Орта мерзімді жоспарлау тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 18:24, реферат

Краткое описание

“Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген Кембридж бағдарламасы III деңгей. – Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін. Олай болса, мұғалімнің кәсіби дамуы үшін жеті модулді оқып үйрену ХХІ ғасырдағы педагогтар үшін басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Барша Қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін, білім саласында мұндай үдерістер мен өзгерістердің жүруі қуанарлық жағдай.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама орта мерзімді жоспарлаудың тиімділігі.docx

— 23.76 Кб (Скачать документ)

                                      Орта мерзімді жоспарлау тиімділігі

    “Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

 

     Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып  үйрену заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген Кембридж бағдарламасы III деңгей. – Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін. Олай болса, мұғалімнің кәсіби дамуы үшін жеті модулді оқып үйрену ХХІ ғасырдағы педагогтар үшін басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Барша Қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін, білім саласында мұндай үдерістер  мен өзгерістердің жүруі қуанарлық жағдай.

     Әрине мемлекеттің (қоғамның) дамуы үшін ең бірінші білім саласына көңіл бөлу керек.Елбасымыздың өзі  білім саласына көп көңіл бөлуде  мысалы  Қазақстандық жастарға арналған Болашақ бағдарламасы және т.б. осы сияқты білімін көтеретін бағдарламаларды қолға алған. Бағдарламаның негізгі идеяларының бірі - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын ұйымдастыру, дамыту және олардың көзқарастарын кеңейту, өзіндік тұрғыдан өзін де, өзгені де әділ бағалау машықтарын қалыптастыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру кезінде орта мерзімді жоспарымды сындарлы оқыту бағдарламасының жеті модуліне ықпалдастыра отырып құрып, Блум таксономиясына сүйеніп алдағы сабақтарымның мақсаты мен күтілетін нәтижелерін жасақтап алдым.

      География  пәнінен 7-сыныпқа  арналған «Оңтүстік  Америка» тарауына  арналған  орта мерзімді жоспарды құрғанда осы идеяларды басшылыққа алуды көздедім. Әр сабақ  сайын  оқушылар  арасында  ынтымақтастықты  қалыптастыру және психологиялық ахуал тудыру  мақсатында сыныпты  әр түрлі  әдіс-тәсілдермен топқа бөліп отырдым. Жаңа  білімді  меңгертуде  «Галерея» әдісі, «Мағынаны таны» әдісі, «ДЖИГСО» , “Сұрақ-жауап”, “Диалог”, “Ойын” «Инсерт кестесі», « Кубизм» әдісі, Сөзжұмбақ жаңа  тақырыптың  мәнін ашуға  бағытталатын сыни  тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту барысында визуалды айғақтарды пайдаланамын.  Ынталандыру  мақсатында  балаларға қолдау көрсетіп, «рефлексивті агент» қызметін  атқарамын. 

         «Қалай оқу керектігін үйрету  мен үйрену» мақсатында оқушылардың  оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру мен сабақты жүйелі  де тиімді өткізу үшін АБҚ қажеттілігі бар  оқушыларға маршруттық карталар,дарынды және талантты оқушыларға кеңейтілген тапсырмалардың он екі категориясын қамтитын деңгейлік тапсырмалар таратылады. (бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет, тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым шығармашылық тәсілдерді қолдану, таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану)Сонымен қатар оқыту процесінде оқушылардың АКТ құзыреттілігін арттыру мақсатында ғаламтордан “wiki” беттері ,интер белсенді тақта, слайдтар,ұялы телефондар қолданамын.

Ал үйрену барысында қалыптастырушы бағалаудың критерий арқылы өзін-өзі бағалау, топтық және өзара бағалау түрлері қамтылды. Оқушылардың жұптық,топтық жұмыстарды өзара және топтық өзара формативті бағалау кезінде «Екі жұлдыз,бір тілек», «Ыстық орындық»,«Мадақтау сэндвичі», «Шапалақ соғу», рефлексия парағын толтырғызу қолданыс табады.

«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Яғни оқумен қатар қалай оқу керектігін үйрету. Барлық адам баласында ойлау қабілеті дамыған. Кез келген нәрсені тану үшін бірінші ойлау соңынан танымдық қабілет қалыптасады. «Метатану» деп тұлғаның қалай ойлайтынын, оның оқуын қадағалау, бағалау, және сыни ойлау арқылы өзгерту қабілетін түсінеміз.Оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналады,олардың оку үлгерімі жоғарылайды. Үлкен жетістіктерге жетеді ,егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұның игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп әзірлей алса,бұл тиімдірек оқуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бейнеу ауданы Абай орта мектебі» ММ-нде өтетін деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге арналған аудандық рефлексия семинар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

         Тақырыбы: Орта мерзімді жоспарлаудың тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         

                                                                                       Дайындаған: Д. Тлеулиева

 

 

 

 

 

                                                     2014 оқу жылы


Информация о работе Орта мерзімді жоспарлау тиімділігі