Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:26, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология қолдану, оқыту әдістері мен оқу жоспарына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.
2. Оқытуда білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
3. Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқыту әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.
ӘОЖ 372.8:004:004.032.6 Қолжазба құқығында
СУЛТАНОВА ТОТЫ АСАНОВНА
Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: физика – математика ғылымдарының
Ресми оппонент:
Қорғау өткізілді:
Диссертация 20_____жылы«______»___________
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының хатшысы:
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы” заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде. Білім мазмұнының сапасын арттыру, сол сияқты қоғам дамуын айқындайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi – оның ақпараттану кезеңiне өтуi болып табылады. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетiнiң жемiсi – ақпаратты тиiмдi пайдалану арқылы ғана ғылыми-техникалық прогрестi одан әрі дамыту керек болатындығы белгілі болып отыр. Өйткені ол ақпараттық қоғам жағдайында экономика‚ техника‚ ғылым‚ саясат және жалпы қоғам дамуының шешушi күшiне айналуда. Қазiргi кезеңдегi білім беру үдерісіне жаңа ақпарттық технологияны кеңінен енгізудің, сонымен қатар оқушының ақпараттық мәдениетін дамытудың негiзгi ерекшелiгi оның қолданбалы бағыттылығын‚ пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын iздестiру болып табылады.
Қазіргі кезеңде оқушыларға сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Кәсіптік лицейлердің басты мақсаты – білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл оқушының кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа компьютерлік технологияларды меңгеруі т. б. Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дәстүрлі оқытудан оқытудың жаңа түріне – инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындап отыр. Оқытудың бұл түрі оқушының бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді. Кәсіптік лицейлерде білім беру сапасын одан әрі дамытуда осы бағыттарды іске асыруы керек. Білікті мамандарды тәрбиелеп шығару –кәсіптік білім саласының айрықша мақсаты болып табылады.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың негізгі педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысқан ғалымдар, білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеушілер И.И.Антипов, Е.Ы.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев, С.С.Үсенов, Ж.А.Қараев, С.М.Кеңесбаев, Б.К.Тульбасова, Д.М.Жүсібалиева, К.З.Халикова А.А.Кузнецов, Э.И.Кузнецов, И.В.Роберт, В.М.Монахов, Г.К.Нұрғалиева, В.В.Гриншкун, А.П.Ершов, М.Г.Лапчик, Е.И.Машбиц, В.В.Рубцов, В.Ф.Шолохович және т.б. өз еңбектерінде орта және кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі, кәсіптік лицейлер пәндерінің мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету керектігін, педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. Білім беруді ақпараттандыру мәселесін тиімді шешу, негізінен педагогикалық кадрлардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Бүгінгі мұғалімнің ақпараттық мәдениеттілігі оның педагогикалық мәдениеттілігінің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппараты – бағдарламалық құрал. Мультимедиалық бағдарламалық құралдары – интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өндеу, ұсыну, біріктіру секілді іс - әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі – басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы. Мультимедиалық өнімдер – мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.Мультимедиалық технология дегеніміз – адамның ақпаратты бір мезгілде бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық технология ақпараттың көптүрлілігі мен түсініктілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, басқару, ұйымдастыру, білім беру, сияқты қызметтің түрлі салаларында ақпараттық мәдениетті қалыптастыра алады. Ақпараттандыру – әрбір адамның және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік –экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс. Ақпараттандыру - өндірісте ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату, әсіресе білім беру жүйесінде қолдану болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру сыртқы (еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстарына) және ішкі қажеттіліктермен (оқу-тәрбие үдерісі сапасының артуымен) сипатталады. Білім беруді ақпараттандырудың ішкі қажеттіліктері білім беру саласына ақпараттық технологияны енгізудің мүмкіндіктерін анықтайтын педагогикалық ғылым мен тәжірибенің даму дәрежесімен байланысты болады.Білім берудi ақпараттандыру – бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үдерісі. Білім беруді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды, сонымен қоса, білім беруді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Кәсіптік лицейлерде оқытудың жүйесіне сәйкес оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды жетілдіру ақпараттық технологиялар түрлерін толығымен пайдаланылмауы және ақпараттық технологиялар негізінде оқушының ақпараттық мәдениетін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушының ақпараттық технология түрлерін бүгінгі заман сұранысына сай қалыптастыру, зерттеу проблемасын айқындап, зерттеу тақырыбы “Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері” деп анықталды.
Зерттеу нысаны: кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология түрлерін білім беру үдерісі пайдаланып оқытуды қамтамасыз ету.
Зерттеу мақсаты: кәсіптік лицейлерде оқушыларды ақпараттық технологияны қолдануға қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері және информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытуды әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, оны қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер кәсіптік лицейлер оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемелік жүйесі анықталса, онда оқушының ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру жоғары дәрежеде болады, өйткені оқыту барысында оқушының ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың әдістері мен жолдары анықталып, оны жүзеге асыруға толықтай мүмкіндік болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология қолдану, оқыту әдістері мен оқу жоспарына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.
2. Оқытуда білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
3. Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқыту әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Кәсіптік лицейдің білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу және кәсіби маманың білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.
Зерттеулердің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
Зерттеудің практикалық құндылығы: Ақпараттық технологияны қолдану арқылы информатика пәнінің білім беру стандарттарына сай оқу жоспарлары, мультимедиялық, виртуалдық сабақтардың жоспар үлгісі жасақталды;
Зерттеу базасы. Қызылорда облысының білім басқармасы №6 кәсіптік лицейнің оқу материалдық базасы,
Қорғауға зерттеу төмендегі қорытындылары ұсынылады:
- “білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру” ұғымы, мәні мен мазмұндық сипаты;
- ақпараттық мәдениетті
қалыптастырудың жүйесі мен
- кәсіптік лицейлердің оқушыларына ақпараттық мәдениетін білім беру үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен моделі, оның өлшемдері, көрсеткіштері;
- кәсіптік лицейлерде білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар,
информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялар және информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылды.
Диссертацияның құрылымы:
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.
“Оқушыларды ақпараттық технологияны қолдануға қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде білім беру үдерісінде кәсіптік лицейлерде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері, қазіргі жағдайы қарастырылып, ақпараттық мәдениеттің мәні мен мағынасы айқындалды, соның негізінде оны қалыптастырудың педагогикалық қағидалары мен шарттары анықталды және құрылымдық моделі жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері берілді.
“Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері” атты екінші бөлімде білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар, информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялар, кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері қолданылып оның практикалық мәні көрсетілді.
Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада Қызылорда облысының білім басқармасы №6 кәсіптік лицей оқу жылындағы «информатика» пәні бойынша дамытушылық-тақырыптық жоспары көрсетілген.Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде откен «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық – педагогикалық технологиялар» Жаңашыл педагогтардың 3-ші өңіраралық форумына қатысып, алғыс хатпен марапатталдым. Онда «Кәсіптік лицейлерде ақпараттық коммуникациялық құрылғылар түрлерін пайдаланудың мүмкіндіктері» атты мақалам жарық көрді.
Диссертацияның көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, 5-суреттен, 2 - кестеден, көлемі 100 - беттен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа ақпараттық оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады: