Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 22:56, реферат
Ойлауды сөйлеу іс-əрекеті ретінде қабылдау, біз үшін үйреншікті емес. Егер ойлауды адамның өзімен-өзі сөйлесуінің бір түрі деп қарасақ, онда ойлау тілдесуді аныктайды деп қараған дұрыс.
Ойлау негізінен адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының алдында болады. Ол сөйлесу іс-əрекеті жазудың немесе сөйлеудің дұрыс өтуін алдын-ала тексеріп дайындайды, яғни ойлау, сөйлеу іс-əрекетінің алғашқы шарты болып табылады. Ойлаудың негізгі қасиеті мынада: "Ой-мағыналық байланыс, кез-келген ой бір нəрсені екінші нəрсемен байланыс тыруға, бір нəрсемен екінші.
I.Кіріспе
Ойлау мен сөйлеу туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1 Ойлау мен сөйлеудің биологиялық және әлеуметтік жағдайларның орны
2.2 Ойлау мен сөйлеудің дамыту әдістері
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Астана медицина университеті» АҚ
«Неврология жалпы және психология» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Ойлау мен сөйледің даму кезеңдері. Ойлау мен сөйлеудің дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың орны.
Орындаған: Амит Қ.З.
Қабылдаған: Исимова А.Е.
Тобы:101МІ
Астана 2014 жыл
Жоспары
I.Кіріспе
Ойлау мен сөйлеу туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1 Ойлау мен сөйлеудің биологиялық және әлеуметтік жағдайларның орны
2.2 Ойлау мен сөйлеудің дамыту әдістері
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сөйлеу іс-əрекеті ауызекі сейлеу, тыңдау, оқу, хат түрлері арқылы жүзеге асырылды.
Бұл сөйлеу іс-əрекетінің түрлері адамдардың ауызша қарым-қатынас жасауының негізгі түрі ретінде кұралады.
Ойлауды сөйлеу іс-əрекеті ретінде қабылдау, біз үшін үйреншікті емес. Егер ойлауды адамның өзімен-өзі сөйлесуінің бір түрі деп қарасақ, онда ойлау тілдесуді аныктайды деп қараған дұрыс.
Ойлау негізінен адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының алдында болады. Ол сөйлесу іс-əрекеті жазудың немесе сөйлеудің дұрыс өтуін алдын-ала тексеріп дайындайды, яғни ойлау, сөйлеу іс-əрекетінің алғашқы шарты болып табылады. Ойлаудың негізгі қасиеті мынада: "Ой-мағыналық байланыс, кез-келген ой бір нəрсені екінші нəрсемен байланыс тыруға, бір нəрсемен екінші.
Егер сөйлеушінің пайымдауынша, мысалы: "маған үлкен қалада өмір сүрген ұнамайды,ауылға барайықшы", немесе керісінше, "менің ауылда өмір сүргім келмейді, калаға барайықшы" дегенде екі индивидтің қарым қатынасында түрлі процесстер жүзеге асырылып отыр, сондықтан да бұл қарапайым эмприкалық түсінік сияқты, ал шын мəнінде оны түрлі проекцияларға ажырату керек. Бұлар əр түрлі пəндер болғандықтан, өзінің біртекті заңдарына бағынады. Бұған жеке психикалық тұрғыдан жақынырақ келгенде, бұл мəселе шешілмейді, бізді сөйлеу əрекетінің тарихи-мəдени шешіміне алып келеді. Тек осы тұрғыдан алғанда ғана индивидтердің өзара қарым-қатынасы мен іс-əрекетін бір бүтінге айналдыруға болады.
Мəдени - тарихи іс-əрекетті оның құрылымы түрінде əртекті жəне үнемі өзгермелі элемент ретінде түсіндіруге болады.
Негізгі бөлім
2.1.Ойлау мен сөйлеудің биологиялық және әлеуметтік жағдайларының орны
Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады.
Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер.Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мың жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.
Адамның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады. Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана. Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін. Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады. Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну – филогенез,тарихи процесс.
Әлеуметтенудің мазмұнына ұқсас басқа да түсініктер бар. Олар: «тәрбие» мен «адаптация».
Тәрбие – стихиялы процесс,әлеметтену одан кеңірек.
Адаптация – бейімделу, әлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес.
Адаптацияның екі түрін: психофизиологиялық және әлеуметтік психологиялық деп ажыратуға болады.
Әлеуметтенудің алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:
1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) бала әлемі тез айналасына ғана шоғырланады;
2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды;
3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық топтағы ата-аналарға симпатиясы пайда болады. З.Фрейд осы сезімге байланысты дау-дамайды, ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.
З.Фрейдтің пікірінше, негізгі тұлғалық сипаттар осы кезеңде қалыптасады. Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.
Француз ғалымы Г.Тарда пікірінше, әлеуметтенуге мыналарды ендіреді:
1)еліктеу;
2)ұқсастыру;
3)басқару.
Дегенмен,бұл механизмдер барынша бай және әр түрлі. Тұлғаның әлеуметтенуі түрлі қарым-қатынас түрлері (көпшілік, топтық, тұлғааралық, іскерлік, формальды емес),көпшілік ақпараттық құралдар, мәдениет әсері арқылы жүзеге асады.
Интонация арқылы адамның қандай көңіл-күйде тұрғанын, сөйлеушіге қарым-қатынасын, оның мінезін, тіптен мамандығын да аңғаруға болады. Интонация сөздің синтаксистік реті, лексикалық құрамы және стилистикалық ерекшеліктерімен бірге қосылып, небір уақыт ішінде дауыс кідірістері мен екпін арқылы бөлшектенген негізгі тонның ең жоғарғы шамасы, дауыс күші мен ұзақтылығы тәріздес параметрлердің өзіндік дыбыстық құрылымы қалпында қабылданады. Интонация сезімнің құлаққа шалыну (есту) түйсіктерінде қандай болмасын коммуникативтік мәнге ие болған сөз әуені, дауыс реңкі, айтылу қарқыны мен ырғақ сияқты элементтердің құрылымдық бірлігі түрінде беріледі. Сахна тілінің интонациясы да қарым-қатынас жасау жағдаятындағы ерекшеліктер мен айтылған сөздің мағыналық мазмұнына қатысты анықталады. Қазақ тіл білімінде интонология саласында жазылған бірқатар еңбектер болғанымен, сахна тілінің интонациясының дискурстық сипаты суперсегменттік фонетика тұрғысынан қарастырылмаған. сөйлеушінің сезімін, ішкі ойын жеткізуге септігін тигізетін тілдік емес әрекеттерді (ым, қимыл, түрлі қозғалыс-әрекеттер, мимика, жест) тыңдаушыға, көрерменге сөзі түсінікті болу үшін сөйлеу әуенімен сабақтастыра отырып, дискурстағы актерлердің бет-пішіндерінің қозғалысы, жестері, ойды жеткізу кезіндегі орнығым түрленімдері ақпарат«Құрылымы әлдеқайда күрделірек көркем шығарма дискурсының басты қызметі – эстетикалық ықпал етіп, адресат санасының интеллектуалдық- эмоциялық тұстарына қозғау салу» [9, 208 б.]. Дискурстың бастауы, ортасы және соңы болатыны белгілі. Сахна тіліндегі дискурс дайындықсыз еркін түрде жүзеге аспайды. Сахна тілі эмоция мен экспрессияға бай болып келеді. Драмалық шығарманың мазмұндық ерекшелігіне орай әр түрлі мақсаттағы сөйлеу актілері жүзеге асады. Сахнадағы дискурста сөйлеуші де, тыңдаушы да, көрермен де, сөйлеу жағдаяты да бар. Дискурстағы сөйлеуші мен тыңдаушының қарым-қатынасындағы сөйлеу мақсатының жүзеге асуы кешенді түрде болады.ты жеткізуде және қабылдауда үлкен рөл атқарады.
ПСИХОДИАГНОСТИКА
Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін арналған «Психодиагностика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен оқыту формасына сәйкес берілген дисциплинаның негізгі бөлімдерінен тұрады. Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін, мәні бар бөлімдерге ерекше көңіл бөлінген .
Пререквизиттер:
Бұл пәнді оқуға дейін студенттер тұлға психологиясы және тұлғаралық қатынастар психологиясы бойынша теоретикалық бағыттар мен концепциялармен таныс болу керек. Сонымен бірге алынған нәтижелерді сандық өңдеу барысында қажет болып келетін статистикалық өңдеу әдістемрімен танысып өткендері жөн.
Постреквизиттер:
«Психодиагностика» пәнін оқытып болғаннан кейін студенттердің бойында психодиагностика ғылым және практикалық іс әрекет ретінде екендігі туралы түсініктер қалыптасу керек және психодиагностикалық инструментарийді қолдануға қатысты кәсіби позиция дамдаму үшін ықпал ету керек.
Пәнге қысқаша сипаттама:
Психодиагностика – негізгі пәндік мазмұны психологиялық диагноз қою болып келетін психологиялық ғылым саласы мен психологиялық практиканың түрі. Сөйтіп, психодиагностика тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін бағалайтын және өлшейтін теорияны, принциптерді және құралдарды құрастырумен айналысады, бұл адам психологиясы туралы академиялық түсініктер мен оны зерттеу шынайылығы арасындағы айырмашылықты жеңуді қамтамасыз етеді.
Психодиагностика негіздері бойынша білімдер психологиямен іргелес саладағы мамандарға, соның ішінде әлеуметтік жұмыскерге салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында тұлғаны, тұлғаралық қатынастарды, қандай да бір іс әрекет тиімділігін толықмәнді және сенімді зерттеу үшін, олардың дамуын болжау мен реттеу үшін қажет болып келетін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері, процесстері мен қалыптары туралы мәліметер алуға мүмкіндік береді.
«Психодиагностика» курсының бағдарламасын меңгеру нәтижесінде студенттер психодиагностикалық жағдайдың табиғатын түсінумен, белгілі бір әдістердің және әдістемелердің сапалы ерекшеліктерімен және беретін мүмкіндіктерімен, психодиагностиканың этикалық нормаларын ұстанумен байланысты сұрақтарда сенімді түрде бағдар жасай алу керек.
Берліген курс тыңдалған соң студент келесі жайларды меңгереді: - психодиагностиканың негізгі ұғымдары туралы, принциптері туралы, психометрикалық талаптар туралы, әдістер мен әдістемелер туралы білімдерді, оларды қолдану ережелерін;
- дайын психодиагностикалық әдістемелерді қолдана білу ептіліктерін;
- психодиагностикалық әдістемелермен жұмыс жасау дағдыларын.
Тақырып атаулары
1. Психодиагностика ғылыми технология ретінде
1.1. Психодиагностика ілім және практикалық іс әрекет ретінде
1.2. Психодиагностикадағы кәсіби-этикалық принциптер
2. Психодиагностиканың әдістері.
3. Аналитикалық бақылау мен эксперттік бағалаулар
4 Психологиялық тестілеу.
4.1. Тесттер әдісі.
4.2. Тесттік нормалар
4.3.Өдшеу процедурасының сенімділігі мен жарамдылығы
5. Тұлға психодиагностикасы
5.1. Тұлғаның типологиялық сұрақнамалары
5.2. Мотивацияның жеке тұлғалық сұрақнамалары
5.3. Жеке тұлғаны диагностикалаудың проективті әдістері.
6 Тұлға аралық қатынастар мен топтардың психодиагностикасы
7 Білім беру жүйесіндегі диагностика.
7.1. Ақыл-ой даму тесттері
7.2. Жетістік тесттері
8 Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет.
9. Кәсіби консультациялаудағы диагностика.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:
1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию – М., 1996
2. Анастази А.., Урбина С. Психологическое тестирование. СПб., 2002.
3. Блейхер В.М., Крук И.В. Практическая патопсихология – Ростов-на-Дону, 1996
4. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике.-Спб.;ПитерКом.. 1999.-528с,
5. Гуревич К.М. Что такое психологическая диагностика, М.: Знание.1985,
6. Гуревич К.М. Горбачева В.И. Умственное развитие школьников: критерии и нормативы. М,;Знание. 199Е
7. Гудвин И. Измерения в психологии. СПб, Питер, 2004.
8. Дружинин В.Н. Психология общих способностей – СПб.,1999
9. Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. СПб, 2001.
10. Обшая психодиагностика /Под ред.А.А.Бодалева., В.В.Столина, М.,1997.
11. Основы психодиагностики (под ред. А.Г.Шмелева) – Ростов-на-Дону, 1996.
12. Основы психодиагностики (уч.пособие для студентов пед.вузов/Под р е д.. А. Г.Шмелева. Р-на-Д ; Ф е н и к с , 1996.