Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 18:44, практическая работа

Краткое описание

А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады. Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

өзін өзі жетілдіру.docx

— 157.34 Кб (Скачать документ)

Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

 Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шы-ғармашылық қасиеттері, мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім, ойлау процесімен тығыз байланысты болады.

А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады. 
Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз. 
Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. 
Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет: 
- ойынның оқушыларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы; 
- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді; 
- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы; 
- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс; 
- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі; 
- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы. 
Ойын барысында оқушы өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді. 
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, мұғалімнің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады. 
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі. 
Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы: 
Қабат-қабат киінген, 
Жұмырланып түйінген. 
Доп-домалақ көк допты, 
Күнде көрем үйімнен. 
Ол қандай зат, балалар, 
Сорпасы тіл үйірген?  
(қырыққабат) 
Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны. 
Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын.  
Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы. 
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын. 
І. Математика 
1. Санды сызып таста (кесте) 
2. Суреттегі геометриялық пішінді ата. 
3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты?  
4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема) 
5. Теңгемен жұмыс 
6. «Сипат тап» ойыны 
ІІ. Сауат ашу 
1. «Кім жылдам?» 
2. «Әріптер жарысы». 
3. Әріптерден сөз құрастыр 
4. «Дыбыстар болған екен» 
5. Мына заттар қандай әріптерге ұқсайды? 
6. Шөптің арасындағы әріптерді тап. 
7. Телефон арқылы сөздерді табу. 
Сабақ барысында «Сандар туралы» 
1 саны: Сан бір цифрынан басталады, күн біреу, ой біреу, жер біреу. 
2 саны: Екі санындағы көрініс, әке мен шеше, ұл мен қыз, күн мен ай. 
3 саны: Үш саны мықты, жараңдар, үшінші орын тұрағы, үлікті қосып тұрады. 
4 саны: Үштен кейін төрт болар, 
Бір жылда төрт мезгіл бар: Қыс мезгілі күн суық, ақ қар жатыр, жер жауын. 
Көктемде келер жер жаңа, Егейін егін далаға. 
Жазғытұрым күн ұзақ, Аптап тұрар күн шуақ.  
Алтын күз бізге берер нұр, Жеміс-жидек пісіп тұр. 
5 саны: Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші, 
Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші, 
Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші, 
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші, 
Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші. 
6 саны: Алты саны-ұлық па, 
Ұқсас өзі құлыпқа. 
Алты саны, ол-алтау, 
Бестен кейін келеді, 
Тапқыр бірден біледі. 
Саны: 1 аптада жеті күн бар: 1-ші күн – дүйсенбі, 2-ші күн - сейсенбі, 3-ші күн - сәрсенбі, 4-ші күн - бейсенбі, 5-ші күн - жұма, 6-шы күн - сенбі, 7-ші күн – жексенбі. 
8 саны: Қараңдаршы көз тігіп, 
Сегіздікте - қос жүйрік. 
Бас аяғы жоқ оның,  
«8» саны, ал біліп. 
Көзілдірік ол білсең 
Жүрер көзге ел іліп. 
9 саны: Тоғыз алты сияқты білмегенге,  
Құйрығы бірақ қарап қалған төменге. 
10 саны: Тоғызға бір қосамыз,  
Он санын енді тосамыз. 
Қос таңбаны кім білсе, 
Олар бір мен дөңгелек. 
0 саны: Кетсе бәрі дөңгелеп, 
Ұшып, қонып, не керек? 
Жоқтығын заттың білдірер 
Қояйық нолді ертерек. 
Тура және кері сандарды санау: 12345678910-10987654321 
Бұл ойын оқушылардың танымын арттырып, жақсы көңіл-күй тудырып, ой-өрісін да-мытып, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады. 
Міне, баланы ойната отырып тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру қазіргі кездегі заман талабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР ТОПТАМАСЫ  

 

 

                                                                                       «Ойнай  білмеген, ойлай да білмейді»                                                          

                                                                Халық даналығы   

XXI- ғасыр білімділер ғасыры  болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға  сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру  мемлекетіміздің алға қойған  аса маңызды міндеті болып  тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы  дәні – мектепке дейінгі тәрбие  ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың  ықыласы мен мейірімінен нәр  алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Ойынның маңызы:

Тәрбиеленуші  үшін

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға  қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,      

 артады, тұлғалық қасиеттері  қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:   

 Ойын түрінде оқыту  жалықтырмайды, оқушы білімінің  сапасын          

 арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін  

 Бала бойындағы жағымсыз  қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді

Мен  мектептегі шағын орталықтың меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған  көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.

1) Есте сақтау  қабілетін дамытуға арналған  ойындар      

Төрт құбылыс    

 Балалар шеңбермен  тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын  алдына созады, «ауа» десе жоғары  көтереді, «от» дегенде екі қолын  айналдырады, «жер» дегенде қолдарын  түсіреді. Кім шатасса ойыннан  шығарылады.      

Көңілді шеңбер  

 Балалар шеңбер жасап  отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар  көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші  отырған балаларға әр түрлі  заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.      

Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.     

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.    

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.            

көктем – жаңбыр           

 жаз  – күн шықты           

 аспан  – бұлт            

 жер  – шөп 

 

2)      Қиялды дамытуға арналған ойындар 

 

Менің көңіл-күйім қандай 

 Балалар өз көңіл-күйлеріне  сәйкес келетін суретті тауып  атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі  өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес  болған жайды әңгімелеп береді.

Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қиял жалғасы

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды 

 

 

       

3)  Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным   Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.     

Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан  биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

-пышақ та, әйнек те...(өткір)     

Ойлан да аяқта 

-       Ат шабады, ал қарлығаш... 

-       Ит үреді, ал қарға...

-       Жылан жорғалайды, балық...    

Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс. 

Қара – 

Күн – 

Аласа –  

4)   Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ине мен жіп  Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады. 

 

Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.

Айлардың аттарын ата

Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Не үлкен Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Сиқырлы қапшық Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

5)   Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар     

Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.       

Құлақ-мұрын  Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.       

Өз орныңды тап  Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.       

Дайын бол  Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.      

 Зейінді  бол  Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 

6) Шапшаңдық дамытуға  арналған ойындар

Көпір . Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.

Шырмауық Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:  Ойын басқарушы: Аш қасқырым, ап, деп айналдыру бағытын өзгертеді

Асау мәстек. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5-2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөренені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардьщ санына шек қойылмайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:  Ойынды басқарушы ойыншыларды шақырып:                                                                                                                           Ер екенінді білейін,                                                                                                                               Ешкі сойып берейін.                                                                                                                           Тақия алсаң еңкейіп,                                                                                                                     Кұламасаң теңкейіп,                                                                                                                        Ерлігіңе сенейін, 

Информация о работе Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту