педа-гогикалық гұрғыда түсіндіреді; жазықты болғанмен сөйлес. Cµзбен қарым-қатыпас жасауды жузеге асыру жµніпдегі жаттыгулар, Класка кіріңіз де, ондағы коммуникативтік жагдайды багдарлаңыз; осыдан бұрынғы карым-катынас ахуалын еске түсіруге тырысыңыз. аудитория назарын өзіңізге аударыңыз, әрбір адаммен қарым-катынас жасауға іштей әзірлене отырыи, аудиторияға мұкият коңіл бөліңіз, осыдан кейін тікелей сезбен ыкпал етуге кірісіңіз 
 
Соз техникасы мен логикасы, оның мәнерлілігі меп шоциал-дыгы жоніндегі жаттыгулар. Бұл жаттығуларды арнайы шыгарыл-ған қолайлы құралдарда көрсетілгендей жолмен жасауға болады . 
 
Кысқа диалог бойынша жаттыгулар. Оқушылар жүпқа бөлінеді, оның біреуі — педагог, екіншісі — тәрбиеленуші. Оларға диалог үшін 5 минутқа такырып беріледі, содан кейін олар ролін ауыстырады. Күрделенген варианты —диалогқа окушы -педагог-тардың импровизациялық комупикативтік ықпалына есептелген кіріспе тап:ырма енгізіледі. 
 
Кєсіптік-педагогикалмң қарым - қшпыпас пегһдеріп қалып-тастыру жопіпдегі жаттыгулар. Студенттер мектептегі, клубтагы бір-бірінің лекциясына қатысады да, сабакта оларды талдайды; студеттер оқытушымен бірге әр турлі шараларға, педагогтардың сабактарына қатысып, жаттығу сұрактары ретінде оларды талдайды. Мектепте студенттер сабақтың барлык гурлеріне каты-сып, тәжірибелі педагогтармен кездеседі. 
 


Информация о работе Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп