Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 18:56, курсовая работа

Краткое описание

Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17

ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42

Қорытынды.......................................................................................................48

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстанда-аномальды-балаларды-оқыту-мен-тәрбиелеу-мәселелері.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

   Тұтығу – нң ауыр кесел. Оның себептері:

  1. Қорқу;
  2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
  3. Ата-анасының тұтығуы;
  4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

   Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады.

   Мысалы, кейбір  ата-аналар балаларының қабілетін  жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі  келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді.

   Жасы жетпеген  балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты  ертегілерді оқу зиянды. Өйткені  бала қатты қорқып, түсінде түрлі  қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.

   Баланы жазалау  мақсатында қорқыту әдісі де  көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың  да жөні бар. Шамадан тыс  қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді.

   Тұтығатын бала  күдікшіл болады, өзінің құрдастарының  алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан  баланы өзге балалардың мазақтауынан  сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс  күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек.

  Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.

   Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды.

   Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар  созылып шұбалаңқы айтылады.

   Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.

   Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.

   Афазия екіге  бөлінеді: моторлы және сенсорлы.

   Моторлы афазия – ауру тек қана ымдау арқылы түсінеді. Кейде, бұндай ауруларда 1-2 сөз қалып, осы арқылы қарым-қатынас жасайды. Жеңіл түрінде ауруда 10 шақты сөз қалып, сол арқылы қысқа сөйлемдер құрайды. Сөйлемде сөздердің не әріптердің түсіп қалуы мүмкін немесе орындарын ауыстырып айтуы мүмкін (қала – лақа, стол – скол) . Сөйлемдері телеграфтық стилде болады, тек қана зат есім мен етістіктен тұрады. (Мысалы, Папа барды завод). Оқыған кезде, сөйлемдері түсініксіз, түрлі қателер кездеседі.

   Сенсорлық афазия – біреудің айтқанын түсінбейді. Есту органы қалпында. Айтқанды естісе де, оны дұрыс орындамайды. Мысалы, «Орындықты алып, бері әкел, сөйтіп үстелге отырып, оң қолыңды көтер» деген тапсырманы алып, оның тек кейбіреуін ғана түсінеді. Ал, кейбіреуін түсінбей бірден екі қолын көтеріп тұра береді. Өздерінің айтқан сөздерін- де, сөйлемдерінде де түрлі кемістіктер болады. Контаминация – екі сөзді біріктіріп, бір сөз етіп оқу (мысалы, мектепке бару – мекбар).

   Дислексия – оқу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.

   Дисграфия – жазу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.

 

Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі

   Есту органы  адам организмінде өте үлкен  рөл атқарады. Адамның есту органы  үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы  және ішкі құлақ. Іштен туа  біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.

  Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады, мысалы, ангина, грипп аурулары.

   Ішкі құлақтың  зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы.

   Есту органының  күшті бұзылуы бұл – өздігінен  немесе емделудің нәтижесінде  есту органының жақсармауы. Есту  органының күшті бұзылуы іштен  туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.

   Жүре пайда  болған себептер: ортаңғы құлақтың  күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.

   Есту функциясының  бұзылу дәрежесіне қарай есту  жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі  бар адамдар.

   Кереңдік – есту қабілетінің толық жойылуы.

   Құлағының мүкісі  бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).

   Есту жетіспеушілігінің  түрлеріне байланысты балаларды  екі топқа бөледі: кереңдер және  нашар еститіндер.

   Кереңдердің өзі  екі түрге бөлінеді:

  1. Сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар);
  2. Сөз сөйлеу <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; text-dec

Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері