Отбасындағы келіспеушіліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:53, реферат

Краткое описание

Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер — оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Дауылдатып, шулатып, тына қалатын көктемгі нөсердей жеңілі де бар. Ренжісуден соң ұйқы жайсыз болады, көңіл жабырқайды. Ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады. Екеуара қарым-қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі-зайыптылар бір-біріне өкпе-назын, ренішін жеткізеді. Ал соңынан майдалап кешірім сұрап, еппен шағын «шайқасты» әзілге айналдырады ашуланған жарын еркелетіп, татулыққа жетелейді. Осындай, ұсақ-түйек үшін ұрыс-таласты асқындырып алмаудың жайын ойлаған дұрыс.

Содержание

Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер.
Отбасы татулығын сақтаудың жолдары.
Махаббаттың уақыт өте өзгеруі, салдары.
Отбасындағы ұрыс-керіс проблемасын шешу жолдары.
Үй болу — ошақ қасынан басталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасындағы келіспеушіліктер.doc

— 60.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

  1. Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер.
  2. Отбасы татулығын сақтаудың жолдары.
  3. Махаббаттың уақыт өте өзгеруі, салдары.
  4. Отбасындағы ұрыс-керіс проблемасын шешу жолдары.
  5. Үй болу — ошақ қасынан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер — оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Дауылдатып, шулатып, тына қалатын көктемгі нөсердей жеңілі де бар. Ренжісуден соң ұйқы жайсыз болады, көңіл жабырқайды. Ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады. Екеуара қарым-қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты.  Себебі, ерлі-зайыптылар бір-біріне өкпе-назын, ренішін жеткізеді. Ал соңынан майдалап кешірім сұрап, еппен шағын «шайқасты» әзілге айналдырады ашуланған жарын еркелетіп, татулыққа жетелейді. Осындай, ұсақ-түйек үшін ұрыс-таласты асқындырып алмаудың жайын ойлаған дұрыс. 
 
       Екі мінез-құлықтың нағыз соқтығысы да болады. Оны тоқтатуға енді әзіл-қалжыңңың әлі келмей қалады. Қарсыластар өзіне жақтастар жинауға кіріседі. Оның құрамына балалары, туыстары, достары кіреді. Әрқайсысы өзінің дұрыстығын жақтап, жеңілгісі келмейді. Бір-бірінен өш алу, есесін жібермеудің амалын қарастырып, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау тауып отырады. Мұндай кақтығыстар жанды жаралап, екі ортаға сыза түсіреді. Татуласқан күнде де бітеу жарадай сыздап, ойдан кетпейді. Ұрыстың бұл түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайлылық өз міндетіне жауапсыздық т. б. себепші болатындықтан «татулық та оңайлықпен қайта оралмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудың жолдарын таба білуге тырысу керек. Бұл істі белгілі ережелерді сақтай отырып, ақылмен жүзеге асыруға болады.                              Ол ережелер: 
       Бірінші: қақтығыстық неден басталғанын, себебін анықтау керек. Ең қиыны, ұрыс әбден өршігенде, алғашқы себебін анықтап көр. Алдымен себеп айтылады, ал оны өз қалпында түсіне қоймай, қарсыласып, ерегесіп бұрынғыдан да бетер дауды өсіре береді. Кім не үшін риза емес екендігін анықтаудан бастау керек. Ренішті жұбай—ұрыстағы негізгі тұлға. Ол отбасы шырқын бұзушы «агрессор» емес. Ол жәбірленуші және басқалардан көмек күтуші. Оны тек осылай түсінуіміз керек. Ал әрі қарай оны шын ниетімізбен, ойын жинақтап ңақты айтуға тырысқын. 
 
       Екінші. Ұрыстың негізгі себебімен, оны тудырушы фактіден ауытқымау керек. Барлық ренішті жағдайларды бір уақытта жиып-теріп шеше алмайсыз. Ұрыс неден шықты, ол туралы кім қалай ойлайтынын өзара кекетпей, мұқатпай тыңдап, көзқарастарын қалыпқа келтіруге, түсінісуге тырысу керек. 
 
       Үшінші. Қақтығыс кекетіп-мұқатып, бірін-бірі төмендету, жәбірлеу түрінде емес, кеңесіп талдау түрінде өтуі қажет. Сол сияқты таласқа үшінші адамды, балаларын, туыстарын және таныстарын қатыстырмау керек. Олар еріксіз түрде біреуіне жақ болып, аралық тендікті бұзады. Әсіресе                     ата-аналарының «соғысы» балаларына қатты батады, сондықтан оларды араға түсірмей, керісінше, сездірмеуге, көрсетпеуге тырысу керек.                Айқай-шусыз, дауыс көтермей, салмақты ақылдылықпен келісу керек.  
 
       Төртінші. Кешірімді болу. Қарсыласып ұрысты өршіте бермей, кей кезде өзін өзі тежеп, серігін тыңдауға тырысу керек. Серігінің кей пікірлерімен келісіп, оның қойған талабын орындаған дұрыс. Ал талап қойған адам өз бойына бір жола бағындырып алудың жолын ойламай жолдасының аз ғана мойын ұсынғанына қанағаттануы керек. Жұбайлық өмірде және басқа да қарым-қатынастарда ашық түрдегі эгоизм, бірбеткейлік, кешірімсіздік келіспеушілікті тудырады және семьяның бұзылуына әкеп соқтырады. 
 
       Ерлі-зайыптылардың махаббаты мен жастардың неке тіркеу орнына келу сезімінде айырмашылық бары даусыз. Бұл табиғи нәрсе. Адам өзгереді, онымен бірге оның сезімі де өзгереді. 15-тегі сүйіспеншілікпен, 25 немесе 50 жастағы сүйіспеншілік бірдей болмайды. Махаббат түр өзгерткенімен, отбасылық әрбір жаңа кезеңі жаца мазмұнымен толығады. Ол өзіне су жинаған өзендей кеңейіп, тереңдей түседі. Махаббат құмарлығына өзара түсінушілік арқылы көп жылдар бойы қалыптасқан достық қосылады да, ерлі-зайыптылар махаббаты ата-ана сезімімен байи түседі. Махаббаттан туған нәресте үшін жауапкершілікті жұбайлар жаңаша ұғына бастайды.        Ерлі-зайыптылардың біреуі екіншіеін түсінсе, ол ауырып жүре ме, көңілсіз жүре ме соны сезініп, оған .көмектессе, оны жұбатса, сонда ғана олардың махаббаты нығая береді. Жақсы жұбайлар бірін-бірі түсінуді, зейін қоюды өмірді жеңілдетуді, қамқоршы болуды отбасының тыныштығы, жайлылығы арқылы ғана жүзеге асыра алады. 
 
       Отбасылың қарым-қатынас ерекшелігін білумен бірге оны өмірдің әр кезеңіне сақтай білуді де үйрену керек. Ол жұбайлар қатынасында ерекше шаттық сезім орын тебеді, күш-жігері артып тау қопарарлык сенім пайда болады. Махаббаттың шабытты күші міне осындай. 
 
       Бірақ, махаббат болса қалғаны өзінен өзі-ақ келеді деп ойлауға болмайды. Жас жұбайлар ерте ме, кеш пе бірге тұрудың оңай емес екендігін түсінеді. Отбасындағы бақыт тек олардың отау кұру сезімдерімен              ғана - емес, олардың ішкі қасиеттері — мейірімділігімен, адам сүйгіштігімен, камқоршылдығымен, туғандарына деген ізеттілігімен тығыз байланыста екенін аңғарамыз. 
 
       Жас жұбайларға тән құбылыс — олар бір-бірін аз біледі, бірақ бірігіп тұрған кезеңде екеуі бұрынғы өмір суру дағдысын бұзып, өз қосағының әдептеріне икемделуі керек екенін байқайды. Сондықтан, жас жұбайлардың алғашқы кездегі қиыншылықтары мен егестері, негізінен екі мінездің үйкелісінін «мен» дегеннің өзара жұғысуының, сөйтіп ортақ «бізге» айналуының өтпелі кезеңдері. Бір-бірімен алғаш кездескен кезде жастар өздерінің жақсы қылықтарын көрсете біледі. Ал күнделікті тіршілікте өздерінің кемшіліктерін қашанғы жасыра береді. Р. Роллан «Сүйген жан» деген шығармасында - адам қасындағы кісімен таңертеңнен кешке дейін отырғанда өзін өзі қаншалықты бақыласа да ақырында өзінің кім екендігін білдіріп қояды, - дейді. Нақты адамның бейнесі, оны сүйген жанының ойлағанымен сәйкес келе бермейді. Сөйтіп сүйген адамның көңілі қалады. Содан кейін өзінің «қосағын» қайткенде де ойлаған жерінен шықса екен деген талап туады, соны жүзеге асыруға, әрекеттенеді. Бірақ ол алдағыдай шешімін таба бермейді. Бір отбасында мерекеге сыйлық әзірлеу дәстүрге айналған, ал басқа біреуінде оның керегі жоқ боп саналады. Жаңа тігілген отауда жанжал үшін осыдан артық себеп бар ма? Мысалы, жас келін мейрамда сыйлық алмаса өкпелейді. Осылайша ұрысып-керісіп қалуға болады. Некелесудің алғашқы жылында жас жұбайлар ұрыс-керісте                   бір-бірімен тіл табыса білуі керек. Қақтығыссыз отбасы болмайды. Олай болса, әр отбасындағы ұрыс-керіс проблемасы қалай шешілетінін қарастырайық. 
 
       Бірінші. Даудың ауқымын азайта білу керек. Яғни бұрынғы қателіктерді еске түсірген, қазбалаған жөн емес. Сен ылғи естисің, осы сенің әдетің деген сияқты қазмырлықты қысқарту керек. 
 
       Екінші. Бір-бірінің кемшіліктерін тым әшкерлемей, жұмсартуға көрсетуге тырысу керек. Өмір тәжірибесі дөрекіліктің дөрекілік тудыратынын көрсетеді. Достық пейілсіз отбасы әмірінде қиыншылық молаяды. 
 
       Үшінші. Дауласқан кезде бірін бірі түсінуге, ұғынуға талпыну, түсінгенде, іштей түсіну, яғни оның орнына өзін қоя білу дұрыс. Өзінің кателігін-мойындау, өзін өзі тежей білу де маңызды. Кез келген жанжал айғайсыз шешілуі тиіс. Ішің ашудан қыж-қыж қайнап жатқанын сезінсең, ең дұрысы — басқа нәрсеге көңіліңді аудару. Вольтер «Ыза кернегенде әрекеттенбеу де, сөйлемеу де керек» деп бекер айтпаған. Ең дұрысы дауды шешуді келесі күнге қалдыру керек. 
 
       Отбасындағы екеудің жеке отырып өзара керісуі өте сирек ұшырасады. Қақтығыс отбасының басқа мүшелерінің көзінше өтеді.  Мұндайда кейде, ата-ене араға түсіп, жанжалды қоздырады, тіпті өздерінің көзқарасын бірден айтып салады, күңкілдеп кімді жақтайтынын білдіреді. Ерлі-зайыптылар татуласуға бет алғанда енесі болған жағдайға өзінің көзқарасын айтып, жанжалды қайтадан өршітетіні де болады. Өкінішке орай, ата-аналар ақылға салуды ұмытып, дұрыс-бұрыстығына қара-май, әйтеуір өздерінен туған баланы жақтауға әзір тұратыны аз емес. Сондықтан да отбасы жанжалына екінші біреуді араластырмауды қарастырған жөн. 
 
       Ерлі-зайыптылар бірінші жылы егер ата-анасынан бөлек тұрса, осы уақыт ішінде-ақ отбасы өмірінің бет-бедері анықталып қалады. Отбасының қарым-қатынасы қаншалықты дұрыс болса, некенің беріктігі де соншалықты нық болады. Жастар күнделікті өмірде өзара табыса ала ма әрқайсысының істегі жетістіктері екіншісін қызықтыра ма, бос уақыттары маңызды өте ме осы сияқтылардың бәрі отбасы тағдырын шешеді. 
 
      Үй болу — ошақ қасынан басталады. Жас жұбайлар күнделікті қажеттіліктің көлем, шама-шарқын дәл ойластырып отыруы тиіс. Екеуі отыра қалып күнделік, апталык, айлық немесе маусымдық тұрмыс-тіршілік жоба-жоспарын жасағандары да жөн. Әрине ондай іс тізімі ұзақ боп шығады. Үй шаруасының көптігі маңызына орындау уақытына, кезегіне байланысты топтастыруға мүмкіндік береді. Талдау жасап, барлық шаруаны өзара бөлісіп алуға, кім кай шаруаға тұрақты жауап беретіндігін әрбір жұмыстың қай негізде орындалуын анықтап алуға болады. Мысалы, кірді жуатын жерге ері апарып, ал жинау үтіктеу жағын әйелі міндетіне алады. ірі кірлерді жууға ері көмектессе, ұсақ-түйекті әйелі жуа салады. Айына бір рет олар көп сақтауға болатын азық-түлік қорын жинастырады. Мұның өзінде ауыр жүк көтеру ерінің үлесіне тиеді. Аптасына бір рет екеуі дүкен аралап, бір аптаға тоңазытқышта сақтайтындай етіп сатып алады. Сонда күнделікті қажет нәрселерді сатып алуға уақыт көп кетпейді. Өйткені көп нәрсе сатып алмайсың. 
 
       Шаруаның мұндай әдісі дағдыланбағандықтан, алғашында киын болып көрінуі де мүмкін, бірақ міндеттерді бөлу жүйесі жұбайлардың жағдайына, бейімділігіне дағдысына қарай белгіленіп, өзгеріп отырса, үй шаруасын жоспарлау өз жемісін береді. Біріншіден, керек кезінде бос болу үшін, немен айналысатыныңды білесің. Екішніден, шаруа жиналып қалмайды кенеттен туындамайды, өз кезегімен жүріп жатады. Осылайша кітап оқуға, кино көруге, сүйікті істерге уақыт табылады. Тұрмыстағы өзіндік тәртіпке әдеттену ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына да әсерін тигізбей қоймайды. Елмен араласуға, бос уақытты анықтауға мүмкіндік туады өйткені үй шаруасы апта бойы бір қалыпты орындалады, ал демалыс күндері кір жуу, үтіктеу, жинау, тамақ сатып алу сияқты істермен айналыспағандықтан шын мәнісінде демалысқа айналады. Үйдегі еңбекті қалыптастыру, ұйымдастыру күйгелектіктен сақтайды, жайбарақат жағдай жасауға көмектеседі. Үй жұмысын жоспарлау, сонымен қатар, еркектің күші-қабілетін тиімді жұмсауға жетелейді, ал бірігіп жасаған тірлік отбасы ынтымағын нығайта түседі. 
 
       Біреудің қойған талабын орындау жауапкершіліктің нышаны, сондықтан өзара қарым-қатынаста әр уақытта ұкыптылықты сақтауы керек. Кешірімді болу, біреудің куанышы мен өкінішіне ортақтасу — тәрбиелі адамның белгісі. Міне, осындай жоғары сезімді, саналы қарым-қатынасты мәңгілікке сақтауға бола ма? Әрине, сақтауға болады. Қалай? Ол үшін сіздің жеке басыңыздағы күнделікті тіршілік ағымымен туатын тұрпайы мінездеріңізден арылуыңыз керек. Өмір тәжірибесінен алынған мына төменгі ережелерді орындай алсаңыз, тұрпайылықтан құтылуыңызға мүмкіндік береді:                          1. Көп мылжыңдамаңыз, көп сөйлемеңіз.                                                                    2. Тәрбиелеудің де белгілі бір шегі болады.                                                                 3. Жолдастарыңыздың бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, шын жүректен қуаныңыз, олардың ұнамды қылықтарын қабыл алып, құптай біліңіз.                            4. Бір-біріңізге әрқашан да көңіл бөліп камқор болыңыз.                                             5. Үнемі өзара сыпайы қарым-қатынаста болуға талпыныңыз. 
 
       Бұл айтылғандар ерлі-зайыптылардың бейбіт және бақытты өмір сүруінің негізі болып есептеледі. Осы көрсетілгендерді орындау үшін, өзіңді өзің тәрбиелеуге зор мән бер. Өзіңді қатаң ұстау нәтижесінде үлгілі мінез-қылықтар мен тағлымды тағдырдың иесі боласыз . Өзіңді өрге жетелей білу үлкен өнер, ал өнер қашанда сан қырлы, мың сырлы. 
 
       Әр адамның жанына жайсыз тиетін ауыр күндер болады. Келіспеушілік салдарынан жұмыс барысында жолдасыңның үстінен шағым айтасың. Оны естіген жолдасын жайсыз күйге бөленеді. Екінші бір адамның көңіл-күйін бұзбас үшін, оқиға ашулы жалғасын таппай орнында қалуы керек. Сондықтан өзіңізді өзіңіз жеке біліңіз. Ашуды ақылға жендіріңіз. Егер де көпке дейін өзіңізді баса алмай, дегбірсізденсеңіз, кеңіліңізді басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Жұмыс орныңызды тазалаңыз немесе үйді жинастырыңыз. Тіпті болмаса басқа біреулермен сейлесіп, жаңағы жайтты ұмытыңыз. Тіптен қиналсаңыз, өзіңізбен өзіңіз болып, жеке, ешкімі жоқ жерге барып, болған оқиғаны әділеттікпен сын көзінен өткізіңіз. Жалпы, адам, әрқашанда кездесіп отыратын жағымсыз қатынастар мен қиыншылықтарға алдын ала дайын болуы керек. Ондайда өзінді-өзің ұстай білген жөн. Ол үшін мына сұрақтарға жауап іздеп табыңыз: Мені не қинайды? Мен нені дұрыс істедім? Мен неден сақтануым керек? Мен үшін ен негізгі мәселе қайсы? Казіргі мақсатым не? Сол мақсатқа жету үшін не істеу керек? 
 
       Бұл жерде көршілес орыс халқының күйеу мен қалыңдыққа арналған мынадай нақыл сөздерін еске сала кетудің артықшылығы жоқ:  «Күйеуіңнің шешесімен тіл-тапсаң махаббатыңды сақтайсың», «келіншегіңнін шешесімен тіл тапсаң, аш болмайсың».   Әр адам өз өмірінің игі ісіне жетекші. Өмірде қуаныш әкелетін қылықтар көп.  Басқалар мен қарым-қатынаста ұқыпты, үлкендерге ибалы ата-анаға мейірімді, болу борышы, мақсатсыз                     ұрыс-керістерден аулақ жүру мәдениеті және әдепті сақтау олардың үйрену ережелерін орындауға үнемі талпыну ғана көзделген мақсатқа жетуге жол ашады.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. И. А. Зимняя педагогикалық психология. Оқулық/ орыс тілінен аударған М.А:Құсаинов/ Москва, Алматы 2005.

2. Балл Г.А. Теория учебных задач:                                 психолого-педагогический аспект. М., 1990. 
 
3. Давыдов В.В., Ломпшер И., Маркова А.К. Формирование учебной деятельности школьника. М., 1982. 
 
4. Ильясов И.И. Структура процесса обучения. М., 1986.

 

 


 



Информация о работе Отбасындағы келіспеушіліктер