Неке және отбасы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 14:38, реферат

Краткое описание

Кодексте бірнеше жаңа ұғымдарға арнаулы түсініктер берілген. Кодекстегі оң өзгерістердің бірі – бұрынғы «Неке және отбасы туралы» ҚР заңында некеге тұрғысы келетіндер өзінің не жұбайының немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша ғана өтініш бере алса, қазіргі жағдайда отбасын құруды мақсат еткендер еліміздің кез келген аумағында некеге отыра алады. Қазақстандық азаматтар некелерін тіркеуге электрондық формада өтініш беру мүмкіндігіне де ие болып отыр.

Содержание

Кіріспе
1. ҚР жаңа «Неке және отбасы туралы» Кодексі
2. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3. Неке және отбасы туралы жаңа заңнамасындағы
бала құқығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

неке жане отбасы заңн..docx

— 30.04 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

Кіріспе

 

   1. ҚР жаңа  «Неке  және отбасы туралы» Кодексі

          2. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

          3. Неке және отбасы туралы жаңа заңнамасындағы

               бала құқығы

 

 

         Қорытынды 

         Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚР жаңа  «Неке   және отбасы туралы» Кодексі

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі 2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданып, 2012 жылғы 18 қаңтардан бастап қол­даныс­­қа енгізілді. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңының күші жойылды.

Кодекс 17 бөлім, 33 тарау, 283 баптан тұрады.

Жаңа Кодексте азаматтық  хал актілерін тіркеу тәртібінде, тіркеу мер­зімінде, тіркеуге ұсынылатын құ­жат­тарда біршама жаңалықтар бар.

Кодексте бірнеше жаңа ұғымдарға арнаулы түсініктер берілген.

Кодекстегі оң өзгерістердің  бірі – бұрынғы «Неке және отбасы туралы» ҚР заңында некеге тұрғысы  келетіндер өзінің не жұбайының немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша  ғана өтініш бере алса, қазіргі жағдайда отбасын құруды мақсат еткендер еліміздің  кез келген аумағында некеге отыра  алады. Қазақстандық азаматтар некелерін тіркеуге электрондық формада өтініш беру мүмкіндігіне де ие болып отыр.

Бұрынғы заңның

 

– ерлі-зайыптылардың бірі басқа некеде тұрса;

– жақын туыстар болса;

– бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар арасында;

– сот шешімі арқылы психикалық ауруы бар, ақыл-есі кемдігі салдары­нан әрекетке қабілетсіз деп таныл­ған адамдар араларында неке қиылуға жол берілмейтін бабы бір жынысты адамдардың және асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында неке қиылмайтындығымен толық­тырылған.

Сондай-ақ, неке қию кезінде  ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша  өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосып  ала алады, қосылатын тек некеге дейінгі тегінен кейін сызықша  арқылы жазылады. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат 1 ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыс­тыруға міндетті.

Заңдағы назар аударатын  ерек­шеліктердің бірі – нәресте  дүниеге келгенде оның тууын тіркеу үшін тек емдеу мекемесі берген туу  туралы медициналық куәлік немесе туу  фактісін анықтау туралы сот шешімі негіз болып табылады. Бұрынғы  заң бойынша баланың дүниеге  келуін екі куә растай алатын болса, қазір ана үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық анықтаманы анасының жеке басын куәландыратын  құжат­тарына сәйкес ол өтініш жасаған  медициналық мекеменің қызметкері рәсімдейді.

Туумен бірге қайтыс болуды тір­кеуге де куәлардың айғағы бұдан  былай негіз бола алмайды.

Кодекс бойынша туу  туралы акт жазбасында баланың туған  жері болып тууды мемлекеттік  тіркеу кезін­де қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақ­тық бір­лігінің атауына сәйкес баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі. Мысалы, бала Астанада туса, тууы Ақтоғай ауданының ӘБ АХАЖ қызметінде тіркелсе – баланың туған жері болып – Астана қаласы жазылады.

Кодекстің 63 бабы бойынша  балаға қосарланған ат беріледі, бірақ  ол екі аттан аспауы керек, қосарланған  ат сызықшасыз бөлек жазылады. Мысалы, Мырза Ахмет, Әбіл Мансұр, Ай Ару.

Балаға берілетін туу  туралы куәлікте баланың ата-аналарының азаматтығы жазылатын болды. (Орайы келгенде айта кететін жайт, биылғы, жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2121 қаулысымен бекітілген «Ресми құжаттарға апостиль қою», «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес тууды тіркеуге және апостиль қоюға өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырылуда).

Егер бұрынғы заңда  баланың ата-анасы бір-бірімен  некеге тұрмаса, тууды жазу кітабында  баланың әкесінің тегі-анасының тегі бойынша жазылатын, жаңа Кодексте баланың  әкесі туралы мәліметті анасының тілегі бойынша жазбауға да болады.

Сол сияқты, дәлелді себептермен  адамның аты, әкесінің аты немесе тегі ауыстырылғанда, өзгерту жасалып  отырған адамның өзіне қатысты  жасалған туу туралы акт жазбасына  ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту жүргізілгенін растау үшін өзгерісті тіркеген АХАЖ органы белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік береді.

Кодексте қайтыс болуды тіркейтін  бес күндік, жеті күндік мерзім алынып тасталды.

Заңнамада балалардың құқық­тары кеңейтіліп, бала асырап алудың шарттарына елеулі өзгерістер ен­гізілген, мысалы, 92-бап бойынша бала асырап алушының жасы 45-тен аспауы керек. Балаларды асырап алу бұдан былай асырап алу жөніндегі агенттіктер арқылы ғана жүзеге асырылады, бұл агенттіктер балалар құқықтарын қорғау саласындағы құзырлы органдардан аккредитациядан өтуі тиіс. Бала асырап алу алдымен баланың туыстарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, со­дан соң Қазақстан Республикасымен тең деңгейдегі халықаралық міндеттемелері бар елдің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.

Бұрынғы заңда болмаған «Суррогат  ана болу және қосалқы реп­родуктивтік  әдістер мен технологияларды  қолдану» атты тарау жаңадан енгізілген. 54-бап бойынша суррогат ана болу шарты мемлекетіміздің азаматтық заңнамасы талаптарын сақтай отырып, жазбаша жасалады, ол міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, бала суррогат ананың қалауымен өзінде қалады, ал суррогат ана баладан бас тартса, ол мемлекет қамқорлығына беріледі.

Кодекстегі алимент мәселесіне байланысты жаңалықтардың бірі- алимент  төлеуге міндетті адам Қазақс­таннан  тыс жерлерге уақытша, немесе тұрақты  тұруға кететін кезде, алиментті  төлегенін растайтын құжаттары  болмайынша, оның кетуіне рұқсат берілмейді.

 

 

2. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 

Заңда мынадай ұғымдар  пайдаланылады:

1) неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы

2) жалған  неке - отбасын құру ниетiнсiз заңда белгiленген тәртiппен жасалған және ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызбайтын неке;

3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;

4) неке  жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегi жасы;     Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша  азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын  төмендету қажеттігін туғызатын  себептерді көрсете отырып қозғай алады. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының  келісімімен ғана рұқсат етіледі.

5) балалық  шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйi;

6) мүлiктiң  шарттық режимi - ерлi-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгiленген меншiгiнiң режимi;

7) суррогат  ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiмі. суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу;

8) патронат - уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берiлетiн тәрбие нысаны; Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.

9) алименттер - алуға құқығы бар екiншi адамға бiр адам беруге мiндеттi болатын асырау қаражаты. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.  Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

10) отбасылық  жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерiнiң болуы немесе болмауы;

11) материалдық  жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшерi; мүлiктiң болуы; еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi; отбасының басқа мүшелерiнен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

12) азаматтық  хал актiлерi - адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресiмделген мән-жайлар. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бірін-бірі хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.

13) жақын  туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

14) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған адам;

15) қорғаншылық  (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;

16) репродукциялық  денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;

17) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.

 

3. Неке және  отбасы туралы жаңа заңнамасындағы  бала құқығы

 

52-бап. Баланың  отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

1. Он сегіз жасқа (кәмелетке)  толмаған адам бала деп танылады.

 2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар. Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

53-бап. Баланың  ата-анасымен және басқа да  туыстарымен 

               қарым-қатынас жасау құқығы

  1. Баланың ата-анасының  екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға- інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен)  және басқа да туыстарымен  қарым-қатынас жасауға құқығы  бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы,  оның жарамсыз деп танылуы  немесе ата-анасының бөлек тұруы  баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

  2. Қысыл-таяң жағдайға ( ұсталу , тұтқындалу , қамауға алыну , емдеу мекемесінде болу және т.с.с ) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

54-бап. Баланың  өз пікірін білдіру құқығы

 Бала отбасында өз  мүддесін қозғайтын кез келген  мәселені шешу кезінде өзінің  пікірін білдіруге, сондай-ақ  кез келген сот немесе әкімшілік  іс қарау барысында тыңдалуға  құқылы. Он жасқа толған бала  пікірі, егер бұл пікір оның  мүдделеріне қайшы келмейтін  болса, ескерілуге міндетті. Осы  Заңда (56, 70, 84, 86, 88, 97, 98, 122-баптар) көзделген  жағдайларда қорғаншы және қамқоршы  органдар немесе сот он жасқа  толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

59-бап. Баланың  қорғалу құқығы

   1. Баланың өз құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға  құқығы бар. 

      Баланың  құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы  адамдар), ал осы заңда көзделген  жағдайларда қорғаншы және қамқоршы  орган, прокурор және сот жүзеге  асырады. 

      Кәмелетке  толғанға дейін заңға сәйкес  әрекетке толық қабілетті деп  танылған кәмелетке толмаған  адамның өз құқықтары мен міндеттерін,  оның ішінде қорғалу құқығын  өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.

Информация о работе Неке және отбасы туралы