Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 21:34, реферат
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру жүйесін дүние жүзілік деңгейге жеткізу мақсатымен егеменді еліміз соңғы кезде осы саланы қайта құру жағдайын бастан өткізіп отыр. Әсіресе, жастарға орта білім берудің мазмұны мен түрлері жүйелі түрде өзгере отырып (лицей, гимназия, колледж т.б.), жоғары сыныптарда бағытты және тереңдете оқыту мәселелері де қолға алынуда. Орта мектепте математикалық бағытта терең білім беру мәселесін күшейтуге байланысты, физика курсының да мазмұнын тереңдете отырып, оқушыларға физикалық білімді саналы меңгертуді қамтамасыз ету мақсаттары жүзеге аспақ. Болашақ қоғам мүшелерінің жаратылыстану ғылымдарының негізін толық меңгеріп шығуы қазіргі заман талабынан туындайтынын ескерсек, оның ірге тасы орта мектеп физика курсын игеруден бастап қаланатыны белгілі.
ОӘЖ 37.002; 327.026. Қолжазба құқығында
ҚҰСМАН ҚАПЕЗ
Орта мектеп физика курсының электродинамика бөлімін тереңдете
оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
13.00.02- Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі физика-математика ғылымдарының докторы Мұқашев Қ.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Исаева С.Қ.
Жетекші ұйым
Қорғау 2009 жылы 25 желтоқсан сағат 1600 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-бөлме.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).
Автореферат 2009 жылдың 25 қарашада таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру жүйесін дүние жүзілік деңгейге жеткізу мақсатымен егеменді еліміз соңғы кезде осы саланы қайта құру жағдайын бастан өткізіп отыр. Әсіресе, жастарға орта білім берудің мазмұны мен түрлері жүйелі түрде өзгере отырып (лицей, гимназия, колледж т.б.), жоғары сыныптарда бағытты және тереңдете оқыту мәселелері де қолға алынуда. Орта мектепте математикалық бағытта терең білім беру мәселесін күшейтуге байланысты, физика курсының да мазмұнын тереңдете отырып, оқушыларға физикалық білімді саналы меңгертуді қамтамасыз ету мақсаттары жүзеге аспақ. Болашақ қоғам мүшелерінің жаратылыстану ғылымдарының негізін толық меңгеріп шығуы қазіргі заман талабынан туындайтынын ескерсек, оның ірге тасы орта мектеп физика курсын игеруден бастап қаланатыны белгілі.
Қазіргі таңда білім мазмұнын жаңарту, тереңдету және оны саналы меңгертудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру педагогикалық зерттеулер көзіне айналуда. Олай болса, орта білім берудің негізгі бағытының бірі- оқушыларға физика курсын тереңдетіп, жетілдіре отырып меңгерту болмақ. Әсіресе, физика курсының «Электродинамика» бөлімін мазмұн жағынан және әдістемелік тұрғыдан тереңдете жетілдірудің маңызы зор.
Қазақстан мемлекеті алдағы уақытта ғылыми-техникалық прогресті өркендету арқылы нарықтық бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін іргелі ғылыми пәндерді оқыту ісін жетілдіруді білім беру ісінің басты міндеті деп есептейді. Соған байланысты, осы жұмысты орындау барысында физиканы оқытуда оның теориялық тұстары мен оқыту әдісін жетілдіруге, соның ішінде электродинамика бөлімін оқытуға арналған Ефименко В.Ф., Кротов В.М., Сүлеймен С.Д., Снежко М.Я., Перышкин А.В., Пикени А.А. секілді белгілі әдіскерлердің еңбектерінің негізгі бағыттары мен қағидаларына сүйенуді жөн көрдік. Ал Қазақстан және Орталық Азия көлеміндегі Әбілқасымова А.Е., Бабаев Д.Б., Ерматов С.Е., Жаңабергенов Қ.Ж., Кенжебаев Т.К., Косов В.Н., Мамбетакунов У.Э., Чечин Л.М. сияқты танымал әдіскерлердің зерттеулері математика мен физиканы оқытудың сан-салалы мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл жұмыстардың қай-қайсысы да орта мектептегі физика курсын оқытуда оқушылардың танымдық қабілеті мен белсенділігін арттыру жолдарын зерттеудің басты міндеті етіп қоя білген. Бірақ, олардың ешқайсысы электродинамика бөлімін тереңдете оқытуды және осы мәселенің әдістемелік негізін қалауды алдына мақсат етіп қоймаған.
Қазіргі кезеңде физика ғылымының негізінде өрбіген жаңа техникалық бағыттардың (электроника, автоматика, томография, робот техникасы, есептеу машиналары,...) барлығы дерлік электрлік құбылыстарды кеңінен қолдану арқылы ғана бүгінгі деңгейге көтеріле алды. Сондықтан да бұл үрдіс болашақта жоғарғы қарқынмен дами түспек. Осындай күрделі де қиын саланы теориялық тұрғыдан тереңдете отырып, саналы түрде меңгерту және алған білімдерін практикада қолдануға жаттықтыру мектеп қабырғасынан бастап қолға алынуға тиіс. Бұл мәселенің бір саласы- орта мектептегі физика курсының «Электродинамика» бөлімін тереңдете оқыту арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қазіргі таңда мектеп қабырғасында физика курсының «Электродинамика» бөлімін тереңдете оқытуға байланысты бірнеше қайшылықтар туындап отыр:
-пән бағдарламасында қойылып отырған тереңдете оқытуға байланысты туындайтын талаптардың іс жүзінде орындалмауы;
- физиканың «Электродинамика» бөлімін теориялық тұрғыдан тереңдете оқытуға арналған материалдар мазмұнының іріктелмеуі;
- «Электродинамика» бөлімін тереңдете оқытуға мүмкіндік беретін, арнайы дайындалған зертханалық оқу-құралдарының болмауы;
- «Электродинамика» бөлімін тереңдете оқытуға байланысты ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелік нұсқаулардың дайындалмауы;
- мектептердегі білім берудің мазмұны мен оқыту әдістемелерінің дәстүрлі қалыптасқан жағдайдан аса алмай отырғандығы.
Сондықтан аталмыш қайшылықтарды шешу мақсатымен жүргізілген осы зерттеу жұмысының тақырыбын «Мектеп физика курсының электродинамика бөлімін тереңдете оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» деп атауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты:
- мектеп физика курсының «Электродинамика» бөлімінің мазмұнын жан-жақты талдай отырып, оның теориялық тұстарын тереңдету;
- «Электродинамика» бөлімін оқытудың тиімді әдістерін ұсыну;
- «Электродинамика» бөлімін саналы меңгеруді қамтамасыз ететін зертханалық оқу-құралдарын жасау және іс-тәжірибеге ендіру;
- болжам бойынша ұсынылған оқыту әдістері мен зертханалық оқу құралдарының тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер білім беру саласы бұрыннан қалыптасып келген дәстүрлі мұғалім-оқу құралы-оқушы парадигмасынан оқушы- информациалық орта- мұғалім парадигмасына ауысатын болса, яғни алдыңғы орынға оқушының білімді саналы игеру әрекеті қойылса, «Электродинамика» бөлімі теориялық тұрғыдан тереңдетіліп, оны оқытудың белсенді әдістерін саралап, тиімді оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың физикалық білімінің деңгейі көтеріліп, олардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыруға болады.
Зерттеу нысаны: орта мектептерде физика курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: орта мектеп физика курсының электродинамика бөліміне теориялық тұрғыдан дифференциалдық түрде талдау жасай отырып, тереңдете оқыту үрдісі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі физиканың негізгі заңдылықтары мен қағидаларының орындалуына, олардың арасындағы табиғи байланыстарды, әрбір заңның физикалық мәнін және қолдану аясын терең, жан–жақты ұғып түсіну мен меңгерудің танымдық теориясына, оқушының білімге бейімделуін және оны игеруінің психофизиологиялық теориясына, педагогикалық теория мен практиканың ажырамас бірлігіне, ғылым мен техниканың даму бағытын айқындаудың философиялық қағидаларына сүйеніп құрылады.
Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамының негізінде оның басты міндеттері айқындалады:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Зерттеудің теориялық және іс жүзіндегі құндылығы:
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі педагогикалық экспериментке қатысқан оқушылардың білім деңгейінің өсуімен, дайындалған зертханалық және оқу-әдістемелік құралдардың оқу үрдісіне кеңінен қабылданып, мақұлдануымен, зерттеу нәтижелерінің педагогикалық ғылымның негізгі қағидаларына сәйкестігімен, зерттеу барысында тереңдете оқытуға ұсынылған жаңа ұғымдардың физиканың базалық мазмұнымен үйлесімділігімен анықталады.
Зерттеу базасы: зерттеу жұмыстары Абай атындағы қазақ ұлтттық педагогикалық университеті, Ө.Жаутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты, Алматы облысы, Қапшағай қаласы №9 Қосқұдық орта мектебі, Алматы қаласы, №139 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия, Ғ.Мүсрепов атындағы №86 мектеп-гимназия, №104 жалпы білім беретін мектептерде жүргізілді және оған аталмыш оқу орындарының 250-ден астам оқушылары қатыстырылды.
Зерттеу үш кезеңнен тұрды. 1-кезеңде (2001-2003) негізгі орта мектептерде жалпы физика курсын және электродинамика бөлімін оқыту мәселесіне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған теориялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік еңбектерге саралау жүргізу арқылы зерттеу жұмысының бағыт-бағдары, мақсаты мен болжамы және басты міндеттері белгіленді.
2-кезеңде (2003-2006) физика курсының электродинамика бөлімінің оқулықтардағы мазмұны, құрылымы талданып, олардың жетістіктері мен кемшіліктері айқындалды. Теориялық тұрғыдан тереңдетілген жаңа материалдарды оқушыға жеткізудің жолдары мен әдіс-тәсілдері баспа сөз арқылы жарыққа шығарылып, талқыланды.
3-кезеңде (2007-2009) жоғарыда көрсетілген орта мектептерде педагогикалық тәжірибелер жүргізіліп, оның нәтижелері саралаудан өткізіліп, оқу үрдісіне енгізілді және диссертациялық жұмыс рәсімделді.
Зерттеудің мақұлдануы және практикаға енгізілуі. Диссерттациялық жұмыстың материалдары келесі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда тыңдалды және талданып мақұлданды:
6- х./а. конф. Алматы, 2009.
Жұмыстың құрамы және көлемі. Диссерттациялық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыста 36 сурет, 4 кесте, 1 фотосурет келтірілген.
Диссертациялық жұмыстың материалдары бойынша 17 еңбек жарық көрді. Олардың ішінде 8 жұмыс- ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестациялау комитетінің тізіміндегі басылымдар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың «Мектеп физика курсы электродинамика бөлімінің теориялық негіздері»- деп аталатын 1-бөлімінде қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогресті дамытудың барлық бағыттарына физика ілімінің қосатын үлесі ғылыми тұрғыдан талданған. Физика зат пен өрісті материя айналымын бір–бірінен ажыратуға болмайтын бірлікте қарастырады. Соның негізінде физиканың қазіргі кезеңдегі ашылған теориялары мен түрлі табиғи заңдылықтары адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Бұл заңдылықтар мен теориялар гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз деп аталатын төрт түрлі іргелі физикалық әсерлесу арқылы байланысып жатыр. Орта мектептегі физика пәнін оқытудағы басты мақсат-осы заңдылықтар мен әсерлесулерді оқушыға тиянақты түрде, терең деңгейде түсіндіру және меңгерту, сол арқылы оқушының әлемнің біртұтастығы туралы дұрыс ғылыми көзқарасын қалыптастыру.